"Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 232 қаулысы

      «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар белгіленсін.
      2. «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталар белгілеу және «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 298 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 367-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарында:
      2-тармақтың 3), 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы үшінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 70 %-нан кем болмауы тиіс;
      4) «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 70 %-нан кем болмауы тиіс».
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 12 наурыздағы
№ 232 қаулысына   
қосымша       

«Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы
бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған
квоталар

Жобаның атауы

Өтініш беруші

Іске асыру орны

Іске асыру мерзімі

Квота (адам)

барлығы

Оның ішінде:

бірінші санат

екінші санат

үшінші санат

төртінші санат

Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту

Sinopec Engineering (Group) Со., Ltd» қазақстандық филиалы

Атырау қ., Атырау облысы

2010 - 2016 жж.

755

5

55

216

479

«МГҚК «ҚазҚұрылысСервис» АҚ

134

0

22

66

46

Жиыны

889

5

77

282

525

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады