"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қарашадағы № 1165 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605
Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 28, 344-құжат; 2008 ж., № 41, 455-құжат; 2013 ж., № 7, 148-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «4. АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері:
      1) киімнен басқа, дайын тоқыма өнімдерінің өндірісі;
      2) өзге де тоқылған және тоқыма бұйымдарының өндірісі;
      3) теріден және былғарыдан тігілген киімді қоспағанда, киім өндірісі;
      4) иіру, тоқыма және өңдеу өндірісі;
      5) киімді қоспағанда, тоқылмаған бұйымдар өндірісі;
      6) кілем және кілем бұйымдарының өндірісі;
      7) ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі;
      8) қағаз және қатырма қағаз өндірісі;
      9) былғары илеуді және өңдеуді, теріні өңдеуді және бояуды қоспағанда, былғары өнімдерінің өндірісі;
      10) жазу қағаздары бұйымдарының өндірісі болып табылады.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады