"Темір жол және әуе көлігінде өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрт салдарларын жою ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 ақпандағы № 148 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 1318 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Темір жол және әуе көлігінде өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрт салдарларын жою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 ақпандағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 80-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Темір жол, әуе көлігінде және метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрттердің салдарын жою ережелерін бекіту туралы»;
      1-тармақтың 3) тармақшасындағы «ережесі бекітілсін.» деген сөздер «ережесі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) Метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрттердің салдарын жою ережесі бекітілсін.»;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1318 қаулысына   
қосымша         

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 16 ақпандағы
№ 148 қаулысымен   
бекітілген      

Метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын
жүргізу және өрттердің салдарын жою ережесі

1. Жалпы талаптар

      1. Осы Метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрттердің салдарын жою ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді әрі метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрттердің салдарын жою тәртібін анықтайды.
      2. Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
      1) диспетчерлік қызмет – метрополитеннің жылжымалы құрамының қозғалысын басқаруды және қозғалыс кестесінің сақталуын үздіксіз бақылауды жүзеге асыратын қызмет;
      2) метрополитен жолаушысы – жол жүру құжаты (билеті) бар және метрополитенде жол жүретін жеке тұлға;
      3) метрополитеннің көлік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-қимыл жасайтын жолаушыларды, багажды метрополитеннің жылжымалы құрамымен тасымалдау, көлік құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметпен айналысатын заңды тұлға;
      4) метрополитен – көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі;
      5) метрополитеннің өртке қарсы қызметі – метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрттердің салдарын жою үшін құрылатын метрополитеннің көлік кәсіпорнының құрылымдық бөлімшесі;
      6) эскалатор – адамдардың бір деңгейден екінші деңгейіне ауысуы үшін қозғалмалы баспалдақтары бар баспалдақ түріндегі көтергіш-көлік қондырғысы;
      7) метрополитеннің жылжымалы құрамы – бір немесе бірнеше вагондық секциялардан тұратын және жолаушыларды тасымалдауға арналған жылжымалы құрам.

2. Метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын
жүргізу тәртібі

      3. Метрополитендегі өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмысы мыналарды қамтиды:
      1) метрополитен объектілерінде жоспарлы тексерулерді жүргізу (жылына кемінде екі рет);
      2) метрополитен объектілерінде тұрақты бақылау мақсатындағы тексерулерді жүргізу;
      3) белгіленген өртке қарсы нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылау;
      4) метрополитен объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша анықталған кемшіліктерді жою;
      5) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құжаттарды әзірлеу;
      6) өрт қауіпсіздігі шаралары және өрт туындаған жағдайда іс-қимылдар туралы метрополитеннің көлік кәсіпорны қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
      4. Алдын алу жұмыстарын осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген іс-шараларды жүргізу жолымен метрополитеннің өртке қарсы қызметі жүзеге асырады.
      5. Метрополитен объектілерінде жоспарлы тексеруді жүргізу кезінде мыналар:
      1) өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы нұсқаулықтардың болуы және оларды сақтау деңгейі;
      2) объектінің өрт қауіпсіздігінің нақты жай-күйінің белгіленген өртке қарсы нормалар мен қағидаларға сәйкестігі;
      3) бұрын белгіленген өртке қарсы іс-шаралардың орындалу деңгейі;
      4) метрополитеннің әрбір станциясында жедел өрт сөндіру жоспарының, өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы талаптарының, жолаушыларды эвакуациялау жоспарының, түтінденген немесе өрт болған жағдайда, тоннель желдеткішінің шахтасы жұмысы істегенде метрополитен жұмыскерлерінің іс-қимыл жасау тәртібінің болуын белгілейді.
      Көрсетілген құжаттар станция кезекшісінің үй-жайында, жедел өрт сөндіру жоспарының екінші данасы кассада аға кассирде сақталады және өрт сөндіру басшысының бірінші талабы бойынша беріледі;
      5) өрт байланысының, өрт сөндірудің бастапқы құралдарының және өрт автоматикасы мен сигнализация қондырғыларының болуы және техникалық жай-күйі;
      6) метрополитеннің диспетчерлік қызметінің және станция кезекшілерінің үй-жайларында (өрт сөндіру бекетінде) өрт туралы және өрт сөндіру автоматикасы мен сигнализация қондырғыларының (жүйелерінің) жұмыс істемей тұрғандығы жөнінде сигналдар алған кезде, метрополитеннің көлік кәсіпорнының басшысы бекіткен жедел (кезекші) персоналдың іс-қимылдары туралы нұсқаулықтың болуы;
      7) диспетчерлік қызметтің үй-жайларында радиоалмасу ақпаратын жазу үшін қондырғының болуы анықталады.
      6. Алдын алу жұмыстарын жүргізу шеңберінде метрополитеннің көлік кәсіпорнының басшысы мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органымен келісім бойынша метрополитеннің жылжымалы құрамында және объектілерінде өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде метрополитеннің өртке қарсы қызметінің мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органымен өзара іс-қимыл жасау туралы нұсқаулықты (бұдан әрі – Нұсқаулық) әзірлейді және бекітеді.
      Нұсқаулық бір жылда кемінде бір рет түзетіледі, сондай-ақ технологиялық процесс пен жұмыс шарттары өзгерген кезде пысықтауға жатады.
      7. Өрт сөндіру қызметі жоспарлы тексерулердің, күнделікті бақылау мақсатындағы тексерулердің нәтижелері бойынша мынадай шаралар қабылдайды:
      1) жоспарлы тексерудің актісі жасалады, онда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жай-күйі айқындалады, анықталған бұзушылықтары белгіленеді, анықталған бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдері және орындаушылары айқындалады. Жоспарлы тексеру актісін метрополитеннің көлік кәсіпорнының басшысы бекітеді;
      2) метрополитеннің көлік кәсіпорнының басшысына объектілердегі өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы жазбаша баяндайды, оны жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдайды.

3. Метрополитенде өрттердің салдарын жою тәртібі

      8. Өрттердің салдарын жою үшін өртке қарсы қызмет бірінші кезектегі тапсырмаларды белгілейді, оларға:
      1) өрттердің салдарын бағалау;
      2) метрополитеннің станцияларында, тоннельдерінде және жылжымалы құрамында адамдардың бар (немесе жоқ) болуын тексеру;
      3) метрополитеннің қосымша күштері мен құралдарын тарту туралы шешімді қабылдау кіреді.
      9. Өрттердің салдарын жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін өрт болған метрополитен объектілерінде штаб ұйымдастырылады.
      Штаб өрттердің салдары туралы ақпаратты қарайды, оларды жою бойынша жоспарды қалыптастырады, оны метрополитеннің көлік кәсіпорнының басшысы бекітеді.
      Штабты жұмыспен қамтамасыз ету метрополитеннің көлік кәсіпорнының басшысына жүктеледі.
      10. Өрттердің салдарын жою кезінде мыналар:
      1) халықты қауіпті аймақтан эвакуациялау;
      2) метрополитеннің көлік кәсіпорнының қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
      3) өрт болған метрополитен объектісінің жұмысын тоқтату немесе уақытша тоқтату;
      4) метрополитен объектісінің жұмыс режимін өзгерту;
      5) жолаушылардың қозғалуына шектеу (карантин) қою жатады.

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 февраля 2008 года № 148 "Об утверждении Правил проведения профилактических работ по пожарной безопасности и ликвидации последствий пожаров на железнодорожном и воздушном транспорте"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 декабря 2013 года № 1318. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 июня 2015 года № 457

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 18.06.2015 № 457 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 февраля 2008 года № 148 «Об утверждении Правил проведения профилактических работ по пожарной безопасности и ликвидации последствий пожаров на железнодорожном и воздушном транспорте» (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 7, ст. 80) следующие изменение и дополнения:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      «Об утверждении Правил проведения профилактических работ по пожарной безопасности и ликвидации последствий пожаров на железнодорожном, воздушном транспорте и метрополитене»;
      пункт 1 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      «4) Правила проведения профилактических работ по пожарной безопасности и ликвидации последствий пожаров на метрополитене.»;
      дополнить приложением согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Приложение        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 5 декабря 2013 года № 1318

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 16 февраля 2008 года № 148

Правила
проведения профилактических работ по пожарной
безопасности и ликвидации последствий пожаров на метрополитене 1. Общие требования

      1. Настоящие Правила проведения профилактических работ по пожарной безопасности и ликвидации последствий пожаров на метрополитене (далее – Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан «О транспорте в Республике Казахстан», «О пожарной безопасности» и определяют порядок проведения профилактических работ по пожарной безопасности и ликвидации последствий пожаров на метрополитене.
      2. В Правилах применяются следующие основные понятия:
      1) диспетчерская служба – служба, осуществляющая управление движением подвижного состава метрополитена и непрерывный контроль соблюдения графика (расписания) движения;
      2) пассажир метрополитена – физическое лицо, имеющее проездной документ (билет) и совершающее поездку на метрополитене;
      3) транспортное предприятие метрополитена – юридическое лицо, занятое деятельностью по перевозке пассажиров, багажа подвижным составом метрополитена, хранению, техническому обслуживанию и ремонту транспортных средств, действующее в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      4) метрополитен – вид городского рельсового транспорта, осуществляющего регулярные социально значимые перевозки пассажиров и багажа по путям, изолированным (отделенным, не имеющим одноуровневых пересечений) от линий иных видов транспорта и прохода пешеходов к ним;
      5) противопожарная служба метрополитена – структурное подразделение транспортного предприятия метрополитена, создаваемое для проведения профилактических работ по пожарной безопасности и ликвидаций последствий пожаров на метрополитене;
      6) эскалатор – подъемно-транспортное устройство в виде лестницы с движущимися ступенями для перемещения людей с одного уровня на другой;
      7) подвижной состав метрополитена – подвижной состав, состоящий из одного или нескольких вагонных секций и предназначенный для перевозки пассажиров.

2. Порядок проведения профилактических работ по пожарной
безопасности на метрополитене

      3. Профилактическая работа по пожарной безопасности на метрополитене включает в себя:
      1) проведение плановых обследований объектов метрополитена (не менее двух раз в год);
      2) проведение регулярных контрольных проверок объектов метрополитена;
      3) проведение ежедневного контроля соблюдения установленных противопожарных норм и правил;
      4) устранение выявленных недостатков по обеспечению пожарной безопасности на объектах метрополитена;
      5) разработку документов, направленных на обеспечение пожарной безопасности;
      6) проведение разъяснительной работы с работниками транспортного предприятия метрополитена о мерах пожарной безопасности и действиях в случае возникновения пожара.
      4. Профилактическую работу осуществляет противопожарная служба метрополитена путем проведения мероприятий, указанных в пункте 3 настоящих Правил.
      5. При проведении на объектах метрополитена планового обследования устанавливается:
      1) наличие инструкций о мерах пожарной безопасности и степень их соблюдения;
      2) соответствие фактического состояния пожарной безопасности объекта установленным противопожарным нормам и правилам;
      3) степень выполнения ранее установленных противопожарных мероприятий;
      4) наличие на каждой станции метрополитена оперативного плана пожаротушения, требований о мерах пожарной безопасности, плана эвакуации пассажиров, порядка действий работников метрополитена при работе шахт тоннельной вентиляции в случае задымления или пожара.
      Указанные документы хранятся в помещении дежурного по станции, второй экземпляр оперативного плана пожаротушения хранится в кассе у старшего кассира и выдается по первому требованию руководителя тушения пожара;
      5) наличие и техническое состояние пожарной связи, первичных средств пожаротушения и установок пожарной автоматики и сигнализации;
      6) наличие в помещениях диспетчерской службы и дежурных по станции метрополитена (пожарные посты) инструкции о действиях оперативного (дежурного) персонала при получении сигналов о пожаре и неисправности установок (систем) пожарной автоматики и сигнализации, утверждаемой руководителем транспортного предприятия метрополитена;
      7) наличие в помещениях диспетчерской службы устройства для записи информации радиообмена.
      6. В рамках проведения профилактических работ руководитель транспортного предприятия метрополитена разрабатывает и утверждает по согласованию с территориальным органом государственной противопожарной службы инструкцию о взаимодействии противопожарной службы метрополитена с территориальными органами государственной противопожарной службы при тушении пожаров и проведении аварийно-спасательных работ в подвижном составе метрополитена и на объектах метрополитена (далее – Инструкция).
      Инструкция корректируется не реже одного раза в год, а также при изменении технологического процесса и условий работы, подлежит доработке.
      7. По результатам плановых обследований, ежедневных контрольных проверок противопожарной службой принимаются следующие меры:
      1) составляется акт планового обследования, в котором определяется состояние обеспечения пожарной безопасности, отмечаются выявленные нарушения, определяются конкретные сроки и исполнители устранения выявленных нарушений. Акт планового обследования, утверждается руководителем транспортного предприятия метрополитена;
      2) письменно докладывают руководителю транспортного предприятия метрополитена о состоянии пожарной безопасности на объектах, вносят предложения по ее улучшению и принимают меры по устранению выявленных нарушений.

3. Порядок ликвидации последствий пожаров на метрополитене

      8. Для ликвидации последствий пожаров противопожарной службой устанавливаются первоочередные задачи, к которым относятся:
      1) оценка последствий пожара;
      2) проверка наличия (или отсутствия) людей на станциях, туннелях и подвижном составе метрополитена;
      3) принятие решения о привлечении дополнительных сил и средств метрополитена.
      9. Для организации работ по ликвидации последствий пожара организовывается штаб на объектах метрополитена, где произошел пожар.
      Штаб рассматривает информацию о последствиях пожара, формирует план по их устранению, который утверждается руководителем транспортного предприятия метрополитена.
      Обеспечение работы штаба возлагается на руководителя транспортного предприятия метрополитена.
      10. При ликвидации последствий пожара проводятся:
      1) эвакуация населения из опасной зоны;
      2) мобилизация необходимых материально-технических ресурсов транспортного предприятия метрополитена;
      3) прекращение или приостановление работы объекта метрополитена, на котором произошел пожар;
      4) изменение режима работы объекта метрополитена;
      5) введение ограничения (карантин) на передвижение пассажиров.