«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар белгіленсін.
2. «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталар белгілеу және «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 298 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 367-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарында:
2-тармақтың 3), 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы үшінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 70 %-нан кем болмауы тиіс;
4) «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 70 %-нан кем болмауы тиіс».
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 12 наурыздағы
№ 232 қаулысына
қосымша
«Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы
бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған
квоталар
Жобаның атауы |
Өтініш беруші |
Іске асыру орны |
Іске асыру мерзімі |
Квота (адам) |
||||
барлығы |
Оның ішінде: |
|||||||
бірінші санат |
екінші санат |
үшінші санат |
төртінші санат |
|||||
Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту |
Sinopec Engineering (Group) Со., Ltd» қазақстандық филиалы |
Атырау қ., Атырау облысы |
2010 - 2016 жж. |
755 |
5 |
55 |
216 |
479 |
«МГҚК «ҚазҚұрылысСервис» АҚ |
134 |
0 |
22 |
66 |
46 |
|||
Жиыны |
889 |
5 |
77 |
282 |
525 |