"Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 қазандағы № 701 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1205 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 қазандағы № 701 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

«Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 қазандағы № 701 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 қазандағы № 701 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілі туралы ережеде:
      6-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң және Сыртқы істер министрлiгінiң қарауына ЕурАзЭҚ органдары қабылдаған шешiмдерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ Тұрақты өкіл қызметінің мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасау;»;
      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тұрақты өкілдің қызметін қамтамасыз ету
      7. Тұрақты өкілді ұстауға жұмсалатын шығыстардың сметасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Тұрақты өкіл Астана қаласында (Қазақстан Республикасы) орналасады.
      8. Тұрақты өкілдің қызметін қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.».
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай ішінде осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 11 октября 2001 года № 701 "Об утверждении Положения о Постоянном представителе Республики Казахстан при Евразийском экономическом сообществе"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 ноября 2013 года № 1205

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан «О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 11 октября 2001 года № 701 «Об утверждении Положения о Постоянном представителе Республики Казахстан при Евразийском экономическом сообществе».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан
от 11 октября 2001 года № 701 «Об утверждении Положения о
Постоянном представителе Республики Казахстан при Евразийском
экономическом сообществе»

      ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 11 октября 2001 года № 701 «Об утверждении Положения о Постоянном представителе Республики Казахстан при Евразийском экономическом сообществе» следующие изменения:
      в Положении о Постоянном представителе Республики Казахстан при Евразийском экономическом сообществе, утвержденном вышеназванным Указом:
      абзац четвертый пункта 6 изложить в следующей редакции:
      «вносить на рассмотрение Президенту, Правительству и Министерству иностранных дел Республики Казахстан предложения по внесению изменений и дополнений в законодательство Республики Казахстан в соответствии с принятыми решениями органов ЕврАзЭС, а также вопросам деятельности Постоянного представителя;»;
      главу 3 изложить в следующей редакции:
      «3. Обеспечение деятельности Постоянного представителя
      7. Смета расходов на содержание Постоянного представителя утверждается Правительством Республики Казахстан.
      Постоянный представитель располагается в городе Астане (Республика Казахстан).
      8. Финансирование и материально-техническое обеспечение деятельности Постоянного представителя осуществляются за счет средств республиканского бюджета.».
      2. Правительству Республики Казахстан в течение трех месяцев принять меры, вытекающие из настоящего Указа.
      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н.Назарбаев