"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектігі анықталған немесе ол жарақат алған жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы № 262 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 12, 131-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 912 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 430-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С.Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысымен бекітілген |
Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.06.2022 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Осы Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 51-бабына сәйкес әзiрлендi және әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Әскери қызметшiге, әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiге (бұдан әрі – әскери міндетті) немесе оны алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы ақшалай өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) төлеу:
1) әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті не әскери қызметтен шығарылғаннан, әскери жиындар аяқталғаннан кейін әскери қызмет өткеру, әскери жиындардан өту кезеңінде алған мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған);
2) әскери қызметшіге немесе әскери міндеттіге әскери қызметін өткеру, әскери жиындарда болған кезеңде немесе әскери қызмет өткеру, әскери жиындар аяқталған кезеңде алған мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан әскери қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл өткенге дейін мүгедектік белгіленген;
3) әскери қызметші немесе әскери міндетті әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде, әскери жиындарда мүгедектiкке әкеп соқтырмаған ауыр мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) немесе жеңіл мертіккен жағдайларда жүргізіледі.
2. Әскери қызметшіге, әскери мiндеттiге немесе оны алуға құқығы бар адамға өтемақы төлеуді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар:
1) Қарулы Күштерде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында, әскери-тергеу органдарында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі;
4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
5) әскери прокуратура органдарында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
6) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен әскери бөлімдерінде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі жүзеге асырады.
3. Өтемақы алу үшін қажетті құжаттар:
1) Қарулы Күштерде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – әскери бөлімдерге (мекемелерге) немесе жергілікті әскери басқару органдарына;
2) Ұлттық ұланда және әскери-тергеу органдарында әскери қызметте тұратын әскери қызметшілер бойынша – әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;
Ұлттық ұланда және әскери-тергеу органдарында әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – жергілікті әскери басқару органдарына;
3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен бөлімдерінде әскери қызметте тұратын әскери қызметшілер бойынша – әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;
азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен бөлімдерінде әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – жергілікті әскери басқару органдарына;
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;
5) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;
6) әскери прокуратура органдарында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге ұсынылады.
4. Әскери жиындардан өтетін немесе өткен әскери міндеттілер бойынша өтемақы алу үшін қажетті құжаттар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әскери қызмет орны бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына ұсынылады.
5. Заңның 51-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда тиiстi құжаттар ресiмделмейдi және өтемақы төленбейдi.
2-тарау. Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алу үшiн қажеттi құжаттарды беру тәртібі
6. Әскери қызмет өткеру кезеңінде әскери қызметші, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) не әскери қызметтен шығарылғаннан, әскери жиындар аяқталғаннан кейін әскери қызмет өткеру, әскери жиындардан өту кезеңінде алған мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтiнiшті;
2) қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесiн немесе хабарламаны;
3) мұраға құқығы туралы заңнамада белгiленген тәртiппен берiлген куәлiкті;
4) мұраға құқығы туралы куәлікте көрсетілген өтемақы алуға құқығы бар адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелерін (жеке куәліктер, балалардың туу туралы куәліктері);
5) әрбір мұрагердің банктік шотының нөмірі туралы мәліметтерді;
6) сот-медициналық сараптама немесе патологоанатомиялық зерттеу қорытындысының көшірмесін ұсынады.
Егер сот-медициналық сараптама немесе патологоанатомиялық зерттеу жүргізілмеген жағдайда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша қайтыс болуы туралы медициналық куәлікті ұсынады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.10.2022 № 826 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін:
1) әскери қызметші немесе әскери міндетті ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімнен (мекемеден) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаза тапқан (қайтыс болған) адамның оқиға болған кездегі ақшалай қамтылымының мөлшерi туралы анықтаманы;
2) әскери қызметшіні, әскери міндеттіні әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығару туралы әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) бұйрығынан үзіндіні;
3) әскери қызмет өткеруге байланысты әскери қызметшiнiң немесе әскери мiндеттiнiң қаза табуын (қайтыс болуын) тергеп-тексеру материалдарын;
4) әскери қызметтен шығарылғаннан, әскери жиындар аяқталғаннан кейiн қайтыс болған адамдарға қатысты әскери-дәрігерлік комиссияның қайтыс болуға әкеп соқтырған мертігудің (жараланудың, жарақаттанудың, контузия алудың), науқастанудың әскери қызмет өткерумен себепті байланысы туралы қорытындысын сұратады.
Бұл ретте әскери қызметшінің қаза табу (қайтыс болу) жағдайы бойынша өтемақы оқиға басталған күннен бастап үш жыл өткенге дейін төленеді және мүгедектіктің белгіленуіне байланысты бұрын төленген өтемақыға қарамастан жүзеге асырылады.
3-тарау. Әскери қызметшiге немесе әскери мiндеттiге мүгедектік белгіленген жағдайда өтемақы алу үшiн қажеттi құжаттарды беру тәртібі
8. Әскери қызмет өткеру кезеңінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшiге әскери қызметін өткеру кезеңінде алған мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан мүгедектiк белгіленген жағдайда ол осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгiленген үлгідегі өтiнiшті;
2) әскери-дәрігерлік комиссияның мертігудің (жараланудың, жарақаттанудың, контузия алудың), науқастанудың әскери қызмет өткерумен себепті байланысы туралы қорытындысының нотариат куәландырған көшірмесін;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін мүгедектігі туралы анықтаманың (бұдан әрі – мүгедектік туралы анықтама) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.
9. Әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін әскери қызметші ақшалай ризықта тұратын (тұрған) әскери бөлімнен (мекемеден) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқиға болған кездегі ақшалай қамтылымының мөлшері туралы анықтаманы сұратады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.10.2022 № 826 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге әскери қызмет өткеру кезеңінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), науқастануы салдарынан әскери қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл өткенге дейін мүгедектік белгіленген жағдайда ол осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті;
2) мүгедектігі туралы анықтаманың нотариат куәландырған көшірмесін;
3) әскери-дәрігерлік комиссияның мертігудің (жараланудың, жарақаттанудың, контузия алудың), науқастанудың әскери қызмет өткерумен себепті байланысы туралы қорытындысының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.
11. Әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін:
1) әскери қызметші ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімнен (мекемеден) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік белгіленген күні қызметтен шығарылған кезден бастап соңғы атқарған әскери лауазымы бойынша ақшалай қамтылымының мөлшері туралы анықтаманы;
2) әскери қызметшіні әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығару туралы әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) бұйрығынан үзіндіні сұратады.
12. Әскери қызмет өткеру кезеңінде мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілеріне, стипендия алатын курсанттарға және кадеттерге, әскери жиындарда болған кезеңде әскери міндеттілерге әскери қызмет өткеру кезеңінде алған мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан мүгедектік белгіленген жағдайда олар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті;
2) мүгедектігі туралы анықтаманың нотариат куәландырған көшірмесін;
3) әскери-дәрiгерлiк комиссияның мертігудің (жараланудың, жарақаттанудың, контузия алудың), науқастанудың әскери қызмет өткерумен, әскери жиындардан өтумен себепті байланысы туралы қорытындысының нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынады.
13. Әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін:
1) мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен, стипендия алатын курсанттарынан және кадеттерден – әскери бөлімнен (мекемеден) әскери қызмет өткергені туралы анықтаманы;
2) әскери міндеттілерден – әскери бөлімнен (мекемеден) әскери жиындардан өткені туралы анықтаманы сұратады.
14. Мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілеріне, стипендия алатын курсанттарға және кадеттерге, әскери міндеттілерге әскери қызмет өткеру кезеңінде алған мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан әскери қызметтен (әскери жиындардан) шығарылған күннен бастап бір жыл өткенге дейін мүгедектік белгіленген жағдайда олар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті;
2) мүгедектігі туралы анықтаманың нотариат куәландырған көшірмесін;
3) әскери-дәрiгерлiк комиссияның мертігудің (жараланудың, жарақаттанудың, контузия алудың), науқастанудың әскери қызмет өткерумен, әскери жиындардан өтумен себепті байланысы туралы қорытындысының нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынады.
15. Әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін:
1) мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінен, стипендия алатын курсанттардан және кадеттерден – әскери қызметшіні әскери бөлім (мекеме) тізімдерінен шығару туралы әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) бұйрығынан үзіндіні;
2) әскери міндеттілерден – әскери бөлімнен (мекемеден) әскери жиындардан өткені туралы анықтаманы сұратады.
4-тарау. Әскери қызметшi немесе әскери мiндетті мүгедектiкке әкеп соқтырмаған мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда өтемақы алу үшiн құжаттарды беру тәртібі
16. Әскери қызметшi немесе әскери мiндеттi әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезінде, әскери жиындарда мүгедектiкке әкеп соқтырмаған мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда ол осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе әскери бөлімдерге (мекемелерге) мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери-дәрiгерлiк комиссияның алған мертігудің (жараланудың, жарақаттанудың, контузия алудың) ауырлық (ауыр немесе жеңiл) дәрежесі туралы анықтамасын ұсынады.
17. Әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе әскери бөлімдер (мекемелер) осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін мынадай құжаттарды:
1) әскери қызмет мiндеттерiн орындау (әскери жиындардан өту) кезiнде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) салдарын тергеп-тексеру материалдарын;
2) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге –әскери қызметші ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімнен (мекемеден) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқиға болған кездегі ақшалай қамтылымының мөлшері туралы анықтаманы қосымша ұсынады.
5-тарау. Өтемақы төлеу тәртiбi
18. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17-тармақтарында көрсетiлген құжаттарды қабылдағаннан кейін келіп түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жолдайды.
Осы Қағидалардың 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17-тармақтарында көрсетiлген барлық қажетті құжаттар алынған күннен бастап eкі ай iшiнде Заңда белгіленген мөлшерде әскери қызметшiлерге, әскери мiндеттiлерге не оны алуға құқығы бар адамдарға өтемақы төлеу жүзеге асырылады.
19. Әскери қызметші қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген, ол әскери қызмет кезеңінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайларда өтемақы есептеу кезінде өтемақының мөлшері оқиға болған кезде соңғы атқарған әскери лауазымы бойынша ақшалай қамтылымының мөлшерін ескере отырып есептеледі.
20. Заңда көзделген өтемақы төлеуден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге 5 (бес) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жолданады.
21. Өтемақы төлеу осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген уәкілетті мемлекеттiк органдардың қаржыландыру жоспарларында көзделген республикалық бюджет есебiнен жүргізіледі.
22. Өтемақыны аудару тұрғылықты жерi бойынша банк мекемелерiнде ашылған алушылардың ағымдағы, жинақ және корреспонденттік шоттарына аумақтық қазынашылық бөлімшесі арқылы жүзеге асырылады.
23. Кәмелетке толмаған алушыға өтемақы төлеу оны тұрғылықты жерi бойынша екiншi деңгейдегi банкте ашылған алушының ағымдағы, жинақ немесе корреспонденттік шотына аудару жолымен ол туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарын, сондай-ақ оның заңды өкiлдерiн бiр уақытта хабардар ете отырып, құжаттар келіп түскен кезден бастап екi ай iшiнде жүргiзiледi.
24. Алушыға өтемақы аударылғаннан кейiн осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiржолғы өтемақыны төлеуге өтiнiштердi тiркеу журналында күнiн, өтемақы сомасын және төлем құжатының нөмiрiн көрсете отырып, тиiсті жазба жасалады.
25. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органдар өз қызметінің ерекшелігін ескере отырып, осы Қағидалардың ережелерін іске асыруға бағытталған нақтылау жөніндегі ведомстволық актілерді қабылдайды.
26. Өтемақы төлеу бойынша туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
Біржолғы ақшалай өтемақыны төлеуге
ӨТІНІШ
Сізден ______________________________________________________________
____________________________________________________________________
(оқиғаның сипаты көрсетіледі) байланысты маған өтемақы төлеуіңізді сұраймын.
Бұдан бұрын _________________________________________________________
(оқиғаның сипаты көрсетіледі)
байланысты біржолғы ақшалай өтемақыны алдым _________________________
(иә, жоқ)
Тиесілі өтемақы төлемін _______________________________________________
(облыс, аудан, қала, алушының тұрғылықты жерінің мекенжайы)
_____________________________________________ аударуыңызды сұраймын.
Банк мекемесінің № ___________________________________________________
Филиал № ___________________________________________________________
Дербес шот немесе ағымдағы шот _______________________________________
_____________________________________________________________ атына
(Т.А.Ә. (бар болса)
Алушының ЖСН ____________________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1. _________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________
3. _________________________________________________________________
4. _________________________________________________________________
5. _________________________________________________________________
6. _________________________________________________________________
______ ж. "__" ___________ Өтініш беруші ______ ___________________
(жылы) (күні) (айы) қолы (Т.А.Ә. (бар болса)
"Бұрыштық мөртабан"
АНЫҚТАМА
____________________________________________________________________
(әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болса)
____________________________________________________________________
(ведомствоның атауы және оқиға болған күні атқарған әскери лауазымы)
______ ж. "__" ______________ бастап ________ ж. "__" _____________ дейін
(күні) (күні)
іс жүзінде қызмет өткеретінін (қызмет өткергенін) растау үшін берілді.
20__жылғы "__" ____________ ақшалай қамтылымы
(оқиға болған күні)
_____________________________________________________________ құрады,
(сомасы жазумен)
оның ішінде:
лауазымдық айлықақысы _____________________________________________
әскери атағы бойынша айлықақысы ____________________________________
Қызметтен шығару себебі (егер қызметтен шығарылған болса):______________
__________________________________________________________________
Анықтама әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға
шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік
белгіленген немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен
жағдайда біржолғы өтемақы тағайындау үшін берілді.
Командир (бастық) __________ ________________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)
М.О.
Қаржы қызметінің бастығы ________ ___________________________________
(бухгалтер) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)
"Бұрыштық мөртабан"
АНЫҚТАМА
___________________________________________________________________
(әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болса)
___________________________, ол іс жүзінде әскери қызмет міндеттерін орындау
кезінде (әскери жиындарда) әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде
____________________________________________________________________
(жарақат алу мән-жайлары көрсетіледі)
________________________ ____________________________________________
(жылы, күні, айы) (ауыр немесе жеңіл, жазумен көрсетіледі)
мертіккені (жараланғаны, жарақаттанғаны, контузия алғаны) жөнінде берілді.
___________________________________ _________________________________
(керексізі сызып тасталсын) (әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде
_____________________________________________________________________
мертігудің (жараланудың, жарақаттанудың, контузия алудың)
сипаты және соны оқшаулау көрсетіледі)
Осыған байланысты 20__ж. "__"_____ бастап 20__ж. "__" _______ дейін
_____________________________________________________________________
(әскери-медициналық мекеменің атауы көрсетіледі)
______________________________________________________ емделуде болды.
Анықтама әскери қызметші немесе әскери міндетті мүгедектікке әкеп соқтырмаған мертіккен
(жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда біржолғы өтемақыны тағайындау үшін берілді.
М.О. Әскери-дәрігерлік комиссияның төрағасы ________ ___________________
қолы (Т.А.Ә. (бар болса)
Біржолғы өтемақы төлеуге өтініштерді тіркеу журналы
Р/с | Әскери атағы | Мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған), науқастанған әскери қызметшінің, әскери міндеттінің Т.А.Ә. (бар болса) | Келіп түскен күні кір. № | Материал қайдан келіп түсті | Залалды (мүгедектік, ауыр немесе жеңіл жарақат) өтеу себебі | Біржолғы өтемақы сомасы | Төлем тапсырмасының № мен күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |