Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.03.2015 № 143 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1999 жылдың 1 қарашасынан бастап қосымшаға сәйкес алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.16. N 201 қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 23 қазандағы
№ 1592 қаулысына
қосымша
Алкоголь өніміне арналған ең төменгі бағалар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.02.2014 N 44 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Алкоголь өнімінің түрлері |
Қолданылу кезеңі |
Алкоголь өнімін бөлшек сату бағасы |
Арақтар және айрықша арақтар, күшті ликер-арақ бұйымдары және басқа да күшті алкоголь ішімдіктері |
2014 жыл |
1120 |
2015 жылдан бастап |
1300 |
|
2016 жылдан бастап |
1600 |