Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1310 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығын қараңыз.

      «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қалалық рельстік көліктегі көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2013 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1310 қаулысымен    
бекiтiлген       

Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес әзiрленген және қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртiбiн айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасында қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді облыстық маңызы бар қалалардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) жүргізеді.
      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) қалалық рельстік көлік – қала және қала маңындағы аймақ шекараларында рельстермен жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, трамвай, жеңілрельстік, монорельстік көлік);
      2) метрополитен – көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі;
      3) трамвай – қала шекарасында берілген маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған қалалық рельстік көлік түрі;
      4) жеңілрельстік көлік – қатынау жылдамдығы мен өткізу қабілеті теміржол мен метрополитенге қарағанда төмен және трамвайға қарағанда жоғары қалалық рельстік көлік түрі;
      5) монорельстік көлік – бір рельстік жолмен қозғалуға арналған қалалық рельстік көлік түрі;
      6) тізілім – Қазақстан Республикасында тіркелген қалалық рельстік көліктің көлік құралдары туралы ақпаратты қамтитын дерек қоры.
      4. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары Қазақстан Республикасының резидент еместерi Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшiн уақытша әкелген жағдайда тіркелуге жатпайды.

2. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу тәртiбi

      5. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жергілікті атқарушы органдар:
      1) егер өтiнiш берушi заңды тұлға болып табылатын жағдайда, заңды тұлға тіркелген жер бойынша;
      2) егер өтiнiш берушi жеке тұлға, оның iшiнде дара кәсіпкер болып табылатын жағдайда, салық төлеуші ретінде тiркелген жер бойынша жүзеге асырады.
      6. Жеке және заңды тұлғалар жергілікті атқарушы органдарының кеңсесіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тiркеуге арналған өтінішті:
      1) мемлекеттік тіркеуге жататын, заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен расталған не сенім білдірілген адам растаған қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізбесін;
      2) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып).
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейінгі берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      3) жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып);
      4) меншiк құқығын растайтын құжаттың көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып);
      5) әзірлеуші зауыттың қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбiр бiрлiгiне арналған техникалық паспорттың көшірмесін (формуляр) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып);
      6) басшының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжаттың көшірмесін және оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып);
      7) тіркеу алымының төленгенін растайтын құжатты;
      8) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарына тыйым салынбағаны туралы құжатты қоса беріп ұсынады.
      7. Жергілікті атқарушы органдар өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдары өтінішті қабылдаудан бас тартады.
      8. Жергілікті атқарушы органдар құжаттарды қабылдау кезінде өтiнiш берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
      9. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тiркеу туралы өтінiштi жергілікті атқарушы органдар өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде қарайды.
      Қаралған өтініштердің қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы орган қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік береді.
      10. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені және оның телнұсқасын бергені үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алынады.
      11. Өтініш беруші ұсынған құжаттар Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келген кезде жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғасының қолы бар қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік дайындалады.
      12. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк қатаң есептілік құжаты болып табылады, оның есептiк сериясы мен нөмiрi болады, қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбiр тiркелетiн бiрлiгiне берiледi.
      13. Мемлекеттік тіркеуден өткен қалалық рельстік көліктің көлік құралдары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізілуге жатады.
      14. Мүлiктi жалға алу (жалдау, сату), лизинг, мүлікті сенiмгерлiк басқару шартын жасасқан жағдайларда қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының иесі бұл туралы жергілікті атқарушы органдарын өтініш нысанында (өтініш нысаны еркін) хабардар етеді.
      Жергілікті атқарушы органдар аталған мәліметтерді тізілімге енгізеді.
      15. Жергілікті атқарушы органдар:
      1) көлік құралдарының техникалық паспорты мемлекеттік тіркеуге жататын қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізбесінде көрсетілген деректерге сәйкес келмеген;
      2) сот қабылдаған шешiмге сәйкес қалалық рельстік көліктің көлік құралдарына тыйым салынған жағдайларда, өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуден бас тартады және жазбаша түрде дәлелді бас тарту ұсынады.
      16. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары:
      1) қалалық рельстік көліктің көлік құралдары есептен шығарылған, ол қалпына келмейтiндей зақымданған;
      2) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын кейіннен Қазақстан Республикасының шегiнен тыс пайдалану үшін әкете отырып, иеліктен айыру жағдайларында тiзiлiмнен шығарылады.
      17. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары тізілімнен шығарылған кезде меншік иесі немесе оған теңестiрiлген адам жергілікті атқарушы органдарына мыналарды:
      1) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
      2) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын есептен шығару туралы не зақымдануы, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс пайдалану үшін әкете отырып сату туралы актіні қоса беріп, еркін нысандағы өтiнiшті ұсынады.
      18. Жергілікті атқарушы органдар тiзiлiмге қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын пайдалану жөніндегі қызметтің тоқтатылғаны туралы мәліметтерді енгiзедi.
      19. Жеке не заңды тұлғаға тиесiлi, бұдан бұрын берілген қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бүлінген не жоғалған жағдайларда қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру туралы өтiнiш келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 5 күн iшiнде қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасы берiледi.

Қалалық рельстік көліктің 
көлік құралдарын мемлекеттік
тiркеу қағидаларына   
1-қосымша        

____________________________________
____________________________________
(облыстық маңызы бар қалалардың  
жергілікті атқарушы органының атауы)

Өтініш

___________________________________________________ құқығында тиесiлi
(меншiк, мүлiктiк жалдау, жалға алу немесе лизинг)
саны _____ бiрлiк қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тiркеудi
сұраймын.
Мекенжайы:
_____________ қ. ______________________ к-сі.
СТН (ЖСН, БСН): _____________________________
байланыс телефондары (факс) ________________.
Тiзбе ________________ парақта қоса берiледi.
      Өтiнiш берушi _______________________/_________________________
                    (жеке тұлғаның не заңды          (Т.А.Ә.)
                     тұлға басшысының қолы)
      М.О.
      (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)

Қалалық рельстік көліктің 
көлік құралдарын мемлекеттік
тiркеу қағидаларына   
2-қосымша        

____________________________________
____________________________________
(облыстық маңызы бар қалалардың  
жергілікті атқарушы органының атауы)

Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеу туралы өтiнiші
бойынша құжаттарды алғаны жөніндегі
20__ ж. «___» _______________ № ____
ҚОЛХАТ

уақыты: ______ сағат ______ мин.

      Қабылданған құжаттар тiзбесi: (құжаттың атауы, сериясы, нөмiрi,
қашан және кiм бердi)
      1. ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Қабылдады: ____________________________________________________
                     өтiнiшті қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы
      Өтiнiштi орындау күнi 20__ ж. «___» ________________

____________________________________
____________________________________
(облыстық маңызы бар қалалардың  
жергілікті атқарушы органының атауы)

Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеу туралы өтiнiші
бойынша құжаттарды алғаны жөніндегі
20__ ж. «___» _______________ № ____
ҚОЛХАТ

уақыты: ______ сағат ______ мин.

      Қабылданған құжаттар тiзбесi: (құжаттың атауы, сериясы, нөмiрi,
қашан және кiм бердi)
      1. ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Қабылдады: ____________________________________________________
                     өтiнiшті қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы
      Өтiнiштi орындау күнi 20__ ж. «___» _______________

Қалалық рельстік көліктің 
көлік құралдарын мемлекеттік
тiркеу қағидаларына   
3-қосымша        

____________________________________
____________________________________
(облыстық маңызы бар қалалардың  
жергілікті атқарушы органының атауы)

Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттiк
тiркеу туралы
КУӘЛIК

      Осы куәлік «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994
жылғы 21 қыркүйектегі № 156 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
_____________________________________________________________________
(қалалық рельстік көліктің көлік құралдарына құқықтар көрсетiлсiн)
құқығындағы
_____________________________________________________________________
                  (иесiнiң толық атауы, Т.А.Ә.)
берiлдi және
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының мемлекеттік тіркелгенін
растайды.
Зауыттық нөмiрi _____________________________________________________
мүкәммалдық нөмiрi __________________________________________________
секциясы ____________________________________________________________
жасалған жылы _______________________________________________________
Осы куәлік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық
жағдайларда қолданылады және қалалық рельстік көліктің көлік
құралының иесін куәландыратын құжатпен бірге көрсетiледi, ондағы
келтiрiлген мәліметтер өзгерген жағдайда ауыстырылуға тиіс.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Берiлген күнi 20__ ж. «___» __________

М.О.
Уәкiлеттi органның лауазымды адамы __________________________________
                                                қолы, Т.А.Ә.

Қалалық рельстік көліктің 
көлік құралдарын мемлекеттік
тiркеу қағидаларына   
4-қосымша        

Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының
тiзiлiмi

Әкімдік

Куәлiк №

Берiлген күнi

Меншiк иесi

Меншiк түрi

Жалға алушы

Жалға алу мерзiмi

Қатынау маршруты

1

2

3

4

5

6

7

8









Жасалған күнi

Нормативтiк қызмет ету мерзiмi

Нақты қызмет ету мерзiмi

Соңғы жөндеу күнi

Келесi жөндеу күнi

Техникалық жай-күйi

Тiркелген депосы

жарамды

есептен шығарылған

9

10

11

12

13

14

15

16









      Басшы ______________________/_________________________________/
                    (қолы)                      (Т.А.Ә.)

      М.О.
      (заңды тұлға және жеке кәсіпкер үшін)

Об утверждении Правил государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2013 года № 1310. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 августа 2015 года № 624

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 10.08.2015 № 624 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 2.

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления  см. приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 49.

      В соответствии со статьей 15-1 Закона Республики Казахстан от 21 сентября 1994 года «О транспорте в Республике Казахстан» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта.
      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2014 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 4 декабря 2013 года № 1310

Правила
государственной регистрации транспортных средств городского
рельсового транспорта

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 15-1 Закона Республики Казахстан «О транспорте в Республике Казахстан» и определяют порядок государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта.
      2. Государственная регистрация транспортных средств городского рельсового транспорта в Республике Казахстан производится местными исполнительными органами городов областного значения (городов республиканского значения, столицы) (далее - местные исполнительные органы).
      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) городской рельсовый транспорт – вид транспорта (метрополитен, трамвай, легкорельсовый, монорельсовый транспорт), предназначенный для перевозки пассажиров по рельсам в границах города и пригородной зоне;
      2) метрополитен – вид городского рельсового транспорта, осуществляющий регулярные социально значимые перевозки пассажиров и багажа по путям, изолированным (отделенным, не имеющим одноуровневых пересечений) от линий иных видов транспорта и прохода пешеходов к ним;
      3) трамвай – вид городского рельсового транспорта, предназначенный для перевозки пассажиров по заданным маршрутам в границах города;
      4) легкорельсовый транспорт – вид городского рельсового транспорта, характеризующийся меньшими, чем у метрополитена и железной дороги, и большими, чем у трамвая скоростью сообщения и пропускной способностью;
      5) монорельсовый транспорт – вид городского рельсового транспорта, предназначенный для передвижения по одному рельсовому пути;
      6) реестр – база данных, содержащая сведения о зарегистрированных транспортных средствах городского рельсового транспорта в Республике Казахстан.
      4. Транспортные средства городского рельсового транспорта не подлежат государственной регистрации в случаях временного ввоза на территорию Республики Казахстан нерезидентами Республики Казахстан для ремонта.

2. Порядок государственной регистрации транспортных средств
городского рельсового транспорта

      5. Государственная регистрация транспортных средств городского рельсового транспорта осуществляется местными исполнительными органами:
      1) по месту регистрации юридического лица в случае, если заявителем является юридическое лицо;
      2) по месту регистрации в качестве налогоплательщика в случае, если заявителем являются физическое лицо, в том числе индивидуальный предприниматель.
      6. Заявление на государственную регистрацию транспортного средства городского рельсового транспорта подается физическими и юридическими лицами в канцелярию местных исполнительных органов по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам, с приложением:
      1) перечня транспортных средств городского рельсового транспорта, подлежащего государственной регистрации, заверенного подписью руководителя юридического лица и печатью либо доверенным лицом;
      2) копии свидетельства* или справки о государственной регистрации юридического лица – для юридического лица (с представлением оригинала для сверки).
      Примечание: *свидетельство о государственной (учетной) регистрации юридического лица (филиала, представительства), выданное до введения в действие Закона Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств», является действительным до прекращения деятельности юридического лица;
      3) копии документа, удостоверяющего личность для физического лица (с представлением оригинала для сверки);
      4) копии документа, подтверждающего право собственности (с представлением оригинала для сверки);
      5) копии технического паспорта (формуляр) завода-изготовителя на каждую единицу транспортного средства городского рельсового транспорта (с представлением оригинала для сверки);
      6) копии документа, удостоверяющего личность руководителя либо подтверждающего полномочия представителя, и копии документа, удостоверяющего его личность (с представлением оригинала для сверки);
      7) документ, подтверждающий уплату регистрационного сбора;
      8) документ об отсутствии нахождения под арестом транспортных средств городского рельсового транспорта.
      7. Местные исполнительные органы с момента получения документов заявителя проверяют полноту представленных документов в соответствии с требованиями пункта 6 настоящих Правил. В случае неполноты представленных документов, местные исполнительные органы отказывают в принятии заявления.
      8. При приеме документов местными исполнительными органами заявителю выдается расписка о приеме соответствующих документов согласно приложению 2 к настоящим Правилам.
      9. Заявление о государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта рассматривается местными исполнительными органами в течение десяти календарных дней со дня подачи заявления.
      По итогам рассмотренных заявлений местные исполнительные органы выдают свидетельство о государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта.
      10. Сбор за государственную регистрацию и выдачу дубликата свидетельства транспортных средств городского рельсового транспорта взимается в порядке и размере, определяемых Кодексом Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс)».
      11. При соответствии представленных заявителем документов перечню, указанному в пункте 6 Правил, подготавливается свидетельство о государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта за подписью должностного лица местного исполнительного органа.
      12. Свидетельство о государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта по форме, согласно приложению 3 к настоящим Правилам, является документом строгой отчетности, имеет учетную серию и номер, выдается на каждую регистрируемую единицу транспортных средств городского рельсового транспорта.
      13. Прошедшие государственную регистрацию транспортные средства городского рельсового транспорта подлежат внесению в реестр транспортных средств городского рельсового транспорта (далее - реестр) по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам.
      14. В случаях заключения договора имущественного найма (аренды, продажа), лизинга, доверительного управления имуществом, владелец транспортных средств городского рельсового транспорта уведомляет об этом местный исполнительный орган в форме заявления (форма заявления произвольная).
      Местный исполнительный орган вносит указанные сведения в реестр.
      15. Местный исполнительный орган отказывает в регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта и выдает мотивированный отказ в письменном виде не позднее десяти календарных дней со дня поступления заявления в случаях:
      1) несоответствия технического паспорта транспортных средств указанным данным в перечне транспортных средств городского рельсового транспорта, подлежащего государственной регистрации;
      2) нахождения транспортных средств городского рельсового транспорта под арестом в соответствии с принятым решением суда.
      16. Транспортные средства городского рельсового транспорта исключаются из реестра в случаях:
      1) списания транспортных средств городского рельсового транспорта, его повреждения без восстановления;
      2) отчуждения транспортных средств городского рельсового транспорта с последующим вывозом для использования за пределами Республики Казахстан.
      17. При исключении транспортных средств городского рельсового транспорта из реестра собственник либо приравненное к нему лицо представляет в местный исполнительный орган заявление в произвольной форме с приложением:
      1) свидетельства о государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта;
      2) акта о списании либо документа о повреждении, продаже транспортных средств городского рельсового транспорта с последующим вывозом для использования за пределами Республики Казахстан.
      18. Местный исполнительный орган вносит в реестр сведения о прекращении деятельности по эксплуатации транспортных средств городского рельсового транспорта.
      19. В случаях порчи, либо утери ранее выданного свидетельства о государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта, принадлежащего физическому либо юридическому лицу, выдается дубликат свидетельства о государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта в течение 5 календарных дней с момента поступления заявления о выдаче дубликата свидетельства о государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта.

Приложение 1           
к Правилам государственной регистрации
транспортных средств городского  
рельсового транспорта       

                                      _______________________________
                                      _______________________________
                               (наименование местного исполнительного
                                  органа городов областного значения)

                        Заявление

      Прошу зарегистрировать транспортные средства городского
рельсового транспорта, принадлежащие на праве
____________________________________________________________________,
    (собственности, имущественного найма, аренды или лизинга)
в количестве ___ единиц.
Адрес:
г. _______________, ул. ____________________
РНН (ИИН, БИН): ____________________________
контактные телефоны (факс), ________________
Перечень прилагается на ___ листах.
Заявитель ___________________________/_______________________________
          (подпись физического лица             (Ф.И.О.)
            либо руководителя
            юридического лица)
М.П.
(для юридического лица и индивидуального предпринимателя)

Приложение 2           
к Правилам государственной регистрации
транспортных средств городского  
рельсового транспорта       

                                      _______________________________
                                      _______________________________
                               (наименование местного исполнительного
                                  органа городов областного значения)

                              РАСПИСКА

            в получении документов по заявлению о регистрации
      транспортных средств городского рельсового транспорта № ______
                        от «__» __________ 20__ г.
                     Время: _______ час.________ мин.

Перечень принятых документов: (наименование документа, серия, номер,
когда и кем выдан)
1. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Принял: ____________________________________________
              Ф.И.О. и подпись лица, принявшего заявление
Дата выполнения заявления «__» ___________ 20 __ г.

                                      _______________________________
                                      _______________________________
                               (наименование местного исполнительного
                                  органа городов областного значения)

                              РАСПИСКА

в получении документов по заявлению о транспортных средств городского
                       рельсового транспорта № ______
                         от «__» __________ 20__ г.
                      Время: _______ час.________ мин.

Перечень принятых документов: (наименование документа, серия, номер,
когда и кем выдан)
1. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Принял: ____________________________________________
              Ф.И.О. и подпись лица, принявшего заявление
Дата выполнения заявления «____» ___________ 20__ г.

Приложение 3           
к Правилам государственной регистрации
транспортных средств городского  
рельсового транспорта       

                                      _______________________________
                                      _______________________________
                               (наименование местного исполнительного
                                  органа городов областного значения)

                        СВИДЕТЕЛЬСТВО
      о государственной регистрации транспортных средств
                  городского рельсового транспорта

      Настоящее свидетельство выдано в соответствии с Законом 
Республики Казахстан от 21 сентября 1994 года № 156 «О транспорте в
Республике Казахстан»
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________,
                (полное наименование владельца, Ф.И.О.)
находящегося на праве,
_______________________________________________
      (указать права на транспортные средства городского рельсового
транспорта)
      и подтверждает государственную регистрацию транспортных средств
городского рельсового транспорта
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      заводской номер _______________________________________________
      инвентарный номер _____________________________________________
      секция _________________________
      год постройки __________________

      Настоящее свидетельство применяется во всех предусмотренных
законодательством Республики Казахстан случаях и предъявляется вместе
с документом, удостоверяющим владельца транспортного средства
городского рельсового транспорта, подлежит замене в случае изменения
приведенных в нем сведений.
______________________________________________________________
______________________________________
      Дата выдачи «__» _________ 20__ г.
      М.П.
      Должностное лицо уполномоченного органа _______________________
                                                 подпись, Ф.И.О.

Приложение 4           
к Правилам государственной регистрации
транспортных средств городского  
рельсового транспорта       

Реестр
транспортных средств городского рельсового транспорта

Акимат

№ свидетельства

Дата выдачи

Собственник

Вид собственности

Арендатор

Срок аренды

Маршрут курсирования

1

2

3

4

5

6

7

8










Дата постройки

Нормативный срок службы

Фактический срок службы

Дата последнего ремонта

Дата следующего ремонта

Техническое состояние

Депо приписки

годен

списан

9

10

11

12

13

14

15

16









Руководитель ___________________/__________________________/
                  (подпись)              (Ф.И.О)
МП
      (для юридического лица и индивидуального предпринимателя)