Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 2-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 11-құжат, № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 29-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21, 72-құжаттар; № 7, 6-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат):
1) мазмұнында:
356-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«356-бап. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау»;
571-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«571-1-бап. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган»;
2) 184-1-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ мемлекет қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын аудиттелетін субъектілердің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына, осы ұйымдарға аудит жүргізу нәтижесінде анықталған бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы хабарламауы –
заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 356-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«356-бап. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдарына олардың өз құзыретiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердi, қызмет туралы, кiрiстер туралы, энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандырылу туралы, энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың және олардың шығындарының көлемі туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы, атом энергиясын пайдалану туралы ақпаратты беруден бас тарту арқылы, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптама және заңнамада көзделген басқа да іс-әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту арқылы кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не анық емес ақпарат беру –
жеке тұлғаларға үш, лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің 130, 147-9, 172-1, 172-2, 216, 219, 219-10, 305, 313, 317, 317-1, 317-4, 362, 381, 474, 486, 522, 528-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау және қадағалау, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының (лауазымды адамдары), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынымдарды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау, –
жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды тұлғалар мен дара кәсiпкерлерге он беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 571-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Кодекстiң 176 (екiншi бөлiгінде), 177, 178, 179-2, 184-2, 186, 204, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары; аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы құқылы.»;
5) 571-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«571-1. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган
1. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 167, 167-2-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.».
6) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
отызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының (158 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаса), 168-3, 168-5, 168-8, 175 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаса), 176 (үшінші бөлігі), 177-3, 177-4, 177-5, 179 (бірінші және екінші бөліктері), 179-1, 183, 184, 184-1 (үшінші және бесінші бөліктерді қоспағанда), 185-баптар);»;
отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның (356-бап);».
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 105-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«105-1-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау»;
7-бөлімнің тақырыбы алып тасталсын;
138-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;
2) 3-баптың 1-тармағында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектілері) – мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«бұзушылық – Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының,
сондай-ақ өзге нормативтік құқықтық актілерінің, оның ішінде оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері құқықтық актілерінің талаптарына және ережелеріне қайшы келетін әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік);»;
12-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12-4) бюджет процесi – мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілікті, бюджеттік есеп пен бюджеттік есептілікті, мемлекеттiк аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi;»;
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«40) қаржылық есептілік – егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттiк аудит объектілерінің қаржылық жағдайы, қызметінің қаржылық нәтижелері және олардың қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат;»;
56-2) тармақша алып тасталсын;
3) 44-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Нысаналы трансферттердің және бюджеттік кредиттердiң нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органының актiсiне сәйкес осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау актісіне қол қойылғаннан кейiн үш айдан кешіктірілмей міндетті түрде қайтарылуға жатады.»;
4) 46-бап мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
«17. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына ағымдағы бағалау жүргізу және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру үшін қол қойғаннан (өзгерістер енгізгеннен, есепті жасағаннан) кейiн бес жұмыс күнінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттердің нәтижелері туралы келісімдерді, олардағы өзгерістерді, нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есептерді Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне жібереді.»;
5) 53-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, қаржы мониторингі;»;
6) 85-бап мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына ағымдағы бағалау жүргізу және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру үшін жасағаннан және қол қойғаннан (өзгерістер енгізгеннен) кейiн бес жұмыс күнінен кешіктірмей бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган тиісінше міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген құжаттарға енгізілген өзгерістерді осындай өзгерістердің негіздемелерімен бірге Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетіне жібереді.»;
7) мынадай мазмұндағы 105-1-баппен толықтырылсын:
«105-1-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау
1. Бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыру, бюджетті атқару кезінде бұзушылықтар мен кемшіліктерді болғызбау, олардың жолын кесу және оларды анықтау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен осыған уәкілеттік берілген органдар тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып жүргізеді.
Мемлекеттік сыртқы аудит және қаржылық бақылау органдары мен қызметкерлерін мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша олардың жұмыс жоспарларында көзделмеген тексерулерді (бақылауды, қадағалауды) жүргізу үшін тартуға жол берілмейді.»;
8) 112-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тоқсан сайын және жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне, жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалы есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмауы туралы ескертпе-ақпарат жібереді.
9) 120-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.»;
10) 125-баптың 2, 3, 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органға, тоқсан сайын – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне береді.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша ай сайын облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың есеп комиссиясына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі аудит жөніндегі органға береді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын және жыл қорытындылары бойынша осы Кодекстің 124-бабында көзделген есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға береді.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да есептерді әкімдікке, облыстың есеп комиссиясына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі аудит жөніндегі органға береді.»;
11) 127-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті айдан кейінгі жылдың 25 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.»;
12) 129-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі аудит жөніндегі органына ұсынады.»;
13) 130-баптың 2-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың есеп комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуына мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы баяндамасын;»;
14) 131-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың
1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса әкімдікке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі аудит жөніндегі органға ұсынады.»;
15) 132-баптың 2-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«облыстың есеп комиссиясы төрағасының немесе төраға уәкілеттік берген мүшесінің аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуына мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы баяндамасын;»;
16) «Мемлекеттік қаржылық бақылау» деген 7-бөлім алып тасталсын.
3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-2, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 85-құжат; № 16, 97, 98, 103-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 37, 40-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 102, 105-құжаттар; № 15, 106-құжат; №18, 144-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 20-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат № 8, 50, 51-құжаттар; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат):
557-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде қажетті мәліметтер бөлігінде сыртқы мемлекеттік аудит органдарына береді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті cалық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жетімділігі бар Есеп комитеті мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың есеп комиссияларының лауазымды адамдарының тiзбесiн бекітеді.
Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің тізбесін және оларды Есеп комитетіне және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың есеп комиссияларына ұсыну тәртібін уәкілетті органмен бірлесе отырып, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бекітеді;».
4. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 94-құжат; 1999 ж., № 12, 398-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат):
45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«45-бап. Республика Президентi, Премьер-Министрi мен Үкiметiнiң мүшелерi, Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, Бас Прокуроры, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ Мемлекеттiк хатшы, Президент Әкiмшiлiгiнiң және Премьер-Министр Кеңсесiнiң басшылары, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң Парламенттегi өкiлдерi тұрақты комитеттердiң кез келген ашық та, жабық та отырыстарына қатысуға құқылы және өз сөздерiн тыңдатуға құқығы бар.».
5. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат):
25-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын аудиттелетін субъектілер өз қызметіне қаржылық есептілік аудиті жүргізілгеннен кейін бір ай мерзімде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалану кезінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу туралы ақпарат береді.».
6. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат):
8-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мүдделi тұлғалардың жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа құқықтық актiнiң күшiн жою, оны өзгерту немесе қолданылуын тоқтата тұру туралы өтініш беруi тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн құқықтық актiнiң (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актісін, оның жазбаша нұсқамаларын, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері жөніндегі актілерге және бюджет қаражатын мақсатсыз және негізсіз пайдаланудың анықталған фактілеріне байланысты мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының талаптарын қоспағанда) қолданылуын тоқтата тұрады.».
7. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжат; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат):
1) бүкіл мемлекеттік мәтіндегі барлық «тексеру» деген сөздер тиісінше «есеп» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) 6-бапта:
1-тармақтың 9-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-2) мемлекеттік аудит объектілерін тексеру комиссиялары жұмыстарының жоспарына енгізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың есеп комиссияларына ұсыныстар енгізу;»;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының құзыретіне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың есеп комиссиясының төрағасын қызметке бес жылға тағайындау, сондай-ақ оны қызметтен босату жатады.»;
2) 21-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
1. Мәслихат депутаттары саяси партиялар фракциялары және өзге де қоғамдық бірлестіктер, депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Мәслихат хатшысы депутаттық бірлестіктерге кіре алмайды.»;
3) 2-1-тарау алып тасталсын.
8. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 23 – 24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат):
1) 1-бапта:
16) тармақша алып тасталсын;
1-баптың 34) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«34) нұсқама – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілік шараларын қолдану үшін бақылау (мемлекеттік аудит) объектілеріне жіберілетін уәкілетті органның орындауға міндетті актісі;»;
2) 10-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әлеуетті өнім беруші табыс ететін біліктілік талаптар бойынша ақпараттың дұрыстығын тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген кезеңінде анықтауы мүмкін.»;
3-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың 2) тармақшасының талабы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың есеп комиссияларына, олар мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушілер (ұйымдастырушылар) ретінде болған жағдайларды қоспағанда қолданылмайды.»;
3) 14-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;»;
4) 15-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау объектілеріне осы баптың 2-тармағында көрсетілген, бір мезгілде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері болып табылатын тұлғалар жатады.».
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бақылау мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жасағаны туралы ақпарат келіп түскенде;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Уәкілетті орган бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда мынадай шаралар қолданады:
1) бақылау, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісіне орындауға міндетті аудиторлық нұсқама жібереді;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.»;
7-тармақ алып тасталсын;
8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісінің қылмыс құрамы белгілері бар іс-әрекетті (әрекетсіздікті) жасауы фактісі анықталған кезде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осындай факті анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аталған іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактіні растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына беруге міндетті.
9. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.».
9. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат, 95; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат):
1) 12-баптың 3-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерді, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор активтерін жоспарлау және атқару мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;»;
2) 18-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Ішкі аудит қызметтерін қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі уәкілетті органда тексерулерді тіркеуді жүзеге асырады.»;
10. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат):
8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Республикалық және коммуналдық мүліктің сақталуын бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орталық және жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері жүзеге асырады. Мемлекеттік мүліктің сақталуын бақылауды өзге мемлекеттік қаржылық бақылау органдары да жүзеге асыра алады.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті