Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
оң жақ жоғарғы бұрышындағы «қаулысына 2-қосымша» деген сөздер «қаулысымен бекітілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолдағы «726» деген сандар «683» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов