Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Азия Даму Банкі басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы 47-отырысын өткізу мәселесі бойынша өзара түсіністік туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Азия Даму Банкі басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы 47-отырысын өткізу мәселесі бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 973 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Азия Даму Банкі басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы 47-отырысын өткізу мәселесі бойынша өзара түсіністік туралы меморандум
(2013 жылғы 16 қыркүйекте күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2013 ж., № 6, 62-құжат)
2011 жылғы 17 ақпанда Азия Даму Банкінің (бұдан әрі - АДБ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі - Үкімет) атынан (бірлесіп Тараптар деп аталатын) 2014 жылы АДБ Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы 47-отырысын өткізуге шақыру алғанын назарға ала отырып;
2011 жылғы 6 мамырда АДБ Басқарушылар кеңесі № 351 қарармен аталған шақыруды қабылдағанын назарға ала отырып; және
Үкімет пен АДБ-нің Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы 47-отырысына дайындықты осы отырыстың жоспарланған күніне дейін бастау және әрбір Тараптың осы тапсырмаларды орындаудағы негізгі міндеттерін келісу қажеттілігін мойындайтынын назарға ала отырып;
жоғарыда жазылғанды ескере отырып, Тараптар төмендегілер туралы келісті:
1. Анықтамалар
Осы Өзара түсіністік туралы меморандумда (бұдан әрі - Меморандум) төменде көрсетілген терминдер мыналарды білдіреді:
а. «ілесіп жүретін адамдар» - отырысқа қатысушылардың барлық өзге санаттарымен ілесіп жүретін адамдар;
b. «АДБ Жарғысы» - 1966 жылғы 22 тамыздағы Азия Даму Банкінің Құрылтай шарты;
с. «АДБ персоналы» - АДБ-ға арналған миссияларды орындайтын АДБ Хатшылығы мен сарапшыларды қоса алғанда, АДБ-ның басқарушылары, балама басқарушылары, директорлары, балама директорлары, қызметшілері мен қызметкерлері;
d. «делегаттар» - АДБ мүше мемлекеттерінің өкілдері;
е. «қонақтар» - делегаттардан, БАҚ, ҮЕҰ, және байқаушылардан басқа, отырысқа қатысу үшін АДБ шақырған барлық жеке тұлғалар мен мекеме өкілдері;
f. «БАҚ» - отырысқа қатысу үшін АДБ шақырған, аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері;
g. «отырыс» - АДБ басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы 47-отырысы және кез келген ілеспе кездесулер мен семинарлар;
h. «ҮЕҰ» - отырысқа қатысу үшін АДБ шақырған, аккредиттелген үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғамның басқа да ұйымдарының өкілдері;
і. «байқаушылар» - АДБ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының немесе отырысқа қатысу үшін шақырылған басқа да ұйымдардың өкілдері;
j. «қатысушылар» - АДБ персоналы, делегаттар, қонақтар, бұқаралық ақпарат құралдары, ҮЕҰ, байқаушылар, жеке ассистенттер және ілесіп жүретін адамдар;
k. «жеке ассистенттер» - аудармашылар және отырыста делегаттарға қолдау көрсететін және олармен ілесіп жүретін басқа да адамдар; және
l. «талаптар жөніндегі нұсқаулық» - 2010 жылғы тамызда жарияланған «Азия Даму Банкі басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысы және жыл сайынғы отырыстарды өткізуге дайындыққа арналған Талаптар жөніндегі нұсқаулық». Талаптар жөніндегі нұсқаулыққа қандай да бір өзгерістер енгізілген жағдайда АДБ Үкіметті жазбаша нысанда хабардар етеді.
2. Отырыс күндері
Астана қаласында отырыс өткізу үшін шаралар қолданылатын болады, онда 2014 жылғы 4-5 мамырды қоса алғандағы кезеңде АДБ басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы 47-отырысы өтеді, сол кезде ілеспе кездесулер мен семинарлар мүмкіндігінше 2014 жылғы 2 мамырда басталып, бүкіл отырыс барысында өткізіледі.
3. Үкіметтің міндеттемелері
a. Келудің мәртебесі және рәсімдері
Үкімет АДБ, оның басқарушыларының, балама басқарушыларының, директорларының, балама директорларының, қызметшілері мен қызметкерлерінің, оның ішінде АДБ Жарғысымен берілетін АДБ-ға арналған миссияларды орындайтын сарапшылардың заңды мәртебесін, артықшылықтары мен иммунитетін қабылдауды, атап айтқанда, VIII тараумен растайды және АДБ Жарғысына сәйкес өз міндеттемелерін орындауды жалғастырады. Үкімет келу рәсімін жедел орындауға, оның ішінде оларға қажет болса және отырысты дайындауға қатысуы мен отырысқа қатысуы ұйғарылса, АДБ персоналына виза беруге жәрдемдеседі. Сондай-ақ Үкімет келу рәсімін жедел орындауды, оның ішінде қажет болса, Отырысқа қатысуы қажет болса және қатысуы ұйғарылса, АДБ шақырған қатысушыларға виза беруді қамтамасыз етеді.
b. Артықшылықтар мен иммунитеттер
АДБ Жарғысының VIII тарауында жазылған ережелерге сәйкес:
(1) АДБ-ның мүлкі мен меншігі, олар қайда болса да, кімде болса да тінтуден, реквизициялаудан, тәркілеуден, экспроприациядан немесе алып қоюдың кез келген басқа да нысанынан немесе атқарушы немесе заң шығарушы биліктің актілерін пайдалану құқығынан айырудан иммунитеті болуға тиіс. АДБ мұрағаттарына және тұтастай алғанда, оған тиесілі немесе АДБ-дағы барлық құжаттарға, олар қайда болса да қол сұғылмауға тиіс.
(2) АДБ, оның мүлкі, меншігі, табыстары мен оның операциялары және мәмілелері барлық салықтарды төлеуден және барлық кедендік баждардан босатылуға тиіс.
(а) АДБ кез келген салықтар немесе баждар төлеу, ұстап қалу немесе жинау жөніндегі кез келген міндеттемелерден де босатылуға тиіс.
(б) Бұдан басқа, АДБ Жарғысының 51-бабына сәйкес Үкімет отырыс үшін АДБ немесе оның атынан Қазақстан Республикасына әкелінген немесе одан әкетілген барлық мүлікті әкелуді, әкетуді, оларды баж төлеуден және тінтудің кез келген нысанынан босатуды қамтамасыз етеді1. Мұндай мүлік АДБ Үкіметпен ынтымақтаса отырып дайындаған арнайы тасымалдау заттаңбасымен белгіленетін болады. АДБ арнайы тасымалдау заттаңбасының тиісінше берілуін қамтамасыз етеді.
(3) АДБ персоналы отырыс мақсатында әкелген және АДБ Үкіметпен ынтымақтаса отырып дайындайтын арнайы багаж биркаларымен белгіленген багаж кез келген баждар мен салықтардан босатыла отырып, әкелуге жатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасына әкелу және одан әкету кезінде жедел кедендік ресімделуге жатады.
(4) АДБ персоналын қоспағанда, Қатысушыларға тиесілі жеке багажды әкелу кезінде Қазақстан Республикасына әкелу және одан әкету кезінде жәрдем көрсетілуге және жедел кедендік ресімделуге тиіс.
(5) 2015 жылы АДБ-ның жыл сайынғы отырысы өткізілетін Әзербайжан Республикасының делегаттарына тиесілі және осы отырысқа келесі отырысты өткізумен байланысты әкелінген кез келген багажды Қазақстан Республикасына әкелу кезінде Қазақстан Республикасына әкелу және одан әкету кезінде жәрдем көрсетілуге және жедел кедендік ресімделуге тиіс.
(6) АДБ-мен коммуникация шетел үкіметтерімен ресми коммуникация сияқты қаралуға тиіс.
с. Отырысқа арналып көрсетілетін қызметтер және материалдық-техникалық құралдар
Үкімет отырысты дайындау және өткізу бойынша негізгі құжат ретінде қолданылатын Талаптар жөніндегі нұсқаулықта жазылған талаптардағы кез келген өзгерістерге сәйкес отырыс үшін төменде көрсетілетін қызметтер мен материалдық-техникалық құралдарды қамтамасыз етеді. АДБ Үкіметке Талаптар жөніндегі нұсқаулықтың көшірмесін ұсынды. Үкімет:
(1) қабылдаушы елдің ұйымдастыру комитеті
а) АДБ-мен тығыз ынтымақтастықта жыл сайынғы отырысты ұйымдастыру процесін басқару және үйлестіру үшін ұйымдастыру және жұмыс комитеттерін құрады;
b) АДБ-дегі әріптестерімен бірге күн сайынғы жұмыс үшін техникалық және ұйымдық мәселелер бойынша жұмыс деңгейінде байланыс жасайтын адамдарды тағайындайды.
(2) Өткізілетін орны және тұратын жері
а) Қажеттілігіне қарай және Үкімет пен АДБ арасындағы келісім бойынша өз қаражаты есебінен алаңдар ұсынады, АДБ мен делегаттар үшін өткізілетін орында іскерлік кездесулер үшін офистер мен залдар орнатуды және демонтаждауды жүзеге асырады.
b) АДБ Хатшысының немесе оның үйлестірушісінің ұйғарымдарына сәйкес әртүрлі қонақүйлермен бірлесе отырып, қатысушылар есебінен отырыстың барлық қатысушыларын орналастыру үшін жеткілікті мөлшерде бөлмелер (3 000-ға дейін) дайындайды. Тұрғын үй тиісінше стандартқа сәйкес жайлылықты қамтуға және ақылға қонымды баға бойынша берілуге тиіс. Қатысушылар арасында тұрғын үйді бөлуді АДБ айқындайтын болады.
(3) Көлік қызметтері
Үкімет пен АДБ арасындағы келісім бойынша өз есебінен қатысушыларға жергілікті жерлерде көлік қызметтерін ұсынады.
(4) Жергілікті персонал
Талаптар жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген талаптарды орындауда жұмыс комитетіне көмек көрсету үшін білікті жергілікті персоналды өз есебінен ұсынады.
(5) Материалдар, жабдықтар мен көрсетілетін қызметтер
АДБ-ға өз есебінен АДБ ұсынатын тізімдерге сәйкес іскерлік кездесулер үшін офистер мен залдарға талап етілетін материалдарды, жиһазды, жабдықтарды, коммуналдық қызметтерді (суды, электрді, желілік біріктірулерді қоса алғанда), байланыс құралдарын және көрсетілетін қызметтерді ұсынады. Тұтастай алғанда, бұл талаптар Талаптар жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес келуге тиіс. Алайда, модельдері мен саны талаптарға сәйкес келуі үшін қажет болған кезде өзгертілуі мүмкін.
(6) Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және денсаулықты сақтау жөніндегі шаралар
(а) Өз есебінен:
отырыс өткізілетін әрбір орынға өртке қарсы қорғаныс және жедел жәрдем қызметін ұсынады; және
әрбір өткізілетін орында 2014 жылғы 2-5 мамыр аралығында немесе қажет болған кезде одан кешірек күн сайын сағ. 7.00-ден бастап 22.00-ге дейін терапевт және білікті медбикемен медициналық пунктті ұсынады; медициналық пунктте күннің терапевт болмаған бөлігі ішінде шақырту бойынша терапевтің болуын қамтамасыз етеді; жыл сайынғы отырыс өткізілетін кезең ішінде қатысушылар үшін басқа да медицина мамандарының болуын қамтамасыз етеді; және
2014 жылғы 2-5 мамырды қоса алғандағы кезең ішінде бөлінген қонақүйлер мен әуежайда шұғыл медициналық жәрдемнің тиісті заттарының болуын қамтамасыз етеді.
(b) Қатысушылардың әуежай, бөлінген қонақүйлер және жыл сайынғы отырыстың ресми іс-шараларын өткізу орындары сияқты белгіленген орындарға қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін және жыл сайынғы отырыс өткізудің бүкіл кезеңі ішінде қатысушылардың қауіпсіздігін және олардың мүлкі мен АДБ мүлкін сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
(7) Сақтандыру
Отырыстың барлық кезеңіне осы Меморандум шеңберінде не өзін-өзі сақтандыру жолымен не жеке сақтандыру компанияларының көрсетілетін қызметтері арқылы материалдық-техникалық құралдар мен көрсетілетін қызметтерді жабу үшін АДБ-ға қолайлы азаматтық жауапкершілікті толық сақтандыруды (автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершілігін сақтандыруды қоса алғанда) жүргізеді.
(8) Отырыс жабдығын, құжаттары мен материалдарын тасымалдау және сақтау
АДБ жүктерін шешуді және әкелінетін пукттен Астана қаласы бойынша өткізілетін жерге орналастыруды қоса алғанда, тасымалдау және сақтау құнын төлейді.
Кері жөнелту үшін буып-түюді және іс-шара өткізілетін орыннан жөнелтілетін пунктке тасымалдауды қоса алғанда, тасымалдау шығыстарының құнын төлейді.
(9) Жол қозғалысы
Отырыс өткізілетін орын мен Қатысушылардың көпшілігі тұратын бөлінген қонақүйлер арасындағы көлік ағынын жылдамдату үшін барынша күш-жігер жұмсайды.
____________
1Мұндай мүліктің барлығы рентген сәулелеріне түсіріледі, бірақ АДБ-ның келісімінсіз ашылмайды.
4. АДБ міндеттемелері
АДБ:
а. АДБ персоналының офистеріндегі және АДБ ұйымдастыратын кездесулердегі жұмыс үшін персонал ұсынады;
b. Үкімет ұсына алмайды немесе ұсынбауға тиіс деп келісілгендерге қатысты немесе Талаптар жөніндегі нұсқаулықта көрсетілгені сияқты белгілі бір материалдарды және жабдықтарды ұсынады;
c. почталық хат-хабарға, телеграф арқылы хабарлауға, факсимильге және тасымалдауға, сондай-ақ деректер мен факсимиле беру үшін АДБ-ға жалға берілген желілер үшін нақты шығыстарды қоса алғанда, АДБ бастамашылық жасаған коммуникацияға ақы төлейді;
d. АДБ ұйымдастырған іскерлік байланыстар мен қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған іс-шараларға ақы төлейді;
е. АДБ жүктерін әкелінетін пункттен Астана қаласына және одан Манила қаласына тасығаны үшін жүктерді сақтандыру және егер қолданылса, теңіз сақтандыруы бойынша барлық шығыстарды төлейді; және
f. мұндай зияндар мен залалдар қалыпты тозудан немесе АДБ бақылауынан тыс жағдайлардан немесе Үкіметте жұмыс істейтін адамдардың әрекетінен орын алған жағдайларды қоспағанда, отырыс уақытында пайдалану үшін АДБ иелігіне Үкімет ұсынған үй-жайларға, жиһазға, жабдықтар мен ғимараттарға келтірілген зияндар мен залалдар үшін, жауапты болады. АДБ отырыс өткізуге байланысты сатып алуы мүмкін осындай қосымша сақтандыру құнын АДБ төлейді.
5. Шығыстарды бөлу
Көрсетілетін қызметтер мен материалдық-техникалық құралдарды ұсыну немесе осы Меморандумда көрсетілген өзге де міндеттемелерді орындау кезінде келтірілген шығыстарды, егер Үкімет пен АДБ өзгеше келіспесе, қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы АДБ басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы 47-отырысын өткізу бойынша шығыстарды бөлу» деген кестеде көрсетілгендей тиісті Тарап өтейтін болады.
6. Жеке демеушілердің қызметі
Жеке тұлға, компания немесе өзге ұйым отырыс шеңберіндегі іс-шараларға байланысты кез келген қаржыландыру, тауарлар немесе көрсетілетін қызметтерін ұсынған кезде Үкімет пен АДБ арасында алдын ала жазбаша келісім қажет.
7. Ақпарат алмасу
Үкімет пен АДБ арасында келісілген өзгеше жағдайларды қоспағанда, Үкімет пен АДБ Тараптардың бірінің сұрау салуы бойынша жыл сайынғы отырысты дайындау үшін қажетті ақпаратпен, оның ішінде хаттамалардың сөздерімен және сценарийлерімен алмасатын болады. Мұндай ақпарат екінші Тарапқа дайындықта кешіктірулерді болғызбау үшін уақтылы ұсынылады.
8. Өкілеттіктер
Осы Меморандумды және жоғарыда жазылғандарға байланысты қажетті барлық іс-әрекеттерді Үкімет пен АДБ Хатшысы немесе олардың тиісті үйлестірушілері атынан Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі орындайды.
Үкімет осы Меморандумға қол қойылғаннан кейін 30 күн ішінде орындалуына Үкімет жауапты болатын тиісті шараларды АДБ-мен үйлестіруге жауапты үйлестірушіні тағайындайды. Осы мақсаттарда оның қажетті өкілеттіктері, ресурстары мен ұйымдастыру құралдары болуға тиіс. Үкімет АДБ-ға ол тағайындалғаннан кейін үйлестірушінің атын хабарлауға тиіс.
АДБ Рок Санданы үйлестіруші етіп тағайындайды. Ол Үкіметпен бірге орындалуына АДБ жауапты болатын шараларды үйлестіруге жауапты болады. Осы мақсаттарда оның қажетті өкілеттіктері, ресурстары мен ұйымдастыру құралдары болуға тиіс.
Тараптардың әрқайсысы бұл туралы екінші Тарапты алдын ала жазбаша хабардар ете отырып, өз үйлестірушісін ауыстыра алады.
9. Толықтырулар
Осы Меморандум Тараптардың алдын ала жазбаша келісуі бойынша толықтырылуы мүмкін. Үкімет пен АДБ осы Меморандумда немесе Талаптар жөніндегі нұсқаулықта ұсынылған кез келген өзгерістер туралы хабарламалардың күні бұрын берілуін қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтасады және шығындарды азайту және отырысты тиісінше өткізуді және ынтымақтастық рухында оған дайындықты қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін болатын күш-жігерлерін жұмсайды.
10. Байланыс арналары
Отырысқа және осы Меморандумға қатысты мәселелер бойынша байланыс арналары мынадай болады:
а. Үкімет:
Почталық мекенжайы: 010000 Республика Қазақстан, Астана қ., Орынбор көш., 8,
«Министрліктер үйі»
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің назарына
Телефон: + 7 (7172) 74-38-01
Факс: + 7 (7172) 74-38-24
Электрондық мекенжайы: info@minplan.kz
b. АДБ:
Почталық мекенжайы: 6 ADB Avenue, Mandaluyong City
1550 Metro Manial, Philippines
Рок Санданың назарына:
Хатшының офисі
Телефон: (+63-2) 632-4444
(+63-2) 632-5999
Факс: (+63-2) 636-2481
(+63-2) 636-2444
Электрондық мекенжайы: annualmeeting@adb.org
11. Жалпы ережелер
а. Үкіметтің осы Меморандумға сәйкес қабылдаған міндеттемелері Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес орындалатын болады.
b. Осы Меморандум ережелерінің біреуі де АДБ Жарғысын толықтырмайды немесе өзгертпейді, АДБ Жарғысында көзделген немесе көрсетілген құқықтарды, иммунитеттерді, артықшылықтарды немесе жеңілдіктерді/босатуларды бұзбайды және шектемейді.
12. Күшіне енетін күні
Осы Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2014 жылғы 30 мамырға дейін қолданылады.
2013 жылғы « » қаласында әрқайсысы ағылшын
тілінде екі түпнұсқа данада жасалды.
Қазақстан Республикасының Азия Даму Банкі
Үкіметі үшін үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Азия Даму Банкі арасындағы
2013 жылғы « »
Азия Даму Банкі басқарушылар
кеңесінің жыл сайынғы
47-отырысын өткізу мәселесі
бойынша өзара түсіністік туралы
меморандумға
қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Азия Даму Банкі басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы 47-отырысын өткізу мәселесі бойынша шығыстарды1 бөлу жөніндегі кесте
Шығыс құжаты |
АДБ |
Қазақстан Республикасының Үкіметі |
|
А. |
САЛЫҚТАРДАН БОСАТУ |
1. АДБ, оның мүліктері, меншігі, табысы мен оның операциялары және мәмілелері барлық салықтар мен кедендік баждарды төлеуден босатылуға тиіс. |
|
В. |
ЖОЛ ЖҮРУ |
1. АДБ персоналына арналған барлық шығыстар |
|
С. |
ПЕРСОНАЛ ЖӘНЕ СЕМИНАРЛАР СПИКЕРЛЕРІ |
1. Манила қаласындағы қызметкерлер, атқарушы ассистенттер және басқа қызметкерлер; |
1. Үкімет Хатшылығының талаптарын қоса алғанда, жергілікті персонал (алайда, АДБ офистерінде жұмыс істеуге талап етілетін жергілікті персоналды қоспағанда); |
D. |
ОФИСТЕР МЕН КОНФЕРЕНЦИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН ҮЙ-ЖАЙЛАР |
Үкімет пен АБД бірлесіп айқындаған өткізу орны; өткізу орнындарын ұйымдастыру; коммуналдық қызметтер мен персонал. |
|
(b) Бизнес сессиялар |
Үкімет пен АБД бірлесіп айқындаған өткізу орны; өткізу орнын ұйымдастыру, коммуналдық қызметтер мен персонал. |
||
(с) Кездесулерге арналған залдар, офистер және іскерлік кездесулер үшін өзге де қызметтер |
Үкімет пен АБД бірлесіп айқындаған өткізу орны; Өткізу орнын ұйымдастыру, коммуналдық қызметтер мен персонал. |
||
E. |
БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ |
1. Халықаралық байланысқа тікелей шығатын телефондардан қоңырау шалу және АДБ офистерінен шетелге факсимиле жіберу; |
1. Үкіметтің Хатшылығынан телефон шалу және факсимиле жіберу; |
F. |
ӨКІЛДІК ШЫҒЫСТАР/ТАМАҚПЕН ЖӘНЕ СУСЫНДАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ |
1. Президент атынан қабылдау (2 000 адам); |
1. Үкімет атынан қабылдау (барлық қатысушылар үшін); |
G. |
ЖЕРГІЛІКТІ |
1. Мыналар: |
|
Н. |
МАТЕРИАЛДАР |
1. Қатысушыларға арналған жалпы ақпарат; |
1. Құрметті қонақтың құттықтау сөзі (1000 көшірме); |
b) Шығыс материалдары |
|||
(i) Офистер үшін |
1. АДБ Кеңсе заттары |
1. Стандартты офистік кеңсе заттары мен қажетті электр шығыс материалдарын қоса алғандағы шығыс материалдары (мысалы, ұзарткыш сымдар, адаптерлер мен жабдықты орнатуға қажетті электр өткізгіштер); |
|
I. |
ЖИҺАЗ ЖӘНЕ ЖАБДЫҚ |
1. АДБ мөрі (пюпитр үшін), сөйлейтін сөзге суфлер, офистен орын алған адамның тегі жазылған табличка, Бас столдағы әрбір |
1. Сахнаға арналған сырты жұмсақ затпен қапталған алты айналмалы кресло; |
(b) Бизнес сессиялар |
1. Офистерде орын алған адамдардың аттары және елдері көрсетілген табличкалар, тұғыры бар балға мен АДБ туы |
1. Үстелге 67 басқарушыны және 674 мүше елден келетін делегациялар басшыларын отырғызу және сегіз адамды Төрағаның үстеліне отырғызу; |
|
с) Офистер |
|||
АДБ офистері |
1. Үстел компьютерлері (255 бірлік) |
1. Басшының үстелдері мен орындықтары сияқты жиһаз бен жиһаздау, жұмыс үстелдері мен орындықтар, сапармен келушілерге арналған орындықтар, әрбір |
|
Қабылдаушы елдің офистері |
Қабылдаушы елдің Басқарушылар кеңесінің Төрағасы және Хатшылығы үшін жиһаздалған және жабдықталған офистер. |
||
(d) Іскерлік кездесулер өткізуге арналған бөлмелер |
|||
Басқарушыларға арналған дөңгелек үстел |
Ел аттары көрсетілген табличкалар |
15 үстел микрофоны бар акустикалық жүйені қоса алғанда, кеңеске арналған басқа да жеке құрылғылар/аппарат құралдары, аудиожазба (техникалармен) |
|
Бір топтағы елдердің кездесуі |
Отырысқа арналған барлық жеке және техникалық құрылғыларымен және керек-жарақтарымен 30-35 адамға арналған отырыс үшін 6-7 зал |
||
Баспасөз-конференциялары және басқа да кездесулер (мысалы, АДБ-ның бұрынғы қызметкерлерінің отырысы, Тынық мұхиты өңірінің дамушы мүше елдерінің (РDМС) отырыстары, елдік үйлестіру жөніндегі отырыстар, Үкіметтік емес ұйымдар форумы, орталық Азия республикаларының (СARs) консультациялық кездесулері, отырыстары, АДБ-Дүниежүзілік Банк-Халықаралық Валюта Қоры пішіміндегі отырыстар |
Отырысқа арналған барлық жеке және техникалық құрылғыларымен және керек-жарақтарымен 100-150 адамға арналған Отырыс үшін 1 үлкен зал; Ілеспе аударма үшін жабдықтар, қажет болатын кезде «басқа да отырыстар» үшін; Қабылдаушы елдің тіліне аудару қажет болған кезде АДБ Президентінің баспасөз-конференциясы үшін ілеспе аудармаға арналған жабдық (делегаттар өз баспасөз-конференциялары үшін ілеспе аударма қызметтеріне ақы төлейді). |
||
Семинарлар/елдік таныстырулар және басқа да кездесулер |
1. Фондық декорациялар; |
АДБ ұйымдастырған семинарлар үшін барлық физикалық, техникалық және аудиовизуалды құрылғылары мен жабдықтары бар, 200-ге дейін адамды орналастыруға арналған отырыстар үшін кемінде 3 үлкен зал және 700 адамға дейін орналастыруға арналған бір зал |
|
(е) Көшіру жабдықтары |
Минутына 350 көшірме басатын жиынтық қуаттылығымен (жалпы қуаттылығы күніне кемінде 100 000 көшірмеге дейін болуға тиіс) қажетті шығыс материалдары бар (мысалы, тонер) жоғары өнімді жылдам істейтін көшіру аппараттары, қапсырмалар қоры жеткілікті жоғары өнімді степлерлер және көшірмелерді түпнұсқамен салыстыруға арналған парақ іріктеуіш машиналар (болжамды қажеттілік - 10 бірлік) |
Қабылдаушы елдің Хатшылығы үшін қажетті шығыс материалдары бар жоғары өнімді көшіру аппараттары (2 бірлік) |
|
(f) Ақпараттық технологиялар |
1. Отырыс залдары үшін қажетті жабдықтарды (отырыстың, басқарушылардың бизнес сессияларының/семинарларының салтанатты ашылуын қоса алғанда), сондай-ақ тестілеу және жөндеу қажет |
||
(g) Өзгелер |
1. Отырыс өтіп жатқан үй-жайлар ішіндегі және жақын арадағы сілтемелер (күн сайынғы іс-шаралар тақтайшасы, бағыт сілтемелері офистер есіктеріндегі сілтемелер, қабат сілтемелері, «шылым шекпеңіз» деген сілтемелер, орналасу схемасы, іс-шаралар сілтемелері, көлік және бағыттағы автобустарға арналған сілтемелер және т.б.) |
1. Отырысқа қызмет көрсетуге арналған |
|
J |
ӘРТҮРЛІ |
1. Гүлдер мен өсімдіктер мынадай орындарда болуға тиіс: |
___________
1 Талап етілетін шығыс баптары мен қызметтердің нақты саны қатысушылар мен АДБ персоналының санына байланысты өзгеруі мүмкін. Сондай-ақ жыл сайынғы отырысты дайындау бойынша Үкіметтің жұмысы барысында қосымша шығыстар туындауы мүмкін.
2 Нақты саны отырыс уақытындағы мүшелер санына байланысты болады.
3 Егер құрметті қонақ немесе төраға ағылшын тілінен өзге тілде сөйлейтін болса, барлығы 1 800 құлаққап қажет, басқа жағдайда кемінде 750 құлаққап жеткілікті болады.
4 Нақты саны отырыс уақытындағы мүшелердің санына байланысты болады.