Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарына әскери инфрақұрылым объектілерін орналастыру туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарына әскери инфрақұрылым объектілерін орналастыру туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2011 жылғы 20 желтоқсанда Мәскеуде жасалған Ұжымдық қауіпсіздік
туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарына әскери инфрақұрылым объектілерін орналастыру туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарына әскери инфрақұрылым объектілерін орналастыру туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер,
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (бұдан әрі - Ұйым) қызметінің тиімділігін арттыруға ниет білдіре отырып,
Ұйым шеңберінде жүзеге асырылатын ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ұмтыла отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Тараптар басқа Тараптармен шұғыл консультацияларды өткізгеннен (келіскеннен) кейін және олардың ресми қарсылықтары болмаған кезде Ұйымның мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің әскерлер (күштер) топтарын, әскери инфрақұрылым объектілерін өз аумақтарына орналастыру туралы шешім қабылдайды.
2-бап
Осы Хаттаманы қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулы мәселелер мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері арқылы шешіледі.
3-бап
Осы Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар өзара келісім бойынша енгізіледі және осы Хаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделеді және осы Хаттаманың 4-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
4-бап
Осы Хаттама оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы төртінші жазбаша хабарламаны депозитарийге сақтауға тапсырған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама қажетті мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін депозитарийге тиісті құжаттарды тапсырған күннен бастап күшіне енеді.
5-бап
Осы Хаттама, егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың қолданылу мерзімі ішінде қолданылады.
Әрбір Тарап осы Хаттаманың қолданылуы кезінде туындаған қаржылық және өзге де міндеттемелерді реттей отырып, шығу күніне дейін алты айдан кешіктірмей депозитарийге жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Хаттамадан шыға алады.
6-бап
Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін Ұйымға мүше басқа да мемлекеттердің оған қосылуы үшін ашық. Қосылатын мемлекет үшін осы Хаттама қосылу туралы құжатты депозитарийге сақтауға тапсырған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2011 жылғы 20 желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа дана Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Беларусь Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін
Қазақстан Республикасы үшін Өзбекстан Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін
Көшірмесі дұрыс:
ҰҚШҰ Хатшылығы
Құқық бөлімінің бастығы
К. Голуб
2011 жылғы 20 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарына әскери инфрақұрылым объектілерін орналастыру туралы хаттаманың мәтінін түзету туралы
ХАТТАМА
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы,
Ұйым шеңберінде жасалатын халықаралық шарттарға қатысты депозитарий ретінде әрекет ете отырып,
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Жарғысының 18-бабы негізінде,
Халықаралық шарттардың құқығы туралы Вена конвенциясының 79-бабына сәйкес,
2011 жылғы 20 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарына әскери инфрақұрылым объектілерін орналастыру туралы хаттаманың (бұдан әрі - Хаттама) мәтінінде көрсетілген Келісімге қол қойған мемлекеттердің келісуімен түзетуге жататын техникалық қате табылғанын назарға ала отырып,
жоғарыда көрсетілген Хаттаманың мәтініне мынадай түзету енгізу туралы осы Хаттаманы жасады:
5-баптың екінші абзацындағы «кешіктірмей» деген сөзден кейінгі үтір алып тасталсын.
Көрсетілген түзету төлнұсқа дананың мәтініне енгізілді және оған мен қол қойдым.
Түзетілген мәтін қателері бар аb іnіtіо мәтінін ауыстырады.
2013 жылғы 28 ақпанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа дана Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарына әскери инфрақұрылым объектілерін орналастыру туралы хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жіберетін депозитарийде сақталады.
ҰҚШҰ Бас хатшысы Н. Бордюжа
ҰҚШҰ Хатшылығы
Құқық бөлімінің бастығы
К. Голуб