Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі болып тағайындалсын.
2. «Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 249 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев