"Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2013 жылғы Алматы қаласындағы (Қазақстан Республикасы) жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы 3-Еуразиялық спорт ойындарына, 2014 жылғы Сочидегі (Ресей Федерациясы) XXII қысқы Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына, 2014 жылғы Инчеондағы (Корей Республикасы) 17-жазғы Азия ойындарына, 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы (Бразилия Республикасы) ХХХІ жазғы Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына және 2017 жылғы Саппородағы (Жапония) 8-қысқы Азия ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 578 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 1229 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2013 жылғы Алматы қаласындағы (Қазақстан Республикасы) жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы З-Еуразиялық спорт ойындарына, 2014 жылғы Сочидегі (Ресей Федерациясы) XXII қысқы Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына, 2014 жылғы Инчеондағы (Корей Республикасы) 17-жазғы Азия ойындарына, 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы (Бразилия Республикасы) XXXI жазғы Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына және 2017 жылғы Саппородағы (Жапония) 8-қысқы Азия ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 578 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2013 жылғы Алматы қаласындағы (Қазақстан Республикасы) жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы З-Еуразиялық спорт ойындарына, 2014 жылғы Сочидегі (Ресей Федерациясы) XXII қысқы Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына, 2014 жылғы Инчеондағы (Корей Республикасы) 17-жазғы Азия ойындарына, 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы (Бразилия Республикасы) XXXI жазғы Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына және 2017 жылғы Саппородағы (Жапония) 8-қысқы Азия ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамына мыналар енгізілсін:

Сәрінжіпов                - Қазақстан Республикасының Білім және
Аслан Бәкенұлы              ғылым министрі

Қырықбаев                 - Қазақстан Республикасы Спорт және
Полат Наурызбайұлы          дене шынықтыру істері агенттігінің
                            «Ұлттық штаттық командалар және спорт
                            резерві дирекциясы» республикалық
                            мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
                            директоры

      көрсетілген құрамнан: Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов, Қайыргелді Масығұтұлы Жанпейісов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады