"Байқоңыр" кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 155 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 882 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Байқоңыр» кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 155 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов

«Байқоңыр» кешенiндегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнаулы өкiлi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 155 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Байқоңыр» кешенiндегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнаулы өкiлi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан  Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 155 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 277-құжат,  2008 ж., № 16, 145-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Байқоңыр» кешенiндегi арнаулы өкiлi туралы ережеде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6 Арнаулы өкiл өз қызметін жүзеге асыру кезінде «Байқоңыр» кешенi жөнiндегi Қазақстан-Ресей үкiметаралық комиссиясымен, «Байқоңыр» кешенiнiң үйлестiру кеңесiмен, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттiк органдарымен, мемлекеттік мекемелерімен, ұйымдарымен және лауазымды адамдарымен, сондай-ақ Байқоңыр қаласы әкiмшiлiгiнiң басшысымен, өз қызметiн «Байқоңыр» кешенiнде жүзеге асыратын басқа да мемлекеттердiң органдарымен және ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасайды.»;
      9-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) «Байқоңыр» кешенiндегi қазақстандық мемлекеттiк органдардың, мекемелердің және мемлекеттiк қатысу үлесi бар ұйымдардың «Байқоңыр» кешенінде Қазақстан Республикасы заңдық құзыретінің және Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметiнiң тиiмдiлiгiне талдау жасайды, Қазақстан Республикасының Президентiне және Президент Әкiмшiлiгiне тиiстi ұсыныстар енгiзедi;»;
      5), 8), 9) тармақшалар алып тасталсын;
      11), 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) мемлекеттiк бағдарламалар мен Байқоңыр қаласын, Төретам және Ақай кенттерін әлеуметтік-экономикалық дамыту жобаларының iске асырылуын жалпы үйлестiру мен бақылауды жүзеге асырады;
      12) орталық және жергiлiктi атқарушы мемлекеттiк органдардың «Байқоңыр» кешенiнде Қазақстан Республикасы заңдық құзыретінің және Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарының сақталу мәселелерін қозғайтын шешiмдерiнiң жобаларын келiседі.»;
      10-тармақта:
      11), 12) тармақшалар мынадай редакцияда баяндалсын:
      «11) «Байқоңыр» кешенi жөнiндегі Қазақстан-Ресей үкiметаралық комиссиясының қарауына ұсыныстар енгiзуге;
      12) «Байқоңыр» кешенi жөнiндегi Қазақстан-Ресей үкiметаралық комиссиясының және «Байқоңыр» кешенiнің үйлестiру кеңесi отырыстарының құжаттарын, сондай-ақ Байқоңыр қаласының әкiмшiлiгi басшысының қажеттi нормативтiк құқықтық актiлерiн және Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiне қатысты басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн сұратуға;»;
      мынадай мазмұндағы 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
      «16) Қазақстан Республикасының заңдық құзыретін қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдамағаны үшін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;
      17) Қазақстан Республикасының Президентiне жекелеген адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, тиiстi адамдарға құрметтi және өзге де атақтар беру жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
      18) Қазақстан Республикасы Президентiнің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларын тапсыруға құқығы бар.».
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) өзінің бұрын жарияланған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлықтың іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi                                 Н.Назарбаев

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 155 "Об утверждении Положения о специальном представителе Президента Республики Казахстан на комплексе "Байконур"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2013 года № 882

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 155 «Об утверждении Положения о специальном представителе Президента Республики Казахстан на комплексе «Байконур».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента
Республики Казахстан от 25 июля 2006 года
№ 155 «Об утверждении Положения о специальном представителе
Президента Республики Казахстан на комплексе «Байконур»

      В целях совершенствования системы государственного управления Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 155 «Об утверждении Положения о специальном представителе Президента Республики Казахстан на комплексе «Байконур» (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 27, ст. 277, 2008 г., № 16, ст. 145) следующие изменения и дополнения:
      в Положении о специальном представителе Президента Республики Казахстан на комплексе «Байконур», утвержденном названным Указом:
      пункт 6 изложить в следующей редакции:
      «6. Специальный представитель при осуществлении своей деятельности взаимодействует с Казахстанско-Российской Межправительственной комиссией по комплексу «Байконур», Координационным советом комплекса «Байконур», государственными органами, государственными учреждениями, организациями и должностными лицами Республики Казахстан и Российской Федерации, а также с главой администрации г. Байконыр, органами и организациями других государств, осуществляющими свою деятельность на комплексе «Байконур».;
      в пункте 9:
      подпункт 3) изложить в следующей редакции:
      «3) анализирует эффективность деятельности казахстанских государственных органов, учреждений и организаций с государственной долей участия на комплексе «Байконур» по обеспечению соблюдения юрисдикции Республики Казахстан и конституционных прав граждан Республики Казахстан на комплексе «Байконур», вносит Президенту Республики Казахстан и в Администрацию Президента соответствующие предложения;»;
      подпункты 5), 8), 9) исключить;
      подпункты 11), 12) изложить в следующей редакции:
      «11) осуществляет общую координацию и контроль реализации государственных программ и проектов социально-экономического развития города Байконыр, поселков Торетам и Акай;
      12) согласовывает проекты решений центральных и местных исполнительных государственных органов, затрагивающих вопросы соблюдения юрисдикции Республики Казахстан и конституционных прав граждан Республики Казахстан на комплексе «Байконур».»;
      в пункте 10:
      подпункты 11), 12) изложить в следующей редакции:
      «11) вносить предложения на рассмотрение Казахстанско-Российской Межправительственной комиссии по комплексу «Байконур»;
      12) получать документы заседаний Казахстанско-Российской Межправительственной комиссии по комплексу «Байконур» и Координационного совета комплекса «Байконур», а также необходимые нормативные правовые акты главы администрации города Байконыр и другие нормативные правовые акты Российской Федерации в отношении комплекса «Байконур»;»;
      дополнить подпунктами 16), 17) и 18) следующего содержания:
      «16) вносить предложения о привлечении к ответственности должностных лиц Республики Казахстан за непринятие необходимых мер по обеспечению юрисдикции Республики Казахстан;
      17) вносить Президенту Республики Казахстан представление на награждение отдельных лиц государственными наградами, присвоение почетных и иных званий соответствующим лицам;
      18) вручать по поручению Президента Республики Казахстан государственные награды Республики Казахстан.».
      2. Правительству Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:
      1) привести свои ранее изданные акты в соответствие с настоящим Указом;
      2) принять иные меры, вытекающие из настоящего Указа.
      3. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.
      4. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев