Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов
«Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 155-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Комиссияның жұмыс органы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган болып табылады.»
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев