Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.03.2015 № 143 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 49, 475-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 44 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 23 қазандағы
№ 1592 қаулысына
қосымша
Алкоголь өніміне арналған ең төменгі бағалар
Алкоголь өнімінің түрлері |
Қолданылу кезеңі |
Алкоголь өнімін бөлшек сату бағасы |
Арақтар және айрықша арақтар, күшті ликер-арақ бұйымдары және басқа да күшті алкоголь ішімдіктері |
2014 жыл |
1120 |
2015 жылдан бастап |
1300 |
|
2016 жылдан бастап |
1600 |