Ресей Федерациясынан мұнай және мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 176 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» акционерлік қоғамы Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу жөніндегі оператор-компания болып белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп мұнай өнімдерінің 2014 жылға арналған индикативтік теңгерімі негізінде мұнай өнімдерінің көлемін, жеткізу мерзімдерін белгілей отырып, оларды жеткізу кестелерін бекітсін;
      2) «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, мұнай өнімдерін жеткізу кестелеріне сәйкес мұнай өнімдерінің 2014 жылға арналған индикативтік теңгерімінде көзделген көлемде мұнай өнімдерін Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкелу бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігімен және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, мұнай өнімдерін жеткізу кестелеріне сәйкес мұнай өнімдерін жеткізуге бақылау мен мониторинг жасауды қамтамасыз етсін;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

О некоторых вопросах поставок нефти и нефтепродуктов из Российской Федерации

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2014 года № 176

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 3.

      В соответствии с Соглашением между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о торгово-экономическом сотрудничестве в области поставок нефти и нефтепродуктов в Республику Казахстан от 9 декабря 2010 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить акционерное общество «КазМунайГаз – переработка и маркетинг» компанией-оператором по встречной поставке нефти в Российскую Федерацию.
      2. Министерству нефти и газа Республики Казахстан:
      1) совместно с Министерством транспорта и коммуникаций Республики Казахстан утвердить графики поставок нефтепродуктов на основании индикативного баланса нефтепродуктов на 2014 год с определением объемов, сроков поставки;
      2) совместно с акционерным обществом «Национальная компания «КазМунайГаз» (по согласованию) принять необходимые меры по ввозу из Российской Федерации в Республику Казахстан нефтепродуктов в объеме, предусмотренном индикативным балансом нефтепродуктов на 2014 год в соответствии с графиками поставок нефтепродуктов;
      3) совместно с Министерством транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, Агентством Республики Казахстан по статистике и акционерным обществом «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» (по согласованию) обеспечить контроль и мониторинг поставок нефтепродуктов в соответствии с графиками поставок нефтепродуктов;
      4) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования и действует до 1 января 2015 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. АХМЕТОВ