Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2013 жылғы Алматы қаласындағы (Қазақстан Республикасы) жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы З-Еуразиялық спорт ойындарына, 2014 жылғы Сочидегі (Ресей Федерациясы) XXII қысқы Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына, 2014 жылғы Инчеондағы (Корей Республикасы) 17-жазғы Азия ойындарына, 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы (Бразилия Республикасы) XXXI жазғы Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына және 2017 жылғы Саппородағы (Жапония) 8-қысқы Азия ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 578 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2013 жылғы Алматы қаласындағы (Қазақстан Республикасы) жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы З-Еуразиялық спорт ойындарына, 2014 жылғы Сочидегі (Ресей Федерациясы) XXII қысқы Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына, 2014 жылғы Инчеондағы (Корей Республикасы) 17-жазғы Азия ойындарына, 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы (Бразилия Республикасы) XXXI жазғы Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына және 2017 жылғы Саппородағы (Жапония) 8-қысқы Азия ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамына мыналар енгізілсін:
Сәрінжіпов - Қазақстан Республикасының Білім және
Аслан Бәкенұлы ғылым министрі
Қырықбаев - Қазақстан Республикасы Спорт және
Полат Наурызбайұлы дене шынықтыру істері агенттігінің
«Ұлттық штаттық командалар және спорт
резерві дирекциясы» республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
директоры
көрсетілген құрамнан: Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов, Қайыргелді Масығұтұлы Жанпейісов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов