РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2013 жылғы 6 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының уақытша еңбек қызметі және Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасы азаматтарының уақытша еңбек қызметі туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 қыркүйектегі № 936 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Босымбекқызы Дүйсеноваға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының уақытша еңбек қызметі және Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасы азаматтарының уақытша еңбек қызметі туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.».
2. Осы қаулы 2013 жылғы 6 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов