Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы» Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл
жөніндегі кеңес туралы
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында:
1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңестің лауазымдық құрамы;
2) Кеңес туралы ереже бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы " "
№ өкімімен
бекітілген
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл
жөніндегі кеңес туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Кеңестің лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысының актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің міндеттері мен құқықтары
3. Кеңестің міндеттері:
1) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – Ұйым) бастамалары мен бағдарламаларын үйлестіру;
2) мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Ұйыммен тиімді ынтымақтастық процесін қамтамасыз ету;
3) Ұйымның стандарттары мен ұсынымдарын енгізуге жәрдемдесу болып табылады.
4. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде:
1) Ұйым шеңберінде жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұратуға және алуға құқылы.
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
6. Кеңес төрағадан, оның орынбасарынан және Кеңес мүшелерінен тұрады.
7. Кеңесті:
1) Кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын;
2) Кеңес отырыстарының өткізілетін орны мен уақытын айқындайтын;
3) Кеңес отырыстарына төрағалық ететін төраға басқарады.
8. Кеңестің төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары орындайды.
9. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады.
Жұмыс органы Кеңестің қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырыстарының күн тәртібінің жобаларын және оның жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті өзге де материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді, оларды Кеңестің қарауына ұсынады.
10. Кеңестің отырыстары Кеңес төрағасының бастамасымен жоспарланған отырысқа дейін кемінде үш жұмыс күні қалғанда шақырылады.
11. Отырыс басталғанға дейін кемінде бір жұмыс күні қалғанда Кеңес мүшелері өздерінің отырысқа қатысатынын растайды.
12. Кеңестің отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ жартыжылдықта кемінде бір рет өткізіледі. Кеңес төрағасының шешімі және жұмыс органының ұсыныстары бойынша кезектен тыс отырыстар шақырылып, оның қарауына шұғыл шешім қабылдауды қажет ететін мәселелер шығарылуы мүмкін.
13. Кеңес отырысы оның құрамының кемінде жартысы қатысқан жағдайда, заңды болып табылады.
14. Кеңестің шешімдері оның отырысына қатысып отырған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Кеңес мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағалық етуші берген дауыс шешуші болып табылады.
15. Кеңестің шешімдері Кеңес төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Кеңес хаттамасының көшірмелері тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға жіберіледі.
16. Кеңестің қызметі Қазақстан Республикасының Президенті шешімінің негізінде тоқтатылады.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы " "
№ өкімімен
бекітілген
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл
жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының жобаларын үйлестіру және іске асыру мәселелеріне жетекшілік етуші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы
«Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)