"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.03.2024 № 151 қаулысымен.1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Мақашұлы Жұманғаринге және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Төкешұлы Такиевке "Eurasian Resourses Group S.a.r.l." компаниясы (Люксембург) Директорлар кеңесінің құрамына кіруге рұқсат етілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.03.2024 № 151 қаулысымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |