Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астанада
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру
және өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 54-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат):
39-1-бапта:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дербес білім беру ұйымдарының қызметіне және (немесе) қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін бюджеттен төленетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы салым болып табылады.»;
2) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Дербес білім беру ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне нысаналы салым нәтижелілігінің көрсеткіштері бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында немесе бюджеттік бағдарламаларында айқындалады.
Дербес білім беру ұйымдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында немесе бюджеттік бағдарламаларында айқындалған, өздерінің қызметіне нысаналы салым нәтижелілігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты болады.».
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар, № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 135-3-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«135-3-бап. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу»;
2) 58-бап мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:
«5-2. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым Салық кодексінің 135-3-бабының 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет және өзге қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.»;
3) 12-тарау мынадай мазмұндағы 135-3-баппен толықтырылсын:
«135-3-бап. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы баптың мақсаттары үшін:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;
2) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен осындай ұйымдардың тізбесіне енгізілген заңды тұлға Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым болып танылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осы баптың 1-тармағында көзделген тиісті қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған ұйым әзірлеген және халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу туралы халықаралық шарт ережелерінің орындалуын бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекіткен тіркеу деректемесінде көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу аяқталатын күн тура келетін салық кезеңдерінен кейінгі салық кезеңдеріне осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
3. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстарына жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығы салынуға тиіс.
4. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алуды жүргізеді. Бөлек есепке алу есепті салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) табыстардың жалпы сомасында осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті қызметті немесе өзге де қызметті жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстардың үлес салмағының жалпы шығыстарын есептеу үшін де қолданылады.
5. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 5-бөліміне сәйкес салық салынатын арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылмайды.»;
4) 150-баптың 3-тармағының 5) тармақшасындағы «жүзеге асыратын ұйымдар жатпайды.» деген сөздер «жүзеге асыратын ұйымдар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жатпайды.»;
5) 387-бап мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:
«3-3. Осы Кодекстің 135-3-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының талаптарына жауап беретін заңды тұлға халықаралық мамандандырылған көрме объектілеріне бөлінген және халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында орналасқан жер учаскелері бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері жер учаскесі немесе оның бір бөлігі (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға тапсырылған жағдайларда қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу аяқталған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды.»;
6) 398-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Осы Кодекстің 135-3-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының талаптарына жауап беретін заңды тұлға халықаралық мамандандырылған көрме аумағында орналасқан халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша мүлік салығын салық базасына 0,1 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді.
Осы тармақтың бірінші абзацының ережелері салық салу объектілері пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілген жағдайларда қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу аяқталған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды.»;
7) 428-баптың 3-тармағының 8) тармақшасындағы «заңды тұлғалардың қолдануға құқығы жоқ.» деген сөздер «заңды тұлғалардың;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қолдануға құқығы жоқ.».
3. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар):
11-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің алтыншы абзацындағы «жоғары білімді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды;» деген сөздер «жоғары білімді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда жұмыс істейтін;
Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылар немесе қатысушылардың қызметкерлері болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды».
4. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар):
1) 60-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша жобалау алдындағы құжаттаманы және жобалау құжаттамасын бір мезгілде әзірлеуге жол беріледі.»
2) 62-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы «тапсырмасына сәйкес әзірленеді.» деген сөздер «тапсырмасына сәйкес;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға берген сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша әзірленеді.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша сәулет жобасын және жобалау алдындағы құжаттаманы бір мезгілде әзірлеуге жол беріледі.»;
3) 63-баптың 3-тармағында:
бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы «тапсырмасына сәйкес әзірленеді.» деген сөздер «тапсырмасына сәйкес;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға берген сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша әзірленеді.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша құрылыс жобасын және жобалау алдындағы құжаттаманы бір мезгілде әзірлеуге жол беріледі.»;
4) 64-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«Осы баптың 4-тармағының талаптары Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрме объектілеріне қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша сараптамалық жұмыстар нарығының субъектілері жүзеге асыратын сараптама жүргізілуі мүмкін.»;
5) 68-баптың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Тапсырыс беруші құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен сараптаманы өткізу міндетті болған жағдайда оның оң қорытындысының (Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрме объектілері үшін жергілікті сараптамалық оң қорытындының) және жер учаскесін таңдау актісінің көшірмелерін қоса бере отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізіле басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға хабарлама жасауға міндетті.».
5. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 15, 81-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 21-1), 21-2), 21-3), 21-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«21-1) халықаралық мамандандырылған көрме – бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
ресми немесе халықаралық шартқа сәйкес халықаралық үкіметаралық ұйым ресми таныған;
екі және одан көп мемлекет көрмеге қатысушы болып табылатын;
көрменің ұзақтығы кемінде алты аптаны құрайтын және алты айдан аспайтын;
өнер туындыларының көрмесі және коммерциялық сипаттағы көрме болып табылмайтын;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған ұйым әзірлеген және халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу туралы халықаралық шарт ережелерінің орындалуын бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекіткен тіркеу деректемесінде көрменің басталу және аяқталу күні көрсетілген көрме;
21-2) халықаралық мамандандырылған көрменің объектілері – мынадай талаптар бір мезгілде сақталған:
халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында орналасқан;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, жалпымемлекеттік, мемлекетаралық немесе өңіраралық маңызы бар қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасында (соның ішінде бас жоспарда) көзделген объектілер тізбесіне енгізілген;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйым бекіткен құжатта көзделген жағдайда, ғимараттар, сәулет объектілері, құрылыстар, инженерлік және көлік инфрақұрылымы;
21-3) халықаралық мамандандырылған көрменің аумағы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға бөлінген жер учаскелері;
21-4) халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушы – заттарды (экспонаттарды) халықаралық мамандандырылған көрмеге қоятын және халықаралық мамандандырылған көрмеде ұлттық секцияларда тиісті елдің мүддесін білдіретін жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ халықаралық шарттың талаптарына сәйкес қабылданатын халықаралық мамандандырылған көрмені өткізудің ішкі қағидаларында айқындалған халықаралық ұйым және жеке немесе заңды тұлға;»;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) қызметінің негізгі нысанасы халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу болып табылатын заңды тұлғаны құрады;»;
3) 28-бап мынадай мазмұндағы 3, 4, 5, 6, 7, 8-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Осы баптың 2-тармағында көзделген талаптар халықаралық мамандандырылған көрмелерге қолданылмайды.
4. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі заңды тұлғаны құрады, оның қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
5. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым өз қызметінің мақсатына қол жеткізу үшін мынадай функцияларды орындайды:
1) халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу кезінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді;
2) халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуге тікелей байланысты білім беру, мәдени және жарнамалық іс-шараларды қоса алғанда, халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрме аумағында орналасқан халықаралық мамандандырылған көрме объектілерінің құрылысын қаржыландыруды қамтамасыз етеді;
3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғысында көзделген өзге де функцияларды орындайды.
6. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдардан Қазақстан Республикасының мемлекеттік және заңнамамен қорғалатын өзге де құпиясын құрайтын мәліметтерді қоспағанда, халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті ақпаратты сұратуға;
2) халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу мәселелерін қозғайтын шешімдер қабылдауға қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде жүрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды олармен жасасқан азаматтық-құқықтық шарттар негізінде оларға ақшалай өтемақы төлеместен, халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруда және өткізуге қатысу үшін волонтерлер ретінде тартуға құқылы.
7. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрменің объектілерін жобалау және салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесіне енгізілген заңды тұлғаларда жатады.
8. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
6. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат):
1) 24-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осындай халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық регламенттерге және олармен үйлестірілген стандарттарда белгіленген талаптарға қайшы келмеген, сапалық көрсеткіштер бойынша қолданыстағы ұлттық стандарттардан төмен болмаған жағдайда, осы баптың 2-4-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуге арналған тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты халықаралық, өңірлік стандарттарға және шет мемлекеттердің стандарттарына қолданылмайды.»;
2) 33-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың ережелері шетелдік сәйкестік сертификаттарына, сынақтан өткізу хаттамаларына, сәйкестік белгілеріне және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуге арналған тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты сәйкестікті растау саласындағы өзге де құжаттарға қолданылмайды.».
7. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінім берген өтініш берушіде техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес келетін мөлшерде қаржылай қамтамасыз етудің болуы туралы талап халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу мақсатында «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінім беретін өтініш берушіге қолданылмайды.»;
2) 10-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу мақсатында «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінім беретін шетелдік заңды тұлғаларға осы баптың 2-тармағының 7), 8), 11) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну туралы талап қолданылмайды.»;
3) 11-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу мақсатында «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінім беретін өтініш берушіге қатысты бұл мерзім бес жұмыс күнінен аспауы тиіс.».
8. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат):
1) 8-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) Қазақстан Республикасында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу шеңберінде келетін көшіп келушілердің жекелеген санаттарының келу және оларды тіркеу тәртібін айқындайды;»;
2) 8-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу шеңберінде келетін көшіп келушілердің жекелеген санаттарының келу және оларды тіркеу тәртібін әзірлейді;».
2-бап. Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1 және 2-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, осы Заңның 1-бабының 1-тармағы 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының
Президенті