Көші-қон карточкасын беру қағидаларын бекіту және "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 133 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 190 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.04.2016 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Көші-қон карточкасын беру қағидалары бекітілсін.
      2. «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында:
      8-тармақ алынып тасталсын;
      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде өзінің тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша тіркеледі. Көшіп келушілерді тіркеу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.».
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 133 қаулысымен  
бекітілген     

Көші-қон карточкасын беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Көші-қон карточкасын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасына келген кезде шетелдіктерге көші-қон карточкаларын беру тәртібін айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасына келген кезде 16 жасқа толған шетелдікке көші-қон карточкасы беріледі.
      Мынадай:
      1) Қазақстан Республикасының дипломаттық, қызметтік және инвесторлық визалары бар адамдарға, сондай-ақ дипломаттық, қызметтік паспорттары мен уәкілетті органнан «инвестор» мәртебесін растауы бар адамдарға;
      2) әуе, теңіз және өзен кемелерінің мүшелеріне;
      3) пойыз бригадаларының, оның ішінде рефрижераторлық, локомотивті пойыз бригадаларының қызметкерлеріне және теміржол көлігімен жол жүретін жүктерге ілесіп жүретін адамдарға;
      4) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жол жүретін пойыздардың жолаушыларына;
      5) халықаралық автотасымалды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілеріне көші-қон карточкалары берілмейді.
      3. Көші-қон карточкасы Қазақстан Республикасына келетін шетелдік туралы мәліметтерді қамтиды және Қазақстан Республикасының аумағында оның уақытша болуын бақылауға негіз болады, ол осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

2. Көші-қон карточкаларын беру тәртібі

      4. Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктер көші-қон карточкаларын толтыру қажеттілігі, бланкілерді кедергісіз алу мүмкіндігі және оларды шекаралық бақылаудан өтерден бұрын толтыру үшін қажетті уақыт туралы уақтылы хабардар етіледі.
      5. Көші-қон карточкасының бланкілерін беруді:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілері (бұдан әрі – ҰҚК ШҚ) (оның ішінде көші-қон карточкаларының бланкілерін автоматтандырылған толтыру бойынша «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып);
      2) шетелдіктердің уақытша немесе тұрақты тұратын жері бойынша, оның ішінде «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы заңды және жеке тұлғалардан оларға келген шетелдіктер мен адамдар туралы ақпарат алу арқылы – ішкі істер органдары;
      3) жолда жүргенде:
      әуе (теңіз) көлігімен – әуе (теңіз) кемелерi экипаждарының мүшелерi;
      теміржол көлігімен – пойыз бригадаларының мүшелері;
      халықаралық автобус көлігімен – халықаралық автобус көлігінің жүргізушілері жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне келгенге дейін көші-қон карточкасын шетелдік Визалық-көші-қон порталы (www.vmp.gov.kz) арқылы өз бетінше толтыра және басып шығара алады.
      6. Шетелдіктер көші-қон карточкаларын шекаралық бақылау басталғанға дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көші-қон карточкаларын толтыру бойынша жадынамаға сәйкес түсінікті, шимайсыз және түзетулерсіз сия немесе шарикті автоқаламмен көк немесе қара түсті пастамен толтырады. Көші-қон карточкаларын шетелдіктің паспортында немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатында көрсетілген деректерге сәйкес қазақ, латын әліпбиінің немесе кириллица әріптерімен толтыруға рұқсат етіледі.
      Көші-қон карточкаларының бланкілерін автоматтандырылған толтыру бойынша «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесінің мүмкіндігі болған жағдайда, оларды толтыруды және беруді ҰҚК ШҚ жүзеге асырады.
      Көші-қон карточкасында шетелдіктің тегі, аты, болу мақсаты, қабылдайтын тарап, тіркелген мекенжайы, 16 жасқа толмаған бірге келген балаларының саны көрсетіліп, Қазақстан Республикасына келгені және уақытша болатын жері бойынша тіркелгені туралы белгі қойылады.
      7. Қазақстан Республикасына келген кезде ҰҚК ШҚ ұсынылған көші-қон карточкасын паспорттың деректерімен салыстырып тексереді, келуі туралы белгі қояды. Келуі туралы белгі «келу» бағанында күнді көрсететін мөртаңба бедерін қою жолымен жүзеге асырылады, одан әрі көші-қон карточкасы шетелдікке қайтарылады.
      8. Шетелдіктер (персонал және тұрғындар) Қазақстан Республикасынан жалға алынған аумақтан тыс аумаққа шыққан жағдайда, ішкі істер органдары жеке басын куәландыратын құжаттардың және жалға алынған аумақта тұрғылықты жері бойынша тіркеу негізінде көші-қон карточкаларын береді.
      9. Елден шығару туралы шешім қабылданған шетелдіктерге ішкі істер органдары Қазақстан Республикасынан шығу үшін мерзімін көрсете отырып, көші-қон карточкасын береді. Бұл ретте «Келу» бағанында «Елден шығару» деген жазба жазылады.
      10. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар, шетелге тұрақты тұруға шығатын, уәкілетті мемлекеттік органға тұруға ықтиярхат тапсырған шетелдіктер оның орнына шетелге уақтылы шығу үшін қажетті тіркелу мерзімі бар көші-қон карточкаларын алады.
      11. Көші-қон карточкаларын жоғалтқан немесе абайсызда бүлдіріп алған кезде шетелдіктер көші-қон карточкасы бүлінген немесе жоғалған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде бұл туралы ішкі істер органдарына өтініш береді, олар өтініш иелерін тексергеннен кейін көші-қон карточкаларының телнұсқаларын береді және тіркелгені туралы белгі қояды. Бұл ретте «Келу» бағанында Ішкі істер министрлігінің аумақтық көші-қон полициясы бөлімшелерінің визалық (паспорттық) мөрі қойылады.
      12. Қазақстан Республикасынан шыққан кезде ҰҚК ШҚ ұсынылған көші-қон карточкасын паспорттың деректерімен салыстырып тексереді, содан кейін көші-қон карточкасын алып қояды.
      13. Шекаралық бақылаудан өту және Қазақстан Республикасынан шығу үшін өткізу пунктіне келген көші-қон карточкасы жоқ шетелдіктер өтініш берген кезде ҰҚК ШҚ «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы Мемлекеттік шекараны кесіп өткен күнін белгілейді және шекараны кесіп өткені туралы растау болған және Қазақстан Республикасында болу мерзімдері мен тәртібін бұзу фактісі болмаған жағдайда шекара арқылы өткізуді жүзеге асырады.

Көші-қон карточкасын беру
қағидаларына      
1-қосымша       

нысан

Алдыңғы беті
Лицевая сторона

КӨШІ-ҚОН КАРТОЧКАСЫ
МИГРАЦИОННАЯ КАРТОЧКА № ___________
MIGRATIONAL CARD

Артқы беті
Обратная сторона

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде ішкі істер органдарында МІНДЕТТІ ТҮРДЕ тіркелуі тиіс. Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін бұзу әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Көші-қон карточкасы көшіп келушіде сақталады және Қазақстан Республикасынан шыққан кезде тапсырылуы тиіс.

В течение 5 календарных дней после пересечения Государственной границы Республики Казахстан ОБЯЗАТЕЛЬНА регистрация в органах внутренних дел. Нарушение сроков пребывания в Республике Казахстан влечет административную ответственность. Миграционная карточка хранится у иммигранта и подлежит сдаче при выезде из Республики Казахстан.

Within the 5 calendar days after the crossing of the State border of the Republic of Kazakhstan, registration in the internal affairs authorities IS MANDATORY. Violation of terms of stay in the Republic of Kazakhstan constitutes an administrative offense. Migration card kept by the foreigner and will be deposited at the exit from the Republic of Kazakhstan.

Тіркеу мерзімі 20__ жылғы «___» ________ дейін ұзартылды.
Тіркеу жасаған орган __________ Лауазымды адамның қолы ______________
                                                             м/о
Тіркеу мерзімі 20__ жылғы «___» ________ дейін ұзартылды.
Тіркеу жасаған орган __________ Лауазымды адамның қолы ______________
                                                             м/о
көші-қон карточкасының өлшемі 88х125 мм

Көші-қон карточкасын беру
қағидаларына      
2-қосымша       

Көші-қон карточкаларын толтыру бойынша
жадынама

      1. Көші-қон карточкалары шетелдіктерге, пойыз бригадаларының, әуе, теңіз кемелері экипаждарының мүшелеріне Қазақстан Республикасына келу кезінде шекаралық бақылау пунктіне келгенге дейін оларды толтыру үшін қажетті уақытты есептей отырып, алдын ала беріледі.
      2. Карточка түсінікті, шимайсыз және түзетулерсіз сия немесе шарикті автоқаламмен көк немесе қара түсті пастамен толтырылады. Тегі мен аты қатаң түрде паспорт бойынша оны толтыру кезінде қолданылатын әліпбимен (қазақша, латынша немесе кириллица) жазылады. Араб немесе өзге графика қолданылмайды.
      3. «Сапар мақсаты» бағанына мынадай мақсаттардың бірі көрсетіледі:
      жеке – қонаққа, жеке сипаттағы басқа істер бойынша;
      қызметтік – іссапарға келген кезде, іскерлік сипаттағы басқа істер бойынша;
      жұмысқа – жасалған келісімшартқа сәйкес жұмыс үшін келген кезде және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті рұқсаты болған кезде;
      оқуға – Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнайы оқу орындарының студенттері үшін, сондай-ақ тағылымдамаға немесе практикаға баратын адамдар үшін;
      емделуге – Қазақстан Республикасының медициналық мекемелеріне емделуге келген адамдар үшін;
      туристік – туристер ретінде келетін адамдар үшін.
      4. «Қабылдайтын тарап» бағанында қабылдаушы ұйым ретіндегі жеке тұлғаның тегі немесе заңды тұлғаның атауы, сондай-ақ ол тұратын облыс (заңды тұлғаның тіркелген орны) көрсетіледі.
      Мысалы: А.И. Сүндетов Қызылорда обл.;
      «НҰР» АҚ, Астана қаласы.
      5. «Тұратын мекенжайы» бағанында жоспарланған уақытша болатын жері көрсетіледі.
      Мысалы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір ауданы, Кентау қаласы, Ленин көшесі, 5-үй, 6-пәтер.
      6. «Бірге келетін балалар» бағанына шетелдіктермен бірге келетін 16 жасқа толмаған балалардың саны жазбаша көрсетіледі.
      Мысалы: «үшеу».
      7. Көші-қон карточкалары шекаралық бақылау кезінде паспортпен бірге ұсынылады. Көші-қон карточкалары Қазақстан Республикасынан шыққанға дейін көшіп келушілерде сақталады және ішкі істер органдары мен шекара қызметі қызметкерлерінің талап етуі бойынша ұсынылады.
      8. Ішкі істер органдарында тіркелу туралы белгіні көші-қон полициясы қызметкерлері қояды. Қазақстан Республикасында болу мерзімі күнтізбелік 5 күннен аспайтын адамдардың паспорттарын ішкі істер органдарында тіркеу міндетті емес.

Об утверждении Правил выдачи миграционной карточки и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2012 года № 148 "Об утверждении Правил въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан и Правил осуществления миграционного контроля, а также учета иностранцев и лиц без гражданства, незаконно пересекающих Государственную границу Республики Казахстан, незаконно пребывающих на территории Республики Казахстан, а также лиц, которым запрещен въезд на территорию Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2014 года № 133. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2016 года № 190

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.04.2016 № 190 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 22 Закона Республики Казахстан от 19 июня 1995 года «О правовом положении иностранцев» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи миграционной карточки.
      2. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2012 года № 148 «Об утверждении Правил въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан и Правил осуществления миграционного контроля, а также учета иностранцев и лиц без гражданства, незаконно пересекающих Государственную границу Республики Казахстан, незаконно пребывающих на территории Республики Казахстан, а также лиц, которым запрещен въезд на территорию Республики Казахстан» следующие изменения:
      в Правилах въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 8 исключить;
      часть первую пункта 9 изложить в следующей редакции:
      «Иммигранты, временно пребывающие в Республике Казахстан, регистрируются в течение пяти календарных дней после пересечения Государственной границы Республики Казахстан по месту своего постоянного или временного проживания. Регистрация иммигрантов осуществляется по документам, удостоверяющим личность.».
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 24 февраля 2014 года № 133

Правила
выдачи миграционной карточки

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи миграционной карточки (далее – Правила) разработаны в соответствии со статьей 22 Закона Республики Казахстан от 19 июня 1995 года «О правовом положении иностранцев» и определяют порядок выдачи миграционных карточек иностранцам при въезде в Республику Казахстан.
      2. При въезде в Республику Казахстан иностранцу, достигшему 16-летнего возраста, выдается миграционная карточка.
      Миграционные карточки не выдаются:
      1) лицам, имеющим дипломатические, служебные и инвесторские визы Республики Казахстан, а так же лицам, имеющим дипломатические, служебные паспорта и подтверждение статуса «инвестора» от уполномоченного органа;
      2) членам экипажей воздушных, морских и речных судов;
      3) работникам поездных бригад, в том числе рефрижераторных, локомотивных и лицам, сопровождающим грузы, следующие железнодорожным транспортом;
      4) пассажирам поездов, следующих транзитом через территорию Республики Казахстан;
      5) водителям автотранспортных средств, осуществляющих международные автоперевозки.
      3. Миграционная карточка содержит сведения об иностранце, въезжающем в Республику Казахстан, и служит основанием для контроля за его временным пребыванием на территории Республики Казахстан, которая выдается по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

2. Порядок выдачи миграционных карточек

      4. Иностранцам, въезжающим в Республику Казахстан, обеспечивается своевременное информирование о необходимости заполнения миграционных карточек, возможность беспрепятственного доступа к бланкам и время, необходимое для их заполнения перед прохождением пограничного контроля.
      5. Выдача бланков миграционных карточек производится:
      1) в пунктах пропуска через Государственную границу Республики Казахстан – военнослужащими Пограничной службы Комитета национальной безопасности (далее – ПС КНБ) Республики Казахстан (в том числе с использованием возможностей Единой информационной системы «Беркут» по автоматизированному заполнению бланков миграционных карточек);
      2) органами внутренних дел – по месту временного или постоянного проживания иностранцев, в том числе посредством получения через Единую информационную систему «Беркут» информации от юридических и физических лиц о пребывающих у них иностранцах и лицах;
      3) в пути следования:
      воздушным (морским) транспортом – членами экипажей воздушных (морских) судов;
      железнодорожным транспортом – членами поездных бригад;
      международным автобусным транспортом – водителями международных автобусных транспортов.
      До прибытия в пункт пропуска через Государственную границу Республики Казахстан миграционная карточка может заполняться и распечатываться иностранцем самостоятельно через Визово-миграционный портал (www.vmp.gov.kz).
      6. Миграционные карточки заполняются иностранцами до начала пограничного контроля разборчиво, без помарок и исправлений чернильной или шариковой авторучкой пастой синего или черного цвета в соответствии с памяткой по заполнению миграционных карточек согласно приложению 2 к настоящим Правилам. Допускается заполнение миграционной карточки буквами казахского, латинского алфавита или кириллицы в соответствии с данными, указанными в паспорте или ином документе, удостоверяющем личность иностранца.
      При наличии возможностей Единой информационной системы «Беркут» по автоматизированному заполнению бланков миграционных карточек их заполнение и выдача осуществляется ПС КНБ.
      В миграционной карточке указывается фамилия, имя иностранца, цель пребывания, принимающая сторона, адрес регистрации, количество совместно следующих детей, не достигших 16-летнего возраста, производятся отметки о въезде в Республику Казахстан и регистрации по месту временного пребывания.
      7. При въезде в Республику Казахстан ПС КНБ сверяют представленную миграционную карточку с данными паспорта, проставляют отметку о въезде. Отметка о въезде осуществляется путем проставления в графе «въезд» оттиска дата штампа, далее миграционная карточка возвращается иностранцу.
      8. В случае выезда иностранцев (персонал и жители) из арендованных у Республики Казахстан территорий за пределы арендуемой территории органами внутренних дел выдаются миграционные карточки на основании документов, удостоверяющих личность и регистрации по месту жительства на арендуемой территории.
      9. Иностранцам, в отношении которых принято решение о выдворении, органами внутренних дел выдается миграционная карточка с указанием срока для выезда из Республики Казахстан. При этом в графе «Въезд» производится запись «Выдворение».
      10. Иностранцы, имеющие вид на жительство иностранца в Республике Казахстан, выезжающие на постоянное жительство за границу, сдавшие в уполномоченный государственный орган вид на жительство получают взамен миграционные карты с необходимым сроком регистрации для своевременного выезда за границу.
      11. При утрате миграционных карточек или неумышленной порче, иностранцы в течение 3 рабочих дней с момента порчи или утраты миграционной карточки заявляет об этом в органы внутренних дел, которыми после проверки заявителей выдаются дубликаты миграционных карточек и проставляются отметки о регистрации. При этом в графе «Въезд» проставляется визовая (паспортная) печать территориальных подразделений миграционной полиции Министерства внутренних дел.
      12. При выезде из Республики Казахстан ПС КНБ сверяет представленную миграционную карточку с данными паспорта, после чего миграционная карточка изымается.
      13. При обращении иностранцев, прибывших в пункт пропуска для прохождения пограничного контроля и выезда из Республики Казахстан, не имеющих миграционной карточки, ПС КНБ через Единую информационную систему «Беркут» устанавливают дату пересечения Государственной границы и в случае, наличия подтверждения о пересечении границы и отсутствия факта нарушения сроков и порядка пребывания в Республике Казахстан осуществляют пропуск через границу.

Приложение 1   
к Правилам выдачи 
миграционной карточки

форма           

Алдыңғы беті
Лицевая сторона

                                    КӨШІ-ҚОН КАРТОЧКАСЫ
                             МИГРАЦИОННАЯ КАРТОЧКА №___________
                                     MIGRATIONAL CARD

Артқы беті
Обратная сторона

Қазақстан Республикасынң Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін
күнтізбелік бес күн ішінде ішкі істер органдарында МІНДЕТТІ ТҮРДЕ/
тіркелуі тиіс. Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін бұзу
әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Көші-қон карточкасы көшіп
келушіде сақталады және Қазақстан Республикасынан шыққан кезде
тапсырылуы тиіс.

В течение 5 календарных дней после пересечения Государственной
границы Республики Казахстан ОБЯЗАТЕЛЬНА регистрация в органах
внутренних дел. Нарушение сроков пребывания в Республике Казахстан
влечет административную ответственность. Миграционная карточка
хранится у иммигранта и подлежит сдаче при выезде из Республики
Казахстан.

Within the 5 calendar days after the crossing of the State border of
the Republic of Kazakhstan, registration in the internal affairs
authorities IS MANDATORY. Violation of terms of stay in the Republic
of Kazakhstan constitutes an administrative offense. Migration card
kept by the foreigner and will be deposited at the exit from the
Republic of Kazakhstan.

Тіркеу мерзімі 20 ___ жылғы «  » ________ дейін ұзартылды.

Тіркеу жасаған орган __________ Лауазымды адамның қолы ______________
                                                              м/о

Тіркеу мерзімі 20 ___ жылғы «  » ________ дейін ұзартылды.

Тіркеу жасаған орган __________ Лауазымды адамның қолы ______________
                                                              м/о

размер миграционной карточки 88х125 мм

Приложение 2   
к Правилам выдачи 
миграционной карточки

Памятка
по заполнению миграционных карточек

      1. Миграционные карточки выдаются иностранцам членами поездных бригад, экипажей воздушных, морских судов при въезде в Республику Казахстан заблаговременно, с расчетом необходимого времени для их заполнения до прибытия на пункт пограничного контроля.
      2. Карточка заполняется разборчиво, без помарок и исправлений чернильной или шариковой авторучкой пастой синего или черного цвета. Фамилия и имя записываются строго по паспорту алфавитом, применяемым при его заполнении (казахский, латинский или кириллица). Арабская или иная графика не применяется.
      3. В графе «цель поездки» указывается одна из следующих целей:
      частная – при следовании в гости, по другим делам личного характера;
      служебная – при следовании в командировку, по другим делам делового характера;
      на работу – при следовании для работы в соответствии с заключенным контрактом и при наличии соответствующего разрешения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан;
      на учебу – для студентов высших и средних специальных учебных заведений Республики Казахстан, а также для лиц, следующих на стажировку или практику;
      на лечение – для лиц, следующих на лечение в медицинские учреждения Республики Казахстан;
      туризм – для лиц, следующих в качестве туристов.
      4. В графе «принимающая сторона» указывается фамилия принимающего физического лица или наименование юридического лица, выступающего в качестве принимающей организации, а также область, в которой он проживает (место регистрации юридического лица).
      Например: Сундетов А.И., Кызылординская обл.;
      АО «НУР», гор. Астана.
      5. В графе «Адрес проживания» указывается планируемое временное местонахождение.
      Например: Южно-Казахстанская область, Ленгерский район, г. Кентау, ул. Ленина, д. 5, кв. 6.
      6. В графе «Совместно следуют дети» прописью указывается количество детей в возрасте до 16 лет, следующих совместно с иностранцем.
      Например: «трое».
      7. Миграционные карточки предъявляются при пограничном контроле вместе с паспортом. Миграционные карточки хранятся у иммигранта до выезда из Республики Казахстан и предъявляются по требованию сотрудников органов внутренних дел и пограничной службы.
      8. Отметка о регистрации в органах внутренних дел производится сотрудниками миграционной полиции. Лицам, срок пребывания которых в Республике Казахстан не превышает 5 календарных дней, регистрация паспортов в органах внутренних дел не обязательна.