Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1370 қаулысына пресс-релиз
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласында мемлекеттік монополия субъектіcі іске асыратын қызметтерге бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1370 қаулысы «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының 20-бабының 2-тармағын және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 10-1-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі