Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 568 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 330-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын және мемлекеттік құпияларды қамтитын актілерді қоспағанда, осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады.";
3-тармақ алынып тасталсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Егер нормативтік құқықтық актілер:
1) азаматтардың заңда белгіленген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірсе;
2) заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзса;
3) жоғары деңгейде тұрған нормативтік құқықтық актілерге қайшы келсе;
4) нормативтік құқықтық актіні шығарған орган құзыретінің шегінен тыс болса;
5) мүдделі органдармен келісілмесе;
6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері ұсынған сараптамалық қорытындылар түріндегі қосымшалары болмаса;
7) мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгіленген, сондай-ақ мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу мен келісу тәртібін бұза отырып қабылданса, мұндай актілерді мемлекеттік тіркеуден бас тартылады.
Бас тарту туралы бас тартудың негіздері көрсетіле отырып, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органға жазбаша хабарланады.
Мемлекеттік тіркеуден бас тартқан жағдайда нормативтік құқықтық актінің бір данасы (көшірмесі) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органында қалады.
Мүдделі мемлекеттік орган мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актіні тіркеуден бас тартуға сот тәртібімен шағым жасай алады.".
2. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |