"Астық экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушылардың сақтауы туралы растаманы беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 159 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Астық экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушылардың сақтауы туралы растаманы беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы  № 1108 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат) 1-тармағы 14) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 159 қаулысымен  
бекітілген      

«Астық экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астық
жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушылардың
сақтауы туралы растама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Астық экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушылардың сақтауы туралы растама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңселерімен портал арқылы жүзеге асырылады. 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – астық экспорттаушылардың мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерді сақтауы туралы растама (бұдан әрі – растама).
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгі түскi асқа үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жүгінген кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада көрсетілген нысан бойынша өтінім береді;
      2) порталға – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш.
      Көрсетілетін қызметті алушыға:
      1) өтінімнің қабылданған нөмірі мен күні;
      2) сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін;
      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күнін (уақытын);
      4) құжаттарды қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын (жеке басты куәландыратын құжатта бар болса);
      5) көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке басты куәландыратын құжатта бар болса) (жеке тұлғалар үшін) немесе атауын (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, өтінімді қабылдау туралы қолхат беріледі. 

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің
және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым Астана қаласы, Кенесары көшесі 36, 710-кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 55-59-03 бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, сондай-ақ Астана қаласы, Кенесары көшесі 36, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-57-63 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда пошта не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта бар болса), пошталық мекенжайы, шағымның берілген күні көрсетіледі және көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.
      Шағым берген кезде әрекеті немесе әрекетсіздігіне шағым берілетін лауазымды адамдардың лауазымы, тегімен аты-жөні, жүгіну уәждерімен талаптары көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылуы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (шағымды жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелері мен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар. 

4. Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де
талаптар

      12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрлiктің www.minаgri.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) порталда орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті»,
сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Астық экспорттаушыға мемлекеттік
астық ресурстарына астық жеткізу
жөніндегі міндеттемелерді астық
экспорттаушылардың сақтауы  
туралы растама беру»     
мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына      
қосымша            

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне
___________________________________________________________________
Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(жеке басты куәландыратын құжатта бар болса)

Өтінім

Мемлекеттік астық ресурстарына көлемі
_____________________________________________________________________
                       (цифрлармен және жазбаша)
_______________________________________________________________ тонна

астық жеткізу бойынша міндеттемелерді сақтағаным туралы растама
беруді сұраймын.

Экспортталатын астық көлемі _________________________________________
_______________________________________________________________ тонна
                   (цифрлармен және жазбаша)

Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы: ___________________________
_____________________________________________________________________
      (индекс, аудан, облыс, қала (ауыл), көше, үй №, телефон)

_______________   ___________________________________________________
     (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын
                                 құжатта бар болса))

М.О. (заңды тұлға үшін)  20__ жылғы «___» ___________________________

Өтінім 20__ жылғы «___» __________________ № _____ қарауға қабылданды

_____________________________________________________________________
(өтінімді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке
            басты куәландыратын құжатта бар болса), қолы)

Об утверждении стандарта государственной услуги "Выдача экспортеру зерна подтверждения о соблюдении экспортером зерна обязательств по поставке зерна в государственные ресурсы зерна"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 февраля 2014 года № 159. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 сентября 2015 года № 745

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 04.09.2015 № 745 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра сельского хозяйства РК от 22.05.2015 г. № 4-1/469.

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года «О государственных услугах» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый стандарт государственной услуги «Выдача экспортеру зерна подтверждения о соблюдении экспортером зерна обязательств по поставке зерна в государственные ресурсы зерна».
      2. Признать утратившим силу подпункт 14) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 августа 2012 года № 1108 «Об утверждении стандартов государственных услуг в области сельского хозяйства и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745 «Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам» (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 67, ст. 973).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Утвержден          
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 28 февраля 2014 года № 159

Стандарт государственной услуги
«Выдача экспортеру зерна подтверждения о соблюдении экспортером
зерна обязательств по поставке зерна в государственные
ресурсы зерна»

1. Общие положения

      1. Государственная услуга «Выдача экспортеру зерна подтверждения о соблюдении экспортером зерна обязательств по поставке зерна в государственные ресурсы зерна» (далее – государственная услуга).
      2. Стандарт государственной услуги разработан Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан (далее – Министерство).
      3. Государственная услуга оказывается Комитетом государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства (далее – услугодатель), в том числе через веб-портал «электронного правительства»: www.e.gov.kz (далее – портал).
      Прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляются канцелярией услугодателя и через портал.

2. Порядок оказания государственной услуги

      4. Сроки оказания государственной услуги:
      1) с момента сдачи пакета документов услугодателю, а также при обращении на портал – в течение 3 (трех) рабочих дней;
      2) максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов– не более 30 (тридцати) минут;
      3) максимально допустимое время обслуживания– не более 30 (тридцати) минут.
      5. Форма оказания государственной услуги: электронная (частично автоматизированная) и (или) бумажная.
      6. Результат оказания государственной услуги – подтверждение о соблюдении экспортером зерна обязательств по поставке зерна в государственные ресурсы зерна (далее – подтверждение).
      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: бумажная.
      7. Государственная услуга оказывается бесплатно.
      8. График работы:
      1) услугодателя – с понедельника по пятницу с 9.00 до 18.30 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов, кроме выходных и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан. Государственная услуга оказывается в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания;
      2) на портале – круглосуточно (за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ).
      9. Для получения государственной услуги услугополучатель либо его представитель при обращении:
      1) к услугодателю представляет заявку по форме, указанной в приложении к настоящему стандарту государственной услуги;
      2) на портал – заявление в форме электронного документа, удостоверенного ЭЦП услугополучателя.
      Услугополучателю выдается расписка о приеме заявки с указанием:
      1) номера и даты приема заявки;
      2) вида запрашиваемой государственной услуги;
      3) даты (времени) получения государственной услуги;
      4) фамилии, имени, отчества (при наличии в документе, удостоверяющем личность) лица, принявшего документы;
      5) фамилии, имени, отчества (при наличии в документе, удостоверяющем личность) (для физических лиц) или наименования (для юридических лиц), контактных данных услугополучателя.

3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия)
центральных государственных органов, услугодателей и (или) их
должностных лиц по вопросам оказания государственной услуги

      10. Обжалование решений, действий (бездействий) услугодателя, и (или) его должностных лиц по вопросам оказания государственных услуг: жалоба подается на имя руководителя услугодателя по адресу: город Астана, улица Кенесары 36, кабинет 710, телефон: 8 (7172) 55-59-03, а также на имя Министра сельского хозяйства Республики Казахстан по адресу: город Астана, улица Кенесары 36, кабинет 301, телефон: 8 (7172) 55-57-63.
      Жалоба подается в письменной форме по почте либо нарочно через канцелярию услугодателя или Министерства.
      В жалобе указываются фамилия, имя, отчество (при наличии в документе, удостоверяющем личность), почтовый адрес услугополучателя, дата подачи жалобы и подпись услугополучателя.
      При подаче жалобы указываются должность, фамилии и инициалы должностных лиц, чьи действия или бездействия обжалуются, мотивы обращения и требования.
      Подтверждением принятия жалобы является регистрация (штамп, входящий номер и дата) в канцелярии услугодателя с указанием фамилии и инициалов лица, принявшего жалобу, срока и места получения ответа на поданную жалобу. После регистрации жалоба направляется руководителю услугодателя для определения ответственного исполнителя и принятия соответствующих мер.
      В жалобе услугополучателя:
      1) физического лица – указываются его фамилия, имя, отчество, почтовый адрес;
      2) юридического лица – его наименование, почтовый адрес, исходящий номер и дата. Обращение должно быть подписано услугополучателем.
      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, или Министерства, подлежит рассмотрению в течение пяти рабочих дней со дня ее регистрации. Мотивированный ответ о результатах рассмотрения жалобы направляется услогополучателю по почте либо выдается нарочно в канцелярии услугодателя или Министерства.
      При обращении через портал информацию о порядке обжалования можно получить по телефону единого контакт-центра: 1414.
      При отправке жалобы через портал услугополучателю из «личного кабинета» доступна информация об обращении, которая обновляется в ходе обработки обращения услугодателем (отметки о доставке, регистрации, исполнении, ответ о рассмотрении или отказе в рассмотрении жалобы).
      В случае несогласия с результатами оказанной государственной услуги услугополучатель может обратиться с жалобой в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг.
      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение пятнадцати рабочих дней со дня ее регистрации.
      11. В случаях несогласия с результатами оказанной государственной услуги, услугополучатель имеет право обратиться в суд в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

4. Иные требования с учетом особенностей оказания
государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной
форме

      12. Адреса мест оказания государственной услуги размещены:
      1) на интернет-ресурсе Министерства – www.minagri.gov.kz;
      2) на портале.
      13. Услугополучатель имеет возможность получения государственной услуги в электронной форме через портал при условии наличия ЭЦП.
      14. Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством «личного кабинета» портала, а также единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг.
      15. Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услуги указаны на интернет-ресурсе www.minagri.gov.kz., единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг: 1414.

Приложение            
к стандарту государственной   
услуги «Выдача экспортеру    
зерна подтверждения о     
соблюдении экспортером зерна  
обязательств по поставке   
зерна в государственные   
ресурсы зерна»         

Комитет государственной инспекции в агропромышленном комплексе
        Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

от __________________________________________________________________
    (наименование юридического лица или фамилия, имя, отчество (при
    наличии в документе, удостоверяющем личность) физического лица)

                              Заявка

      Прошу выдать подтверждение о соблюдении обязательств по поставке зерна в государственные ресурсы зерна в количестве
_____________________________________________________________________
_______________________________________________________________ тонн.
                        (цифрами и прописью)
Экспортируемый объем зерна __________________________________________
_______________________________________________________________ тонн.
                        (цифрами и прописью)
Адрес заявителя:
_____________________________________________________________________
    (индекс, район, область, город (село), улица, № дома, телефон)
_____________________________________________________________________

_____________       _________________________________________________
   (подпись)        (фамилия, имя, отчество (при наличии в документе,
                             удостоверяющем личность))

М.П.(для юридического лица) «___» _____________ 20 ___ года

Заявка принята к рассмотрению № _____ от «___» __________ 20 ___ года
_____________________________________________________________________
        (фамилия, имя, отчество (при наличии в документе,
удостоверяющем личность)), подпись ответственного лица, принявшего
                             заявку)