Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi болып тағайындалсын.
2. Қайрат Нематұлы Келімбетов және Болат Бидахметұлы Жәмішев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндеттерінен босатылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов