Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 қазандағы № 701 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
«Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 қазандағы № 701 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 қазандағы № 701 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілі туралы ережеде:
6-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң және Сыртқы істер министрлiгінiң қарауына ЕурАзЭҚ органдары қабылдаған шешiмдерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ Тұрақты өкіл қызметінің мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасау;»;
3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тұрақты өкілдің қызметін қамтамасыз ету
7. Тұрақты өкілді ұстауға жұмсалатын шығыстардың сметасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тұрақты өкіл Астана қаласында (Қазақстан Республикасы) орналасады.
8. Тұрақты өкілдің қызметін қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.».
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай ішінде осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев