Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1435 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi болып тағайындалсын.
      2. Қайрат Нематұлы Келімбетов және Болат Бидахметұлы Жәмішев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндеттерінен босатылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады