"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 1231 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 960 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 960 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:

      51-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) шетелдік қатысушылар үшін оларға тиесілі қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қорытындысын, сондай-ақ оны тасымалдауға рұқсат алуға;";

      18-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу тәртібі";

      110-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "110. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әкелуге қорытындыны уәкілетті ішкі істер органы заңды тұлғаларға мынадай құжаттардың негізінде береді:";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) қару мен оның патрондарын әкелу немесе әкету құқығына қорытындыны бергені үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек.";

      екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жарақат салатын патрондары бар ұңғысыз атыс қаруын, электр қаруын әкелуге қорытынды көрсетілген өзін-өзі қорғау қаруының зақымдаушы факторларының адам ағзасына әсеріне жол берілетіні туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген құжат ұсынылғаннан кейін беріледі.

      Қару мен оның патрондарын әкетуге қорытынды беру үшін 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар ұсынылады.";

      төртінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) алушы заңды тұлғаға қару мен оның патрондары әкетілетін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын сатып алуға және әкелуге рұқсаттардың (лицензиялардың) көшірмелері;";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қару мен оның патрондарын әкелуге немесе әкетуге қорытындылар экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган берген тауарлардың импортына немесе экспортына лицензияда белгіленген мерзімге беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 110-1, 110-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "110-1. Азаматтық қарудың бірлі-жарым даналарын және олардың патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу осы қаулының талаптарын ескере отырып, ішкі істер органдарының қорытындылары негізінде жүргізіледі.

      110-2. Азаматтық қарудың бірлі-жарым даналарын және олардың патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу кезінде жеке тұлға - тасымалдаушы ішкі істер органына:

      1) азаматтық қарудың бірлі-жарым даналарын және олардың патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды беру туралы өтініш;

      2) қару мен оның патрондарын әкелетін елдің және әкететін елдің уәкілетті органдары берген, қару мен оның патрондарын сатып алу құқығын растайтын, өтініш берушінің мөрімен расталған және қолы қойылған өтініш берушінің атына берілген рұқсат құжаттарының көшірмелерін. Егер әкелу және әкету елдерінің заңнамасында қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат құжаттарын беру көзделмеген жағдайда, қару мен оның патрондарын сатып алудың заңдылығын көрсететін құжат ұсынылады. Ұсынылған құжат көшірмелерінде қарудың түрі, моделі, калибрі, сериясы және нөмірі көрсетіледі;

      3) кеден органының "транзит" кедендік режимін белгілеу туралы белгісі бар кеден декларациясының данасын;

      4) жеке тұлғаны (өтініш берушіні) растайтын құжаттың көшірмесін;

      5) қару мен оның патрондарын әкетуге рұқсаты бар-жоғы туралы әкетуші мемлекеттің уәкілетті органы берген құжаттың көшірмесін;

      6) қару мен оның патрондарын әкелуге рұқсатының бар-жоғы туралы әкелуші мемлекеттің уәкілетті органы берген құжаттың көшірмесін;

      7) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты немесе сақтандыру полисін ұсынады.

      2), 3), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі немесе орыс тіліндегі ресми аудармасымен, сондай-ақ 7) тармақшада көрсетілген құжаттарды қоспағанда, нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.

      Үшінші тұлғалар азаматтық қарудың бірлі-жарым даналары мен олардың патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуді осы қаулының 117-1-тармағына сәйкес жүзеге асырады.";

      111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "111. Қазақстан Республикасының азаматтарына кадастрға енгізілген атыс қаруын немесе газды қарудың бірден аспайтын бірлігін әкелуге қорытындыны ІІД өтініштің, атыс немесе газды қаруды сатып алу құқығына рұқсаттың көшірмесінің, қару Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгеннен кейін оған сертификаттауды жүргізуге арналған шарттың негізінде береді. Кадастрға енгізілмеген қаруға қарудың атауы және моделінің белгісі (патрондарының типі) және пайдаланылатын патрондары туралы ақпарат, қарудың негізгі техникалық көрсеткіштері, шығарған елдің және фирманың атауы, оның түрлі-түсті фотосуреті қосымша ұсынылады.";

      112-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "112. Шетелдіктерге аңшылық атыс қаруының бірлі-жарым даналарын, олардың патрондары мен аңшылық пышақтарды әкелуге (әкетуге) қорытындыны аңшылық шаруашылығы ұйымының уәкілетті ішкі істер органы мынадай құжаттардың негізінде береді:";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2)орман және аңшылық шаруашылығының уәкілетті органының облыстық аумақтық органымен келісілген аңшылық атыс және суық қару мен патрондардың санын әкелуге (әкетуге) қорытынды алуға өтініш;";

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) салық заңнамасына сәйкес аңшылық атыс қаруын және суық қаруды әкелуге (әкетуге) қорытынды беру үшін мемлекеттік баж төлеу туралы түбіртектер;

      7) аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) қорытынды алуға сенімхат.

      Ескертпе. Шетелдіктер әкелген қару мен патрондарды әкету әкелуге қорытындыға және онда көрсетілген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады.";

      113 және 114-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "113. Ұйымдарға республикадан атыс, газды, суық қару мен патрондарды әкетуге қорытындыны Қазақстан Республикасының ІІМ қару мен оқ-дәрілердің саны, әкетуге жауапты адамның тегі, аты-жөні, жеке куәлігінің (паспортының) сериясы мен нөмірі, қару мен патрондар әкетілетін мемлекет, ол арқылы әкету жүзеге асырылатын кеден пункті көрсетілетін ұйым басшысының өтініші негізінде береді.

      114. Шетелге тұрақты тұруға шығатын Қазақстан Республикасының азаматтарына аңшылық және газды қарудың бірлі-жарым даналарын, оның патрондарын әкетуге қорытындыны шығу құжаттары көрсетілген жағдайда, ІІД аумақтық ішкі істер органының қаруды есептен шығару туралы белгісі бар өтініш негізінде береді.

      Қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасынан әкетуге және Қазақстан Республикасына әкелуге қорытынды беру үшін заңды және жеке тұлғалардан мемлекеттік баж алынады.";

      115-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "115. Спорттық атыс қаруы мен оның патрондарын шекарадан тыс әкетуге және Қазақстан Республикасына әкелуге қорытындыны спортшыларға ІІД мынадай құжаттардың негізінде береді:";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қару мен оның патрондарын әкелу (әкету) құқығына қорытынды берілгені үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек.";

      116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "116. Қару мен патрондарды әкелуге (әкетуге) қорытындының бланкілері реттік нөмірлер қойылып баспаханада дайындалады. Дайын бланкілер қару мен патрондарды әкелуге (әкетуге) қорытынды беруді есепке алу кітабында тіркеледі.";

      мынадай мазмұндағы 117-1, 117-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "117-1. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы азаматтық және қызметтік қару мен патрондарды транзиттік тасымалдау кезінде тасымалдаушы - заңды тұлға ішкі істер органдарына:

      1) азаматтық және қызметтік қару, оның негізгі (құрама) бөлшектерін, және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды беру туралы өтініш;

      2) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы иеліктен шығару құжатының өтінім берушінің мөрімен және қолымен куәландырылған көшірмесін;

      3) қаруды жасаған мемлекеттен экспорттаушы заңды тұлға мен қару жасаушы немесе қаруды сатып алушы мемлекетке импортты жүзеге асыратын заңды тұлғамен қаруды сатып алушы арасындағы шарттың өтінім берушінің мөрімен және қолымен куәландырылған көшірмесін;

      4) "транзит" кеден режимін белгілеу туралы кеден органының белгісі бар кеден декларациясының данасын;

      5) қарудың түрі, типі, моделі, калибрі және нөмірі көрсетілген, тасымалданатын қаруды нөмірлік есепке алу тізімін, сондай-ақ кеден органы растаған патрондар типі, калибрі, дайындау партиясы және саны туралы мәліметтерді;

      6) заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжатты;

      7) өнімді әкетуге арналған рұқсатының бар болуы туралы экспорттаушы елдің уәкілетті органы берген құжатты;

      8) өнім транзитіне байланысты өтініш иесі мемлекетінің заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжатты;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартын немесе сақтандыру полисін;

      10) өтініш берушінің транзитпен тасымалданатын өнімнің физикалық қорғалуын жүзеге асыруды қамтамасыз етуін растайтын құжатты және қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғаның күзет қызметін жүзеге асыру құқығын растайтын құжатты;

      11) егер оған қатысы жоқ себептер бойынша жүк қабылдаушыға жүкті беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, жүк жөнелтушінің жүкті қайта қабылдауға келісімін растайтын құжатты ұсынады.

      2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі ресми аудармасымен, сондай-ақ 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.

      117-2. Осы Ереженің 117-1 тармағында көрсетілген құжаттар консулдық заңдастыру немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес апостиль қою туралы талаптарды сақтай отырып ұсынылады.";

      119, 120, 121-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "119. Қазақстан Республикасына шақыру бойынша немесе қызметтік тапсырмаларды орындауына байланысты келген шетелдік құқық қорғау органдары, арнаулы қызметтері мен әскерилендірілген ұйымдары қызметкерлерінің жауынгерлік қол атыс қаруын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуі мен Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті тиісінше Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құрамалар, арнаулы және құқық қорғау органдары басшыларының жазбаша қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

      120. Жазбаша қорытындыда шетелдік құқық қорғау органдары, арнаулы қызметтері мен әскерилендірілген ұйымдары қызметкерлерінің тегі, аты, әкесінің аты, қарудың түрі (маркасы), нөмірі және калибрі, әкелінетін қарудың әрбір бірлігіне арналған оқ-дәрілердің саны көрсетіледі. Жазбаша қорытындыға тиісінше Қарулы Күштердің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы органдардың басшысы немесе оның орнындағы адам қол қояды.

      121. Жазбаша қорытынды және оның көшірмесін қабылдаушы тараптың өкілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде орналасқан кеден және шекара органына ұсынады және кеден және шекара органының қызметкері мөр басу арқылы куәландырады, жазбаша қорытындының көшірмесі әкелінетін қаруды ресімдеуді жүзеге асыратын кеден және шекара органының ісінде қалады.

      Қаруды Қазақстан Республикасына әкелу кезінде кеден және шекара органы растаған жазбаша қорытындының түпнұсқасы қаруды әкету кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде орналасқан кеден және шекара органына ұсынылады және оның ісінде қалады.

      Ескертпе: Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттермен мемлекеттік шекарада қару мен оның патрондарын әкелу және/немесе әкету жағдайында ресімдеу тек қана шекара органында жүргізіледі.".

      2. Осы қаулы 1-тармақтың 2014 жылғы 1 қаңтардан бастан қолданысқа енгізілетін оныншы, он бірінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырық тоғызыншы және елуінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 августа 2000 года № 1176 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан "О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 ноября 2013 года № 1231. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2020 года № 957.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.12.2020 № 960.
      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 августа 2000 года № 1176 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан "О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 32-33, ст. 399) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах оборота оружия и патронов к нему в Республике Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 2) пункта 51 изложить в следующей редакции:

      "2) получить для иностранных участников заключение Министерства внутренних дел Республики Казахстан на ввоз принадлежащего им оружия на территорию Республики Казахстан и вывоз из Республики Казахстан, а также разрешение на его перевозку;";

      заголовок раздела 18 изложить в следующей редакции:

      "18. Порядок ввоза на территорию Республики Казахстан, вывоза с территории Республики Казахстан и транзита по территории Республики Казахстан гражданского и служебного оружия и патронов к нему";

      в пункте 110:

      абзац первый части первой изложить в следующей редакции:

      "110. Заключение на ввоз гражданского и служебного оружия и патронов к нему выдается уполномоченным органом внутренних дел юридическим лицам на основании следующих документов:";

      подпункт 11) изложить в следующей редакции:

      "11) квитанции об уплате государственной пошлины за выдачу заключения на право ввоза или вывоза оружия и патронов к нему.";

      части вторую и третью изложить в следующей редакции:

      "Заключение на ввоз огнестрельного бесствольного оружия с патронами травматического действия, электрического оружия выдается после представления документа о допустимости воздействия на организм человека поражающих факторов указанного оружия самообороны, выданного уполномоченным органом в области здравоохранения.

      Для выдачи заключения на вывоз оружия и патронов к нему представляются документы, указанные в подпунктах 1), 2), 3), 4), 6) и 7).";

      подпункт 1) части четвертой изложить в следующей редакции:

      "1) копии разрешений (лицензий) на приобретение и заключения на ввоз оружия и патронов к нему, выданные юридическому лицу-получателю уполномоченным государственным органом внутренних дел иностранного государства, куда вывозятся оружие и патроны к нему;";

      часть пятую изложить в следующей редакции:

      "Заключения на ввоз или вывоз оружия и патронов к нему выдаются на срок, определенный в лицензии на импорт или экспорт товаров, выданной уполномоченным органом в области экспортного контроля.";

      дополнить пунктами 110-1, 110-2 следующего содержания:

      "110-1. Ввоз на территорию Республики Казахстан, вывоз с территории Республики Казахстан, а также транзит через территорию Республики Казахстан единичных экземпляров гражданского оружия и патронов к нему производятся на основании заключений органов внутренних дел с учетом требований настоящего постановления.

      110-2. При транзите единичных экземпляров гражданского оружия и патронов к нему по территории Республики Казахстан физическое лицо - перевозчик представляет в орган внутренних дел:

      1) заявление о выдаче заключения на транзит по территории Республики Казахстан единичных экземпляров гражданского оружия и патронов к нему;

      2) копии разрешительных документов, выданных уполномоченными органами страны ввоза и страны вывоза оружия и патронов к нему, на имя заявителя, подтверждающих право на приобретение оружия и патронов к нему, заверенные печатью и подписью заявителя. В случае, если законодательство страны ввоза или страны вывоза не предусматривает выдачу разрешительных документов на приобретение оружия и патронов к нему, представляется копия документа, указывающего законность приобретения оружия и патронов к нему. В представленных копиях документов указываются тип, вид модели, калибр, серия и номер оружия.

      3) экземпляр таможенной декларации с отметкой таможенного органа об установлении таможенного режима "транзит";

      4) копию документа, подтверждающего личность физического лица (заявителя);

      5) копию документа, выданного уполномоченным органом страны вывоза, о наличии разрешения на вывоз оружия и патронов к нему;

      6) копию документа, выданного уполномоченным органом страны ввоза, о наличии разрешения на ввоз оружия и патронов к нему;

      7) договор страхования гражданско-правовой ответственности или страховой полис в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Документы, указанные в подпунктах 2), 3), 5), 6), 7), представляются с официальным переводом на государственный язык Республики Казахстан или русский язык, а также в нотариально засвидетельствованных копиях, за исключением документов указанных в подпункте 7).

      Транзит через территорию Республики Казахстан единичных экземпляров гражданского оружия и патронов к нему третьими лицами осуществляется в соответствии с пунктом 117-1 настоящего постановления";

      пункт 111 изложить в следующей редакции:

      "111. Заключение на ввоз не более одной единицы огнестрельного или газового оружия, внесенного в кадастр, гражданам Республики Казахстан выдается ДВД на основании заявления, копии разрешения на право приобретения огнестрельного или газового оружия, договора на проведение сертификации оружия после его ввоза на территорию Республики Казахстан. На оружие, не внесенное в кадастр, дополнительно представляются информация о наименовании и обозначении модели оружия (типа патронов) и используемых патронов, основных технических показателях, наименовании страны и фирмы-изготовителя оружия, его цветная фотография.";

      в пункте 112:

      абзац первый изложить в следующей редакции:

      "112. Заключение на ввоз (вывоз) единичных экземпляров огнестрельного охотничьего оружия, патронов к нему и охотничьих ножей иностранцам выдается уполномоченным органом внутренних дел охотохозяйственной организации на основании следующих документов:";

      подпункт 2) изложить в следующей редакции:

      "2) заявления на получение заключения на ввоз (вывоз) охотничьего огнестрельного и холодного оружия и количество патронов, согласованного с областным территориальным органом уполномоченного органа лесного и охотничьего хозяйства;";

      подпункты 6) и 7) изложить в следующей редакции:

      "6) квитанции об оплате государственной пошлины за выдачу заключения на ввоз (вывоз) охотничьего огнестрельного и холодного оружия в соответствии с налоговым законодательством;

      7) доверенности на получение заключения на ввоз (вывоз) охотничьего огнестрельного и холодного оружия.

      Примечание. Вывоз ввезенного оружия и патронов иностранцами осуществляется согласно заключению на ввоз и в указанные в нем сроки.";

      пункты 113 и 114 изложить в следующей редакции:

      "113. Заключение на вывоз из республики огнестрельного, газового, холодного оружия и патронов организациям выдается МВД Республики Казахстан на основании ходатайства руководителя организации, где указываются количество оружия и боеприпасов, фамилия, инициалы, серия и номер удостоверения личности (паспорта) лица, ответственного за вывоз, государство, в которое вывозятся оружие и патроны, таможенный пункт, через который осуществляется вывоз.

      114. Заключение на вывоз единичных экземпляров охотничьего и газового оружия, патронов к нему гражданам Республики Казахстан, выезжающим за границу на постоянное жительство, выдается ДВД на основании заявления с отметкой территориального органа внутренних дел о снятии оружия с учета при предъявлении выездных документов.

      За выдачу заключений на ввоз в Республику Казахстан и вывоз из Республики Казахстан оружия и патронов к нему с юридических и физических лиц взимается государственная пошлина.";

      в пункте 115:

      абзац первый изложить в следующей редакции:

      "115. Заключение на вывоз за границу и ввоз в Республику Казахстан спортивного огнестрельного оружия и патронов к нему выдается ДВД спортсменам на основании следующих документов:";

      подпункт 5) изложить в следующей редакции:

      "5) квитанции об уплате государственной пошлины за выдачу заключения на право ввоза (вывоза) оружия и патронов к нему.";

      пункт 116 изложить в следующей редакции:

      "116. Бланки заключений на ввоз (вывоз) оружия и патронов изготавливаются в типографии с проставлением порядковых номеров. Готовые бланки регистрируются в книге учета выдачи заключений на ввоз (вывоз) оружия и патронов.";

      дополнить пунктами 117-1, 117-2 следующего содержания:

      "117-1. При транзитном провозе гражданского и служебного оружия и патронов по территории Республики Казахстан юридическое лицо - перевозчик представляет в орган внутренних дел:

      1) заявление о выдаче заключения на транзит по территории Республики Казахстан гражданского и служебного оружия, его основных (составных) частей и патронов к нему;

      2) копию документа отчуждения между участниками внешнеторговой сделки, заверенного печатью и подписью заявителя;

      3) копию договора между юридическим лицом, осуществляющим экспорт из страны - изготовителя оружия, и изготовителем оружия или юридическим лицом, осуществляющим импорт в страну - покупателя оружия и покупателем оружия, заверенного печатью и подписью заявителя;

      4) экземпляр таможенной декларации с отметкой таможенного органа об установлении таможенного режима "транзит";

      5) список номерного учета перевозимого оружия с указанием видов, типов, моделей, калибров и номеров оружия, а также сведений о типах, калибрах, партиях изготовления и количестве патронов, заверенный таможенным органом;

      6) документ, подтверждающий государственную регистрацию в качестве юридического лица;

      7) документ, выданный уполномоченным органом страны - экспортера, о наличии разрешения на вывоз продукции;

      8) документ, подтверждающий право на осуществление деятельности в соответствии с законодательством государства - заявителя, связанной с транзитом продукции;

      9) договор страхования гражданско-правовой ответственности или страховой полис в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      10) документ, подтверждающий обеспечение заявителем осуществления физической защиты продукции, перемещаемой транзитом, и документ, подтверждающий право на осуществление охранной деятельности юридических или физических лиц, осуществляющих физическую защиту;

      11) документ, подтверждающий согласие грузоотправителя продукции принять эти грузы обратно в случае, если передача груза грузополучателю окажется невозможной по не зависящим от него причинам.

      Документы, указанные в подпунктах 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) и 9) представляются с официальным переводом на государственный язык Республики Казахстан или русский язык, а также в нотариально засвидетельствованных копиях, за исключением документов указанных в подпунктах 7) и 9).

      117-2. Документы, указанные в пункте 117-1 настоящих Правил, представляются с соблюдением требования о консульской легализации или проставлением апостиля в соответствии с законодательством Республики Казахстан и международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан.";

      пункты 119, 120, 121 изложить в следующей редакции:

      "119. Ввоз на территорию Республики Казахстан, вывоз с территории Республики Казахстан, а также транзит через территорию Республики Казахстан боевого ручного стрелкового оружия сотрудниками иностранных правоохранительных органов, специальных служб и военизированных организаций, прибывающими в Республику Казахстан по приглашению или в связи с выполнением ими служебного задания, осуществляются по письменному заключению соответственно руководителями Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований, специальных и правоохранительных органов.

      120. В письменном заключении указываются фамилия, имя, отчество сотрудников иностранных правоохранительных органов, специальных служб и военизированных организаций, тип (марка), номер и калибр оружия, количество боеприпасов к каждой ввозимой единице оружия. Письменное заключение подписывается соответственно руководителем Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований, специальных и правоохранительных органов либо лицом, его замещающим.

      121. Письменное заключение и его копия предъявляются представителем принимающей стороны в таможенный и пограничный орган, расположенный в пункте пропуска через Государственную границу Республики Казахстан, и заверяются сотрудником таможенного и пограничного органа путем проставления печати, копия письменного заключения остается в деле таможенного и пограничного органа, осуществившего оформление ввозимого оружия.

      При вывозе оружия оригинал письменного заключения, заверенный таможенным и пограничным органом при ввозе оружия в Республику Казахстан предъявляется в таможенный и пограничный орган, расположенный в пункте пропуска через Государственную границу Республики Казахстан, и остается в его деле.

      Примечание: в случаях ввоза и/или вывоза оружия и патронов к нему на Государственной границе с государством-членом Таможенного союза в рамках Евразийского экономического сообщества оформление производится только в пограничном органе.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования, за исключением абзацев десятого, одиннадцатого, тридцать восьмого, тридцать девятого, сорок девятого и пятидесятого пункта 1, которые вводятся в действие с 1 января 2014 года.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов