Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605
Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 28, 344-құжат; 2008 ж., № 41, 455-құжат; 2013 ж., № 7, 148-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері:
1) киімнен басқа, дайын тоқыма өнімдерінің өндірісі;
2) өзге де тоқылған және тоқыма бұйымдарының өндірісі;
3) теріден және былғарыдан тігілген киімді қоспағанда, киім өндірісі;
4) иіру, тоқыма және өңдеу өндірісі;
5) киімді қоспағанда, тоқылмаған бұйымдар өндірісі;
6) кілем және кілем бұйымдарының өндірісі;
7) ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі;
8) қағаз және қатырма қағаз өндірісі;
9) былғары илеуді және өңдеуді, теріні өңдеуді және бояуды қоспағанда, былғары өнімдерінің өндірісі;
10) жазу қағаздары бұйымдарының өндірісі болып табылады.».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев