Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2012 жылғы 23 тамызда Бішкекте жасалған Түркі мәдениеті және мұрасы қорының жарғысы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 864 қаулысымен
бекітілген
Түркi мәдениетi және мұрасы қорының
Жарғысы
Әзербайжан Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Түркия Республикасының Үкiметтерi, бұдан әрi – «Тараптар»,
Тарихи байланыстар, ортақ тiл, мәдениет және өз халықтарының салт-дәстүрлерiне сүйене отырып;
Түркiтiлдес халықтардың мәдени мұрасын сақтау мен дамытуға байланысты қызметiн жүзеге асыруды маңызды санай отырып;
Түркiтiлдес халықтар арасындағы тарихи және мәдени байланыстарға ықпал ету, екiжақты және көпжақты ынтымақтастықты тереңдетудiң маңыздылығын атап көрсетiп;
2009 жылғы 3 қазанда Әзербайжан Республикасының Нахчыван қаласында Түркiтiлдес елдердiң мемлекет басшыларының IХ Саммитiнiң Түркi мәдениетi және мұрасы қорын құру туралы шешiмiн, сондай-ақ 2010 жылғы 16 қыркүйекте Стамбұл қаласында өткен Түркiтiлдес елдердiң мемлекет басшыларының Х Саммитiнде көрсетiлген қолдауды назарға ала отырып;
Төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап. Түркi мәдениетi және мұрасы қоры
Тараптар осымен Түркiтiлдес мемлекеттердiң ынтымақтастық кеңесi (бұдан әрi – Түркi кеңесi деп аталады) үшiн халықаралық ұйым - Түркi мәдениетi және мұрасы қорын (бұдан әрi «Қор» деп аталады) құрды.
2-бап. Қордың мақсаттары
Қор iс-шараларды, жобаларды, бағдарламаларды қаржыландыру жолымен түркi мәдениетi мен мұрасын қорғайды, зерттейдi және дамытады.
3-бап. Қордың мiндеттерi
Қор жоғарыда аталған мiндеттерге қол жеткiзу мақсатында:
Түркi мәдениетi мен мұрасын сақтау, қорғау, жаңғырту және дамыту үшiн қаражатпен қамтамасыз етедi;
Түркi мәдениетi мен мұрасын қорғауды, жаңғырту мен дамытуға қатысты ғылыми және техникалық мәселелердi шешуге қолғабыс көрсетедi;
Түркi мәдениетi мен мұрасын қорғау, жаңғырту және дамыту салаларында мамандарды дайындауға қолдау көрсетедi;
Семинарлар, симпозиумдар, конференциялар, конгрестер, далалық зерттеулер, сондай-ақ көрмелер ұйымдастыруға қолғабыс етедi;
Электрондық және баспа ғылыми басылымдар мен ғылыми мақалалар дайындауға көмектеседi;
Жарыстарға, фестивальдерге, турнирлерге және т.б. демеушiлiк көрсетедi;
Түркiтiлдес халықтар тұратын аумақтарда дәстүрлi қолөнер және қолданбалы өнерлердi жаңғырту, қолдау және дамытуға септiгiн тигiзедi;
Қолөнершiлер, суретшiлер және басқа да шығармашылық өнердiң қызметкерлерiне зияткерлiк құқықтарын қорғауға көмек көрсетедi.
4-бап. Қордың құрылымы
1. Қор Кеңесi
Кеңес әрбiр Тараптан бiр өкiлден құралатын бақылаушы орган болып табылады. Ол Қордың қызметiн Жарғы мақсаттары мен қабылданған шешiмдердiң орындалуына сәйкес бақылайды.
2. Президент
Президент Қордың басшысы болып табылады. Оған міндеттерін орындауда Хатшылық жәрдемдеседі.
Қор Президентін Түркі кеңесі Мемлекет басшыларының кеңесі (бұдан әрі МБК деп аталады) Қор Кеңесінің ұсынуымен Тараптардың азаматтары қатарынан ротациялық тәртіппен ағылшын тіліндегі ресми атаулары бойынша төрт жыл мерзімге қайта жаңарту негізінде тағайындалады.
Қордың тұңғыш Президентi Әзербайжан Республикасы азаматтары қатарынан тағайындалады.
Хатшылық Тараптардың азаматтарынан құралады және Қордың Президентi тарапынан тағайындалады.
Тараптар Қор Президентi мiндеттерiнiң халықаралық сипатын құрметтеуге мiндеттенедi.
Хатшылықтың орналасу жерi Баку қаласы, Әзербайжан Республикасы.
Қор Президентi Әзербайжан Республикасы Үкiметiмен Қабылдаушы ел туралы келiсiмiне қол қояды.
Қор әрбiр Тараптың аумағында оның мақсаттары мен мiндеттерiн жүзеге асыруға қажеттi құқықтық қабiлеттiлiктi пайдаланады.
5-бап. Рәсiмдiк ережелерi
Қор Кеңесi Тараптардың келiсiмi бойынша Қордың Рәсiмдiк ережелерiн қабылдауы тиiс.
6-бап. Қаржыландыру
Бюджеттi Қор Президентi Түркi кеңесi Сыртқы iстер министрлерi кеңесiнiң (бұдан әрi «СIМК» деп аталады) бекiтуiне дайындайды.
Мiндеттi жарналар Бiрiккен Ұлттар Ұйымына жарғы шәкiлiнен жоғары төлем қабiлеттiлiгiн, сол сияқты өңiрлiк ұйымдарға қазiргi таңдағы жарналарын есепке ала отырып, СIМК-де белгiленедi. Бұл ретте қабылдаушы Тараптың үлесi басқа Тараптардан кем болмауға тиiс.
Қор Президентi келесi жылдың шығыстар сметасын дайындайды және барлық Тараптарға ағымдағы жылдың алғашқы жартысында СIМК-нiң бекiтуi үшiн таратады.
Мiндеттi жарналардың шәкiлi жеке хаттамада көрсетiлетiн болады.
Қорға ерiктi жарналар шектелмейді.
7-бап. Жұмыс тiлдерi
Қордың жұмыс тiлдерi Тараптардың мемлекеттiк/ресми тiлдерi және ағылшын тiлi болып табылады.
8-бап. ТҮРКСОЙ-мен ынтымақтастық
Қор өзiнiң қызметiн ТҮРКСОЙ-мен ынтымақтастықта жүзеге асырады.
9-бап. Жұмыс барысы туралы есеп
Қордың Президентi өзiнiң қызметi туралы есептi дайындайды және Түркi кеңесiнiң Бас хатшысы арқылы МБК-не ұсынады.
10-бап. Дауларды реттеу
Осы Жарғыны түсiндiру және қолдану кезiнде туындауы мүмкiн келiспеушiлiктердi Тараптар консультациялар мен келiссөздер жолымен шешедi.
11-бап. Өзгертулер мен толықтырулар
Осы Жарғыға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Тараптардың өзара келiсiмiмен осы Жарғының ажырамас бөлiгi болып табылатын және осы Жарғының 12-бабында белгiленген рәсiмдерге сәйкес күшiне енетiн жеке хаттамалар түрiнде ресiмделедi.
12-бап. Жарамдылық, күшiне ену және қосылу
Осы Жарғы белгiсiз мерзiмге күшiнде болады және оның күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалуы туралы депозитарийден үшiншi жазбаша хабарламаның алғанынан кейiн отызыншы күнi күшiне енедi.
Осы Жарғы оған қосылған басқа мемлекеттер үшiн ратификациялау туралы тиiстi құжатты депозитарий алғаннан кейiн отызыншы күнi күшiне енедi.
Осы Жарғы оның күшiне енуiнен бастап, оған басқа түркiтiлдес мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық.
Осы Жарғы қосылушы мемлекет үшiн депозитарийдiң қосылу туралы құжат алғанынан кейiн отызыншы күнi күшiне енедi.
13-бап. Шығу рәсiмi
Егер Тараптардың бiрi осы Жарғыдан шығу туралы шешiм қабылдайтын болса, ол осы Тарап үшiн ғана жарамсыз болып қалады. Шығу рәсiмi дипломатиялық арналар арқылы депозитарий Тараптың жазбаша хабарламасын алған күннен бастап, алты ай өткен соң жарамсыз болып қалады.
Шығушы Тарап Қордың мүлкiне құқығынан бас тартатын болады.
14-бап. Депозитарий
Осы Жарғының депозитарийi Әзербайжан Республикасы болып табылады.
2012 жылғы 23 тамызда Бiшкек қаласында әзербайжан, қазақ, қырғыз, түрiк және ағылшын тiлдерiнде бiрдей күшi бар бiр түпнұсқа данада жасалды. Барлық мәтiндер өзара тең болады.
Осы Жарғыны түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, ағылшын тiлiндегi мәтiнi басымдыққа ие болады.
Осы Жарғының түпнұсқа данасы әрбiр қол қойған Тарапқа расталған көшiрмесiн жiберетiн депозитарийде сақталады.
Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Қырғыз Республикасының Түркия Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн