Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 778 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 568 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 № 333 қаулысымен.

       "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 N 1173 қаулысымен.

       2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасының
Үкiметiнің
2006 жылғы 17 тамыздағы
N 778 Қаулысымен
бекітілген

Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар):

      1) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулыларын, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiн, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiн (бұдан әрi – нормативтiк құқықтық актiлер) мемлекеттiк тiркеу мерзiмдерiн, мемлекеттiк тiркеуге ұсыну тәртiбiн;

      2) мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын нормативтiк құқықтық актiлерге қойылатын талаптарды;

      3) нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiн жүргiзудi;

      4) нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеуден бас тарту тәртiбiн;

      5) тiркелген нормативтiк құқықтық актiлердi қолданысқа енгiзудi;

      6) тiркелген нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданысын тоқтата тұрудың, тоқтатудың тәртiбiн айқындайды.

2. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу

      2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларын және мемлекеттiк құпияларды қамтитын актiлердi қоспағанда, осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиіс.

      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарының мемлекеттiк тiркеу қажеттiлiгi туралы мәселенi шешу үшiн сол немесе өзге актiнi ұсыну туралы сауалдарын орталық органдар, олардың ведомстволары және жергiлiктi органдар мұндай сауал түскен кезден бастап екi апта iшiнде орындайды.

      4. Орталық органдардың және олардың ведомстволарының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi, жергiлiктi органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн – аумақтық әдiлет органдары құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтiзбелiк 30 күн iшiнде жүзеге асырады.

      5. Жергiлiктi органдардың жергiлiктi бюджеттердi бекiту және нақтылау, әлеуметтiк көмек көрсету мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi аумақтық әдiлет органдары құжаттар ұсынылған күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.

      6. Нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу:

      1) мынадай:

      құқық нормаларының болуы және мемлекеттiк тiркеудiң қажеттiлiгi тұрғысынан;

      актiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуiне заң сараптамасын;

      2) орталық органның және оның ведомствосының нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындысын – Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң немесе оның орынбасарының, жергiлiктi органның–аумақтық әдiлет органы басшысының бекiтуiн;

      3) нормативтiк құқықтық актiге мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн бере отырып, оны Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне енгiзуді;

      4) негiзгi нормативтiк құқықтық актiнiң бiрiншi парағының жоғарғы оң бұрышында нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы мөртабан қоюды, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындының бiрiншi парағының жоғарғы оң бұрышында Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң немесе оның аумақтық органының елтаңбалық мөрiн қоюды. Нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындының және мөртабанның үлгiлiк нысанын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiтедi;

      5) тіркелген нормативтік құқықтық актілердің:

      бір данасын (төлнұсқасы) нормативтік құқықтық актіні ұсынған органға;

      екінші данасын Республикалық құқықтық ақпарат орталығына (бұл тәртіп мемлекеттік құпияны қамтитын нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды) жіберуді қамтиды;

      нормативтік құқықтық актінің үшінші данасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органдарында қалады.

      Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр жiберiлетiн данасына нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытынды қоса берiледi (егер нормативтiк құқықтық актi азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты болса, қорытындыда оны ресми жариялау қажеттiлiгi көрсетiледi).

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.03.2015 № 157 қаулысымен.

       7. Мемлекеттiк тiркеуден өткен нормативтiк құқықтық актiлерге енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

3. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеуге ұсыну тәртiбi

      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, осы орган басқармасының отырысында осы актілер қабылданған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күннің ішінде ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, орталық органдардың, олардың ведомстволарының және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі төлнұсқасын (түпнұсқа мәтіндерін) қоса алғанда, үш данада баспа және электрондық түрде ұсынылады.

      Егер нормативтiк құқықтық актiнi екi және одан да көп мемлекеттiк орган бiрлескен актімен қабылдаған жағдайда, әзiрлеушi мемлекеттiк орган нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаған мемлекеттiк органдар саны бойынша нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi түпнұсқалар (түпнұсқа мәтiндерiн) қосымша ұсынады.

      Нормативтiк құқықтық актi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiлген (бекiтiлген) жағдайда, нормативтiк құқықтық акті мемлекеттiк тiркеуге мүдделi мемлекеттiк органдардың соңғысы келiскен (бекiткен) күннен бастап екi апта iшiнде ұсынылады.

      Орталық органның, оның ведомствосының немесе жергiлiктi органның бiрiншi басшысы болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқаратын адам бекiткен нормативтiк құқықтық актiнi ұсынған орган оған тиiстi мiндеттер жүктелгенi туралы құжаттың көшiрмесiн де ұсынуға тиiс.

      Тiркеуден бас тартылған нормативтiк құқықтық актi мемлекеттiк тiркеуге қайта ұсынылған жағдайда, ол тиiстi орталық органның, оның ведомствосының немесе жергiлiктi органның қайта бекiтуiне жатады және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне немесе оның аумақтық органдарына осы тармақта белгiленген тәртiппен және мерзiмде ұсынылады.

      Бұл ретте, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiге қайталама сараптамалық қорытындының көшiрмесi қоса берiледi.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.03.2015 № 157 қаулысымен.

       9. Нормативтiк құқықтық актiге Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде анықтама-негiздеме қоса берiледi және мыналарды:

      1) нормативтiк құқықтық актiнi ұсынған мемлекеттiк органның атауын;

      2) нормативтiк құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сiлтемемен нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау негiздемесiн (органның құзыретi);

      3) нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiздемесiн (нақты мақсаттар, дәлелдер және актi неге байланысты қабылданды);

      4) осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер мен нормативтiк құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергенi немесе күшi жойылды деп танылғаны туралы ұсыныстарды әзiрлеу туралы мәлiметтердi;

      5) осы Қағидалардың 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актiлердiң деректемелерiн көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған нормативтiк құқықтық актiлер туралы мәлiметтердi;

      6) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтiк құқықтық актiге қатысты Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің көшірмесі болуы;

      7) нормативтiк құқықтық актiнi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу туралы мәлiметтердi;

      8) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларын, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату) туралы мәлiметтердi;

      8-1) реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса);

      9) сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсiпкерлердiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң тiзiмiн (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын актiлер үшiн) қамтуға тиiс.

      Қоса берiлетiн анықтама-негiздемеге осы актiнi шығарған органның заң қызметiнiң басшысы, ол болмаған жағдайда оның мiндетiн атқаратын адам не осы актiнi шығарған органның заң қызметi басшысын алмастыратын адам қол қояды.

      Бiрлескен нормативтiк құқықтық актiнi ұсынған жағдайда, қоса берiлетiн анықтама-негiздемеге оны мемлекеттiк тiркеуге ұсынған органның заң қызметiнiң басшысы, ол болмаған жағдайда оның мiндетiн атқаратын адам не осы актiнi шығарған органның заң қызметi басшысын алмастыратын адам қол қояды.

      Мемлекеттiк органда заң қызметi болмаған жағдайда, анықтама-негiздемеге осы нормативтiк құқықтық актiнi әзiрлеген тиiстi құрылымдық бөлiмше басшысы, ол болмаған жағдайда оның мiндетiн атқаратын адам қол қояды.

      Жергiлiктi органда заң қызметi болмаған жағдайда, анықтама-негiздемеге осы актiнi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған органда заңгер функцияларын орындайтын адам не жергiлiктi органның бiрiншi басшысы, ол болмаған жағдайда оның мiндетiн атқаратын адам қол қояды.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2015 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2015 № 1088 қаулыларымен.

4. Мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған нормативтiк құқықтық актiлерге қойылатын талаптар

      10. Мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын нормативтiк құқықтық актi мынадай талаптарға сәйкес келуi тиiс:

      1) нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау рәсiмiнiң сақталуы:

      алқалы (сайланбалы) орган үшiн – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес;

      орталық орган, оның ведомствосы және жергiлiктi орган үшiн – бiрiншi басшының не ол болмаған жағдайда оның мiндетiн атқаратын адамның қолының болуы;

      2) қолданыстағы заңнамаға:

      Қазақстан Республикасының Конституциясына;

      Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заңдарға;

      Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлықтарына;

      Қазақстан Республикасының кодекстерiне, заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлықтарына;

      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң нормативтiк қаулыларына;

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк жарлықтарына;

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулыларына;

      орталық органдардың, олардың ведомстволарының және жергiлiктi органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестiгi;

      3) егер келiсу қажет болса, нормативтiк құқықтық актiні келiсудiң болуы;

      4) нормативтiк құқықтық актiнiң деректемелерiнiң болуы:

      5) негiзгi нормативтiк құқықтық актiде оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмiн қамтитын нормалардың болуы;

      6) нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымына қойылатын талаптардың сақталуы;

      7) нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнің мазмұндалу стилiне қойылатын талаптардың сақталуы;

      8) егер нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде оларға сiлтеме жасалған болса, қосымшалардың болуы;

      9) нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi, соның iшiнде қосымшалардағы мәтiндерiнiң де сәйкес келуi;

      10) нормативтiк құқықтық актiнiң барлық парақтарына осы актiнi қабылдаған (келiскен) органның заң қызметi басшысының, ол болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқаратын адамның не заң қызметiнің басшысын алмастыратын адамның әрбiр парағына қол қоюы жүргiзiледi.

      Мемлекеттiк органда заң қызметi болмаған жағдайда, әрбiр параққа қол қоюды осы нормативтiк құқықтық актiнi әзiрлеген тиiстi құрылымдық бөлiмшенiң басшысы, ол болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқаратын адам жүргiзедi.

      Жергiлiктi органда заң қызметi болмаған жағдайда, әрбiр параққа қол қоюды осы органда заңгер функцияларын орындайтын адам не мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы, ол болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқаратын адам жүргiзедi;

      11) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiге сараптамалық қорытынды көшiрмесiнiң болуы;

      11-1) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтiк құқықтық актiге қатысты Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі көшірмесінің болуы;

      11-2) нормативтік құқықтық акті бойынша реттеушілік әсерді талдау жүргізілген жағдайда, оған Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімі және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындысы, сондай-ақ реттеушілік әсерді талдау нәтижелері қоса беріледі;

      12) жүргiзiлуi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тиiстi сараптамалық қорытындылар көшiрмесiнiң болуы.

      Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаған орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, iлеспе хатта сараптамалық қорытындымен келiспеу себептерiне дәлелдi негiздеме келтiредi.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2015 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2015 № 1088 қаулыларымен.

       11. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi мәтiндерiнiң сәйкес келуiн нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған орталық орган, оның ведомствосы және жергiлiктi орган қамтамасыз етедi.

5. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiн жүргiзу

      12. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiн жүргiзудi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

      13. Тiзiлiмде мемлекеттiк тiркеу күнi, берiлген мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған органның атауы, нормативтiк құқықтық актiнiң күнi, нөмiрi және атауы, нормативтiк құқықтық актiнi ресми жариялау, нормативтiк құқықтық актiге енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар, нормативтiк құқықтық актiнiң қолданысын тоқтата тұру, тоқтату туралы мәлiметтер көрсетiледi.

      Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi белгiлейдi.

6. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеуден бас тарту тәртiбi

      14. Егер нормативтiк құқықтық актiлер:

      1) азаматтардың заңда белгiленген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiрсе;

      2) заңды тұлғалардың заңды мүдделерiн бұзса;

      3) жоғары деңгейде тұрған нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келсе;

      4) нормативтiк құқықтық актiнi шығарған орган құзыретiнiң шегiнен тыс болса;

      5) мүдделi органдармен келiсiлмесе;

      6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері ұсынған сараптамалық қорытындылар түріндегі қосымшалары болмаса;

      7) мемлекеттiк тiркеу қағидаларында белгiленген, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердi ресiмдеу мен келiсу тәртiбiн бұза отырып қабылданса, мұндай актiлердi мемлекеттiк тiркеуден бас тартылады.

      Бас тарту туралы нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған органға жазбаша хабарланып, бас тартудың негiздерi көрсетiледі.

      Мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған жағдайда, нормативтiк құқықтық актiнiң бiр данасы (көшiрмесi) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде немесе оның аумақтық органында қалады.

      Мүдделi мемлекеттiк орган мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiнi тiркеуден бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасай алады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.03.2015 № 157 қаулысымен.

       15. Мынадай талаптар сақталмаған жағдайда, нормативтiк құқықтық актi қаралмай бiр жұмыс күнi iшiнде әзiрлеушi мемлекеттiк органға керi қайтарылады:

      1) нормативтiк құқықтық актiде Заңның 17-бабында көрсетiлген деректемелердiң бiреуiнiң болмауы;

      2) нормативтік құқықтық актіні елтаңбалық мөрмен расталған баспа және электрондық түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі төлнұсқасын (түпнұсқа мәтіндерін) қоса алғанда, үш данада ұсынбау;

      3) нормативтiк құқықтық актiге мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi анықтама-негiздеменiң қоса берiлмеуi;

      4) қоса берiлген анықтама-негiздеменiң осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарына сәйкес келмеуi;

      5) нормативтiк құқықтық актiнiң барлық парақтарына қол қою жүргiзiлмеуi;

      6) бiрiншi басшы болмаған жағдайда оның мiндетiн атқаратын адамға тиiстi мiндеттер жүктелгенi туралы құжат көшiрмесiнiң болмауы.

      Бұл жағдайда орталық орган, оның ведомствосы немесе жергiлiктi орган анықталған бұзушылықтарды жояды және осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетiлген мерзiм сақталған кезде оны қайта бекiтпей мемлекеттiк тiркеуге қайта ұсынады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.03.2015 № 157 қаулысымен.

       16. Нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеуден бас тартуды алған күнiнен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде орталық орган, оның ведомствосының немесе жергiлiктi органның басшысы не ол болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқаратын адам тiркеуден бас тартылған нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою туралы тиiстi акт шығарады және оның көшiрмесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне немесе оның аумақтық органдарына жiбередi.

      Бұл тәртiп алқалы түрде шешiм қабылдайтын орталық органдарға және кезектi (кезектен тыс) отырыста немесе сессияда бекiткен күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою туралы актiнi ұсынатын мәслихатқа қолданылмайды.

      Егер нормативтiк құқықтық акт бiрлескен актiмен қабылданса және оны тiркеуден бас тартылса, нормативтiк құқықтық актiнi бiрлесе отырып қабылдаған мемлекеттiк органдардың басшылары не олар болмаған жағдайда, олардың мiндеттерiн атқарушы адамдар нормативтiк құқықтық актiнi жою туралы бiрлескен актi шығарады.

      17. Пысықтау мақсатында әзiрлеушi мемлекеттiк орган өзiнiң бастамасы бойынша осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетiлген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеуден кері қайтарып алуы мүмкiн.

      Нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеуден кері қайтарып алу әзiрлеушi мемлекеттiк орган хатының негiзiнде жүргiзiледi.

      Мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған нормативтiк құқықтық актiнi қайтаратын әзiрлеушi мемлекеттiк органның хаты әдiлет органдарына келiп түскеннен кейiн, осы нормативтiк құқықтық акт хаттың келiп түскен күнiнен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әзiрлеушi мемлекеттiк органға тиiстi хатпен қайтарылады.

      Хатты алған күнiнен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде орталық органның, оның ведомствосының немесе жергiлiктi органның басшысы не ол болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқаратын адам мемлекеттiк тiркеуден қайтарылған нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою туралы тиiстi акт шығарады және оның көшiрмесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне немесе оның аумақтық органдарына жiбередi.

7. Нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданысқа енгiзілуі

      18. Мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде және оның аумақтық органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiс нормативтiк құқықтық актiлердiң күшiне енуi үшiн қажеттi шарт болып табылады.

      Тiркелмеген нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық күшi болмайды.

      19. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде және оның аумақтық органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес қолданысқа енгiзiледi.

      Жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнi қолданысқа енгiзу мерзiмдерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн талаптарға байланысты қызметтi жүзеге асыруға дайындау үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне қажеттi мерзiмдер негізге алына отырып белгiленуге тиiс.

      Нормативтiк құқықтық актiлердi қолданысқа енгiзу тәртiбi мен мерзiмдерi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс.

      20. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi қолданысқа енгiзудiң мiндеттi шарты оларды ресми жариялау болып табылады.

      21. Нормативтiк құқықтық актiнi ресми жариялау және жiберу кезiнде мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнiн көрсету мiндеттi болып табылады.

      Орталық органдардың, оның ведомстволарының және жергiлiктi органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

8. Тiркелген нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуын
тоқтата тұрудың және тоқтатудың тәртiбi

      22. Нормативтiк құқықтық актiнi күшi жойылды деп таныған не оның қолданысын белгiлi бiр мерзiмге тоқтата тұрған кезде осы актiнi қабылдаған орган немесе осыған уәкiлеттi орган бiр апта мерзiмде растайтын актiнiң көшiрмесiн қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне немесе оның аумақтық органдарына және ресми жариялау көздерiне хабарлайды.

      Бiрлескен нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды не тоқтатылды деп оларды бiрлесе қабылдаған орталық органдар, олардың ведомстволары немесе жергiлiктi органдар таниды.

      Бұл тәртiп өзге мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша қабылданған актiлерге де қолданылады.

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi немесе оның аумақтық органдары Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне тиiстi жазбалар жасайды.

      Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру бөлек нормативтiк құқықтық актiмен жүзеге асырылады.

      23. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау құқығы берiлген мемлекеттiк орган қайта ұйымдастырылған жағдайда, құқықтық мирасқорға нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау құқығымен бiрге өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi өзгерту, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру жөнiндегi өкiлеттiктер ауысады.

  Қазақстан Республикасының
Үкiметiнің
2006 жылғы 17 тамыздағы
N 778 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiретiн де, кiрмейтiн де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi мен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының актiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 427-құжат);

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 және 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 маусымдағы N 733 қаулысы;

      3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 қаңтардағы N 122 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 3, 46-құжат);

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 11 наурыздағы N 341 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 10, 113-құжат);

      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 қазандағы N 1082 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 33, 355-құжат);

      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1184 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 44, 484-құжат);

      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 қазандағы N 1017 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 37, 485-құжат);

      8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 14 ақпандағы N 99 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 5, 46-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады