Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
1) тармақшада:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының халқы мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасау;»;
алтыншы абзац алынып тасталсын;
он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«дарынды жастарды және перспективалық шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;»;
отыз сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне құрметті атақтар мен мемлекеттік наградалар беру, Қазақстан Республикасының шығармашылық ұжымдарын марапаттау туралы ұсыныстар енгізу;»;
отыз тоғызыншы абзац алынып тасталсын;
алпыс үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ұлттық телерадио хабарларын тарату операторының қызметін еркін қолжетімді теле-, радиоарналарын таратуды қаржылай қамтамасыз ету бөлігінде үйлестіру (цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату, сондай-ақ ұқсас телерадио хабарларын тарату арқылы);»;
мынадай мазмұндағы жетпіс үшінші және жетпіс төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«мәдениет саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;»;
2) тармақшаның он бірінші абзацы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов