Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.08.2017 № 475 қаулысымен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға, |
Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы | - | Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі; |
көрсетілген құрамнан Қайрат Нематұлы Келімбетов, Болат Оралұлы Ақшолақов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |