Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
«Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 120-құжат; № 38, 430-құжат; 2008 ж., № 24, 226-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 49-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 50, 453-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік комиссия өз қызметін Мемлекеттiк комиссияның төрағасы бекітетін, мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша жұмыс органы жасайтын тоқсан сайынғы жоспарлар негізінде жүзеге асырады.
Мемлекеттік комиссияның қарауына шығару үшін ұсынылған мәселелер міндетті түрде мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі. Республикалық бюджеттен қаражат бөлуді көздейтін мәселелер бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен міндетті келісуге жатады.
Мүдделі мемлекеттік органдардың арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, мәселе Мемлекеттік комиссия отырысына шығарылғанға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жетекшілік ететін орынбасарында қаралады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарында қарау нәтижесі бойынша жұмыс органы Мемлекеттік комиссия төрағасының атына осы мәселені Мемлекеттік комиссияның отырысына шығару немесе шығармау туралы хат дайындайды.».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев