Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледі) қаулысымен.
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары;
2) зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1370 қаулысымен
бекітілген
Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік
монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің
бағасы
Р/с |
Көрсетілетін қызмет атауы |
Өлшем бірлігі |
Бағасы, ҚҚС қоспағанда, теңгемен |
1 |
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлем алушылардың іс макеттерін қалыптастыру |
1 макет |
2 642,83 |
2 |
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлем сомаларын алушылардың шоттарына аудару |
1 төлем |
202,42 |
3 |
Міндетті әлеуметтік аударымдарды және (немесе) олар бойынша өсімпұлды агенттерден Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару |
1 төлем тапсырмасы |
7,84 |
4 |
Әлеуметтік аударымдардың артық (қате) төленген сомаларын және олар бойынша өсімпұлды төлеушілерге қайтару |
1 төлем тапсырмасы |
594,80 |
5 |
Заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық көрсетілетін қызметтер ұсыну |
1 ақпарат |
588,79 |
6 |
Жәрдемақы мөлшерлері туралы ақпарат беру |
1 ақпарат |
186,77 |
7 |
Әлеуметтік төлемдердің саны және орташа сомасы туралы ақпарат беру |
1 ақпарат |
197,13 |
8 |
Міндетті әлеуметтік аударымдардың аударылған сомасы туралы агенттерге растау |
1 ақпарат |
219,89 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1370 қаулысымен
бекітілген
Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия
субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің
бағасы
Р/с |
Көрсетілетін қызмет атауы |
Өлшем бірлігі |
Бағасы, ҚҚС қоспағанда, теңгемен |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Республикалық бюджеттен зейнетақы алушылардың, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың және мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылардың іс макеттерін қалыптастыру |
1 макет |
2 908,34 |
2 |
Республикалық бюджеттен жәрдемақы алушылар үшін іс макеттерін қалыптастыру |
1 макет |
2 642,83 |
3 |
Республикалық бюджет есебінен төленетін зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын алушылардың шоттарына аудару |
1 төлем |
202,42 |
4 |
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару |
1 төлем тапсырмасы |
24,13 |
5 |
Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) олар бойынша өсімпұлдың қате төленген сомаларын агенттерге қайтару |
1 төлем тапсырмасы |
484,61 |
6 |
Әлеуметтік қамсыздандырудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әкімшілендіру |
айына 1 қызмет |
7 281 379,70 |
7 |
«Мүгедектігі бар тұлғалардың орталықтандырылған деректер қоры» ақпараттық жүйесін әкімшілендіру |
айына 1 қызмет |
1 819 666,67 |
8 |
Заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық көрсетілетін қызмет ұсыну |
1 ақпарат |
588,79 |
9 |
Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшер туралы ақпарат беру |
1 ақпарат |
186,77 |
10 |
Белгілі бір кезеңге 10 % міндетті зейнетақы жарналары аударымдарының саны және орташа сомасы туралы ақпарат ұсыну |
1 ақпарат |
197,13 |
11 |
Зейнетақы төлемдерінің саны және орташа сомасы туралы ақпарат беру |
1 ақпарат |
197,13 |
12 |
10 % міндетті зейнетақы жарналарының 3 айдағы айлар бөлінісіндегі аударымдар саны мен сомасы туралы ақпарат |
1 ақпарат |
189,73 |
13 |
10 % міндетті зейнетақы жарналарының 6 айдағы айлар бөлінісіндегі аударымдар саны мен сомасы туралы ақпарат |
1 ақпарат |
207,01 |
14 |
10 % міндетті зейнетақы жарналарының 12 айдағы айлар бөлінісіндегі аударымдар саны мен сомасы туралы ақпарат |
1 ақпарат |
334,01 |
15 |
10 % міндетті зейнетақы жарналарының 36 айдағы айлар бөлінісіндегі аударымдар саны мен сомасы туралы ақпарат |
1 ақпарат |
461,30 |
16 |
Салымшылардың саны және олардың аударымдарының мөлшері туралы ақпаратты БСН/СТН бөлінісінде салымшылардың тізімдерімен қоса ұсыну |
1 ақпарат |
219,89 |
17 |
Салымшының міндетті зейнетақы жарналарының аударылған сомасы туралы агенттерге растау |
1 ақпарат |
219,89 |