Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаттың 2014 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 242 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаты туралы елдің қалың жұртшылығын хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаттың 2014 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі мақұлдансын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                              C. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2014 жылғы 17 наурыздағы
№ 242 қаулысымен  
мақұлданған     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің экономикалық саясаттың 2014 жылға арналған
негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) әлемдік экономика мен сыртқы нарықтардағы тұрлаусыздыққа қарамастан, 2013 жылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуі үшін қажетті жағдайлар жасады.
      Жедел деректер бойынша елдің жалпы ішкі өнімі 6,0 %-ға өсті.
      Экономиканың өсуі ішкі өсу көздері есебінен қамтамасыз етілді. Мәселен, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6,5 %-ға өсті, бұл дағдарыстан кейінгі кезеңдегі ең жоғары көрсеткіш.
      Үй шаруашылығы тарапынан тұтынушылықтың өсімі 16,1 %-дан асқаны байқалды (2013 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша), бұл қызметтер көрсету саласының дамуына оң әсерін тигізді. Қызметтер көрсету саласындағы өсу 107,6%-ды құрады, нәтижесінде қызметтер көрсету өндірісінің жалпы ішкі өнімнің өсіміне салымы шамамен 65 %-ды құрады.
      Қаржы секторының көрсеткіштері жақсарды. Экономиканы кредиттеу көлемі 2013 жыл бойынша 13,4 %-ға өсіп, 11,3 трлн. теңге кредитті құрады. Депозиттер 10,1 трлн. теңгені құрады және 12,2 %-ға ұлғайды.
      2013 жылы Standard & Poor's Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингтерін «ВВВ+/А-2» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты».
      Елдің халықаралық резервтері 10,5 %-ға өсті және 95,2 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтері 21,8 %-ға 70,5 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.
      Республикалық бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,1 %-ды құрады.
      Инфляция 4,8 %-ды құрады, бұл 2012 жылғы деңгейден 1,2 %-ға төмен.
      2013 жылы сыртқы сауда айналымы 1,1 %-ға төмендеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық Банктің алдын ала бағалауына сәйкес төлем балансының ағымдағы шотының профициті 117,6 млн. АҚШ долларын құрады.
      Ел азаматтарының әлеуметтік әл-ауқаты жақсаруда.
      Халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 2013 жылы номиналдық көрсеткіште 7,7 %-ға, нақты көрсеткіште 3,0 %-ға өскен. 2013 жылғы орташа айлық номиналды жалақы 108,6 мың теңгені құрады.
      2013 жылғы желтоқсанда жұмыссыздық деңгейі 5,2 % деңгейінде қалыптасты.
      Бүкіләлемдік экономикалық форумның бағалауы бойынша макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және елде қолайлы инвестициялық климат құру, нормативтік құқықтық базаны жақсарту, бизнесті ынталандыру және дамыту шараларын қабылдау бойынша жүйелі шараларды қабылдауға бағытталған міндеттерді іске асырудың арқасында Қазақстан 2013 жылы әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кірді.
      2013 жылы әлемдік экономика баяу қалпына келгенін, дегенмен жинақталған макроэкономикалық теңгерімсіздікке байланысты оның осалдығы жоғары күйінде сақталып отырғанын атап өткен жөн.
      2014 жылы Халықаралық валюта қоры әлемдік экономиканың өсуін 3,7 % деңгейінде болжайды.
      Әлемдік экономиканың қалпына келуі және шикізат тауарларына деген сұраныс баяулаған жағдайда Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін ескере отырып, жүргізіліп жатқан экономикалық саясат экономика салаларындағы тұрақты өсу қарқынына қол жеткізуге ықпал ететін болады.
      2014 жылғы экономикалық саясаттың негізгі бағыттары:
      1) экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету;
      2) макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтау;
      3) қоғамның әлеуметтік жаңғыртылуы;
      4) өңірлік даму және урбанизация процесін басқару;
      5) мемлекеттік басқару жүйесі одан әрі қалыптастыру;
      6) халықаралық интеграция.
      Макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты, инвестициялық белсенділікті сақтау, экономиканы одан әрі индустрияландыру, өңірлердегі іскери белсенділікті, салалардың инвестициялық тартымдылығын жоғарылату, елдің транзиттік әлеуетін арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру есебінен экономикалық саясат ағымдағы жылы экономика өсуінің 6-7 % деңгейін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
      Жүргізілген теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбас бағамын түзету қазақстандық өндірушілер мен экспорттаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді және Қазақстанның сыртқы сауда позициясын жақсартады.
      Макроэкономикалық тұрақтылық Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру және инфляцияны экономикалық өсу үшін қолайлы деңгейге дейін төмендету бойынша шаралар қабылдау есебінен қамтамасыз етіледі.
      Девальвациядан кейінгі кезеңде инфляцияны 2014 жылға жоспарланған 6-8 % аралығында ұстау мақсатында Үкімет пен Ұлттық Банк азық-түлік пен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың, жанар-жағармай материалдарының, дәрі-дәрмектің негізгі түрлері бағаларының тұрақтылығын, сондай-ақ өнімдердің тапшылығына және монополистердің көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды.
      Бюджет саясаты мемлекеттік қаржының орнықтылығын нығайтуға және Ұлттық қорда одан әрі қаражат жинақтауға бағытталатын болады.
      Бюджет тапшылығының мөлшері үкіметтік борыштың тұрақтылығын қамтамасыз етуді және ұзақ мерзімді перспективада мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамытуды ескере отырып айқындалатын болады. 2014 жылы республикалық бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,4 % деңгейінде жоспарланған.
      Салықтық саясатты жетілдіру мақсатында жеке табыс салығын және мұнай өнімдеріне акциздерді арттыру, салықтық әкімшілендіруді жақсарту, әкімшілік кедергілерді төмендету және бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері қаралатын болады.
      Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру мақсатында 2014 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспары әзірленетін болады.
      Ел экономикасын одан әрі индустрияландыру саясаты өңірлік ерекшелікті ескере отырып, белгілі бір басым секторлардағы өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған Индустриялық-инновациялық дамудың екінші бес жылдық тұжырымдамасында көзделген. Көрсетілген аспектілер әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – Бағдарлама) ескерілетін болады.
      Ауыл шаруашылығы саласын жүйелі өзгерту және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес – 2020» бағдарламасына өзгерістер енгізілетін болады.
      2050 жылға қарай Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдарды он есе арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы кеңейтіледі, сондай-ақ заманауи логистика және дистрибуция орталықтарын дамыту үшін ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жалғастырылатын болады.
      Су ресурстарының тапшылығына жол бермеу және экожүйені сақтау мәселелерін кешенді шешу, сондай-ақ елдің су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру үшін Қазақстанның су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданатын болады.
      Мемлекеттің, бизнес пен тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету үшін Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдардың жаңа негізделмеген реттеу құралдарын енгізуіне шек қойылатын болады.
      Қазақстанның рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалаудың 2012 – 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданады.
      Шағын бизнес үшін қолайлы ахуал жасау және заңнамалық деңгейде нақты мемлекеттік қолдау көрсету үшін кәсіпкерліктің жаңа санаты – микробизнес енгізілетін болады.
      Бұдан басқа, 2015 – 2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық бағдарламаны ескере отырып, өзекті етілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру жалғастырылатын болады.
      Елдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту және Қазақстанда Еуропа Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің корпоративтік басқару стандарттарын кезең-кезеңімен енгізу мақсатында инвестициялық қызмет, бизнесті жауапты жүргізу практикасын дамыту, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы инфрақұрылымдық жобаларға инвесторлардың қатысуын кеңейту саласындағы ұлттық заңнама жетілдірілетін болады.
      Зейнетақымен қамтамасыз ету саласында зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша ұзақ мерзімді перспективаға арналған негізгі тәсілдер көрсетілетін Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленетін болады.
      Өңірлік саясат экономикалық әлеуеттің оңтайлы аумақтық ұйымын қалыптастыруға, урбанизация және экономикалық өсудің аса маңызды нүктелері болып табылатын агломерацияларды дамыту процестерін ынталандыру мен реттеу арқылы халықтың тіршілік әрекеті үшін қолайлы жағдайлар жасауға, экономикалық және демографиялық әлеуеті бар перспективалы елді мекендерді дамытуға және қолдауға бағытталатын болады.
      Өңірлердегі өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу үшін Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ұзақ мерзімді экономикалық өсу орталықтары қалыптастырылатын болады.
      Сондай-ақ 2014 жылы Астана және Алматы қалаларында 2030 жылға дейінгі кезеңде агломерациялар қалыптастырудың ұзақ мерзімді жоспарларының жобалары әзірленетін болады.
      Әкімшілік реформа шеңберінде мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру және тұтастай алғанда азаматтардың, бизнес пен қоғамның құқықтары мен заңды мүдделерін қанағаттандыруға, артық өкілеттіліктерден босатылған шағын үкімет құруға, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған сапалық тұрғыдан жаңа модель құру бойынша жұмыс жалғастырылады.
      Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру үшін стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын қамтамасыз ету жұмысы жалғастырылатын болады.
      Мемлекеттік және салалық бағдарламаларға жүргізілген ревизия қорытындылары бойынша бағдарламаларды оңтайландыру, бағдарламаларды іске асыру тетіктері мен құралдарын сапалы жақсарту және оларды қаржыландырудың басымдығы бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
      Мемлекеттік активтерді тиімді басқару және экономикадағы мемлекет пен жеке бизнестің рөлін айқын бөлуді қамтамасыз ету мақсатында Жекешелендірудің 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданады және жекелеген мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік компанияларды жекешелендіру жалғасады.
      Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуіне кедергі келтіретін алып қоюлар мен шектеулерді жою жұмысы одан әрі жалғасатын болады.
      2014 жылы Қазақстанның ұлттық мүдделерін ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылады.
      Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі бойынша келіссөз процесін аяқтау жоспарлануда.
      Аталған келіссөздер барысында Үкімет Қазақстанның Кеден одағының шеңберінде қабылданған міндеттемелерін ескере отырып, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін ұлттық экономиканы одан әрі дамыту үшін Қазақстанға барынша қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдайтын болады.
      Астанада ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының шеңберінде техникалық-экономикалық негіздемені дайындау және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары аяқталып, Астана қаласында ЭКСПО – 2017 көрме кешенінің құрылысы басталады.
      2014 жылы Ұлттық Банк:
      1) Қазақстан Республикасында бағалар тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған тиімді ақша-кредит саясатын жүргізеді;
      2) жүйелі тәуекелдерді анықтау және бағалау, сондай-ақ арбитраждық және алыпсатарлық операцияларды жүргізу үшін мүмкіндіктерді азайту мақсатында банк секторындағы жағдайды тұрақты негізде талдайды;
      3) Қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігінің арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған айырбастау бағамы саясатын жүргізуді жалғастырады.
      Ақша-кредит саясатын жүргізу кезінде ақша нарығында қысқа мерзімді теңге өтімділігін ғана реттеу жүзеге асырылатын болады. Негізгі күш-жігер қолданылатын құралдардың тиімділігін арттыруға бағытталады. Аталған жұмыстың шеңберінде пайыздық арнаны жетілдіру және валюталық арнаның рөлін біртіндеп төмендету жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
      Ұлттық Банк ақша-кредит саясатының жаңа трансмиссиялық тетігін іске асырудың келесі кезеңін бастайды. Бұл Ұлттық Банктің пайыздық мөлшерлемелерінің аралығын айқындау, өтімділікті ұсыну жөніндегі жаңа құралдарды енгізу (тұрақты тетіктер), ең төменгі резервтік талаптар мен бағамдық саясаттың тетігін одан әрі жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды болжайды.
      Қаржы нарығын одан әрі дамыту мақсатында 2014 жылғы 1 маусымға дейін Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді тұжырымдамасы әзірленеді.
      Қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу шеңберінде банктердің проблемалы активтерін басқарудың қолданыстағы тетіктерінің тиімділігін арттыру мен оларды оңайлату арқылы екінші деңгейдегі банктердің проблемалы активтерін сауықтыру процесін ынталандыру бойынша жұмыс жалғасады.
      Салық салу, борышкерлерді санациялау, проблемалы активтерді басқару бойынша ұйымдар қызметінің саласын оңтайландыру бөлігінде заңнамалық түзетулер кешені іске асырылады. Ерте ден қою және үмітсіз берешекті «тазалау» бойынша уақтылы шаралар қабылдау мақсатында 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап банктердің кредит портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі бойынша шекті мән қатаңдатылады – 15 %-дан көп емес.
      Қамтамасыз етілмеген тұтынушылық кредиттеудің жоғары өсу қарқынын шектеу бойынша қабылданған шаралар шеңберінде банктердің қамтамасыз етілмеген тұтынушылық қарыздарының өсіміне шектеулер белгіленеді, сондай-ақ тұтынушылық кредиттеуді жүзеге асыру кезінде капиталды қалыптастыру бойынша талаптар күшейтіледі. Оған қоса қарыз алушы жеке тұлғаның жиынтық борыштық жүктемесінің ең жоғары шегі 50 % деңгейінде белгіленеді, одан асып түскен жағдайда банк қамтамасыз етілмеген қарыз беруді жүзеге асырмайды.
      Сондай-ақ қазақстандық реттеу практикасына Базель ІІІ капитал стандарттарын кезең-кезеңімен енгізу бойынша қажетті дайындық жұмысы аяқталатын болады. Екінші деңгейдегі банктер капиталының жеткілікті болуы жөніндегі жаңа талаптарға бейімделудің және жаңа реттеу стандарттарына көшудің нормативтік құқықтық базасын әзірлеу жөніндегі іс-шаралар жоспарлануда.
      2014 жылы Үкімет пен Ұлттық Банк жүргізетін экономикалық саясат тұрақты экономикалық өсуді 6-7 % деңгейінде және инфляция деңгейін 6-8 % аралығында сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Бұдан басқа, Үкімет пен Ұлттық Банктің алдында тұрған міндеттерді тиімді шешу мақсатында 2014 жылғы 1 мамырға дейін орта мерзімді перспективада инфляцияны 3-4 %-ға дейін төмендетуге бағытталған шаралар кешені әзірленеді. Аталған шаралар еліміздің макроэкономикалық дамуының қол жеткізілген оң нәтижелерін сақтайтындай және экономиканың одан әрі тұрақты әрі үдемелі өсуін қамтамасыз ететіндей теңгерімді сипатта болады.

О Заявлении Правительства Республики Казахстан и Национального Банка Республики Казахстан об основных направлениях экономической политики на 2014 год

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 марта 2014 года № 242

      В целях информирования широкой общественности страны об экономической политике Правительства Республики Казахстан, Национального Банка Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Одобрить прилагаемое Заявление Правительства Республики Казахстан и Национального Банка Республики Казахстан об основных направлениях экономической политики на 2014 год.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                  С. Ахметов

Одобрено          
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 17 марта 2014 года № 242

Заявление
Правительства Республики Казахстан и Национального Банка
Республики Казахстан об основных направлениях
экономической политики на 2014 год

      Правительством Республики Казахстан (далее – Правительство) и Национальным Банком Республики Казахстан (далее – Национальный Банк) несмотря на неопределенность в мировой экономике и на внешних рынках, в 2013 году, обеспечено макроэкономическая стабильность и созданы необходимые условия для устойчивого экономического роста Казахстана.
      По оперативным данным валовой внутренний продукт страны вырос на 6,0 %.
      Рост экономики был обеспечен за счет внутренних источников роста. Так, объемы инвестиций в основной капитал выросли на 6,5 %, это самый высокий показатель в посткризисном периоде.
      Отмечен прирост потребления со стороны домашних хозяйств выше 16,1 % (по итогам 9 месяцев 2013 года), что оказало благоприятное влияние на развитие сферы услуг. Рост в сфере услуг составил 107,6 %, в результате вклад производства услуг в прирост валового внутреннего продукта составил порядка 65 %.
      Улучшились показатели финансового сектора. Объемы кредитования экономики за 2013 год возросли на 13,4 %, составив 11,3 трлн. тенге кредитов. Депозиты составили 10,1 трлн. тенге и увеличились на 12,2 %.
      В 2013 году Standard & Poor's подтвердило суверенные кредитные рейтинги Казахстана на уровне «ВВВ+/А-2», прогноз «Стабильный».
      Международные резервы страны выросли на 10,5 % и составили 95,2 млрд. долл. США, в том числе активы Национального фонда в иностранной валюте выросли на 21,8 % до 70,5 млрд. долл. США.
      Дефицит республиканского бюджета составил 2,1 % к валовому внутреннему продукту.
      Инфляция составила 4,8 %, что на 1,2 % ниже уровня 2012 года.
      За 2013 год внешнеторговый оборот уменьшился на 1,1 %. По итогам прошлого года по предварительной оценке Национального Банка профицит текущего счета платежного баланса составил 117,6 млн. долл. США.
      Улучшается социальное благополучие граждан страны.
      Среднедушевые денежные доходы населения за 2013 год выросли в номинальном выражении на 7,7 %, в реальном на 3,0 %. Среднемесячная номинальная зарплата за 2013 год составила 108,6 тыс. тенге.
      Уровень безработицы в декабре 2013 года сложился на уровне 5,2 %.
      По оценке Всемирного экономического форума Казахстан в 2013 году вошел в число 50 конкурентоспособных стран мира благодаря реализации задач, направленных на принятие системных мер по обеспечению макроэкономической устойчивости и созданию благоприятного инвестиционного климата в стране, улучшению нормативно-правовой базы, принятию мер стимулирования и развития бизнеса.
      Следует отметить, что в 2013 году происходило медленное восстановление мировой экономики, при этом, еще сохранялась его высокая уязвимость в связи с накопившимися макроэкономическими дисбалансами.
      В 2014 году Международный валютный фонд спрогнозировал рост мировой экономики на уровне 3,7 %.
      В условиях медленного восстановления мировой экономики и спроса на сырьевые товары, достижению устойчивых темпов роста в отраслях экономики с учетом основных положений Послания Главы государства народу Казахстана «Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» от 17 января 2014 года будет способствовать проводимая экономическая политика.
      Основные направления экономической политики в 2014 году:
      1) обеспечение устойчивого роста экономики;
      2) сохранение макроэкономической и финансовой стабильности;
      3) социальная модернизация общества;
      4) региональное развитие и управление процессом урбанизации;
      5) дальнейшее формирование системы государственного управления;
      6) международная интеграция.
      Экономическая политика будет направлена на обеспечение роста экономики в текущем году на уровне 6-7 % за счет сохранения макроэкономической и финансовой стабильности, инвестиционной активности, дальнейшей индустриализации экономики, повышения деловой активности в регионах, инвестиционной привлекательности отраслей, увеличения транзитного потенциала страны и создания новых рабочих мест.
      Проведенная корректировка обменного курса тенге к доллару США будет способствовать повышению конкурентоспособности казахстанских производителей и экспортеров и улучшит внешнеторговую позицию Казахстана.
      Макроэкономическая стабильность будет обеспечена за счет реализации Концепции новой бюджетной политики и принятия мер по снижению инфляции до уровня, приемлемого для экономического роста.
      В целях удержания инфляции в постдевальвационном периоде на запланированном на 2014 год коридоре 6-8 % Правительством и Национальным Банком принимаются меры по обеспечению стабильности цен на основные виды продовольственных и социально значимых товаров, горюче-смазочных материалов, лекарственных средств, а также не допущению дефицита продукции и необоснованного роста тарифов на услуги монополистов.
      Бюджетная политика будет направлена на укрепление устойчивости государственных финансов и дальнейшее накопление средств в Национальном фонде.
      Размер дефицита бюджета будет определяться с учетом обеспечения устойчивости правительственного долга и развития рынка государственных ценных бумаг в долгосрочной перспективе. В 2014 году дефицит республиканского бюджета запланирован на уровне 2,4 % к валовому внутреннему продукту.
      С целью совершенствования налоговой политики будут рассмотрены вопросы повышения индивидуального подоходного налога и акцизов на нефтепродукты, улучшения налогового администрирования, снижения административных барьеров и улучшения бизнес-климата.
      В целях реализации Концепции по вхождению Казахстана в число 30-ти самых развитых государств мира будет разработан детальный План мероприятий на 2014 – 2016 годы.
      Политика дальнейшей индустриализации экономики страны предусмотрена в Концепции второй пятилетки индустриально-инновационного развития, направленной на развитие обрабатывающей промышленности в определенных приоритетных секторах с учетом региональной специфики. Указанные аспекты будут учтены в разрабатываемой Государственной программе индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2015 – 2019 годы (далее – Программа), которая будет принята в текущем году.
      Для системных изменений сельскохозяйственной отрасли и повышения конкурентоспособности субъектов агропромышленного комплекса будут внесены изменения в Программу по развитию агропромышленного комплекса в Республике Казахстан на 2013 – 2020 годы «Агробизнес – 2020».
      Государственная программа развития и интеграции инфраструктуры транспортной системы Республики Казахстан до 2020 года будет расширена с целью увеличения транзитных перевозок через Казахстан к 2050 году в десять раз, также будет продолжена реализация крупных инфраструктурных проектов для развития современных центров логистики и дистрибуции.
      Для комплексного решения вопросов предотвращения дефицита водных ресурсов и сохранения экосистемы, а также совершенствования системы управления водными ресурсами страны будет принята Государственная программа управления водными ресурсами Казахстана.
      Для обеспечения баланса интересов государства, бизнеса и потребителей в рамках реализации Концепции государственного регулирования предпринимательской деятельности до 2020 года будут введены ограничения для государственных органов на введение новых необоснованных регуляторных инструментов.
      В целях реализации Концепции дальнейшего реформирования разрешительной системы Казахстана на 2012 – 2015 годы будет принят Закон Республики Казахстан «О разрешениях и уведомлениях».
      Для создания благоприятного климата для малого бизнеса и оказания точечной государственной поддержки на законодательном уровне будет внедрена новая категория предпринимательства – микробизнес.
      Кроме того, будет продолжена реализация мер государственной поддержки бизнеса в рамках актуализированной Программы «Дорожная карта бизнеса – 2020» с учетом Программы индустриально-инновационного развития на 2015 – 2019 годы.
      С целью улучшения инвестиционной привлекательности страны и поэтапного внедрения в Казахстане стандартов корпоративного управления стран Организации экономического сотрудничества и развития будет усовершенствовано национальное законодательство в сфере инвестиционной деятельности, развития практики ответственного ведения бизнеса, расширения участия инвесторов в инфраструктурных проектах через механизм государственно-частного партнерства.
      В сфере пенсионного обеспечения будет разработана Концепция дальнейшей модернизации пенсионной системы до 2030 года, в которой будут отражены основные подходы по совершенствованию пенсионной системы на долгосрочную перспективу.
      Региональная политика будет направлена на формирование рациональной территориальной организации экономического потенциала, создание благоприятных условий для жизнедеятельности населения через стимулирование и регулирование процессов урбанизации и развития агломераций, являющихся важнейшими точками экономического роста, развитие и поддержку перспективных населенных пунктов, обладающих экономическим и демографическим потенциалами.
      Для решения актуальных региональных социально-экономических проблем будут сформированы долгосрочные центры экономического роста в городах Астане, Алматы, Шымкенте.
      Также в течение 2014 года будут разработаны проекты долгосрочных планов формирования агломераций в городах Астане и Алматы на период до 2030 года.
      В рамках административной реформы будет продолжена работа по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления и построению качественно новой модели, направленной на удовлетворение прав и законных интересов граждан, бизнеса и общества в целом, создание компактного правительства, освобожденного от излишних полномочий, повышение ответственности центральных и местных исполнительных органов.
      В реализацию Концепции совершенствования системы государственного планирования, ориентированной на результаты, будет продолжена работа по обеспечению взаимосвязи стратегического и бюджетного планирования.
      По итогам проведенной ревизии государственных и отраслевых программ будет проведена работа по оптимизации программ, качественному улучшению механизмов и инструментов реализации программ и приоритетности их финансирования.
      С целью эффективного управления государственными активами и обеспечения четкого разделения роли государства и частного бизнеса в экономике будет принят Комплексный план приватизации на 2014 – 2016 годы и продолжена приватизация отдельных государственных предприятий и квазигосударственных компаний.
      Будет продолжена дальнейшая работа по устранению изъятий и ограничений, препятствующих функционированию Таможенного союза и Единого экономического пространства.
      В 2014 году будет подписан Договор о Евразийском экономическом союзе с учетом национальных интересов Казахстана.
      Планируется завершение переговорного процесса по вступлению Казахстана во Всемирную торговую организацию.
      В ходе данных переговоров Правительством будут предприняты меры по созданию максимально выгодных для Казахстана условий для дальнейшего развития национальной экономики после вступления во Всемирную торговую организацию, с учетом обязательств Казахстана, принятых в рамках Таможенного союза.
      В рамках организационных мероприятий по проведению Международной выставки ЭКСПО – 2017 в Астане будут завершены работы по подготовке технико-экономического обоснования и разработке проектно-сметной документации и начато строительство выставочного комплекса ЭКСПО – 2017 в г. Астане.
      В 2014 году Национальный Банк будет:
      1) проводить эффективную денежно-кредитную политику, направленную на обеспечение стабильности цен в Республике Казахстан;
      2) на постоянной основе анализировать ситуацию в банковском секторе в целях выявления и оценки системных рисков, а также снижения возможностей для проведения арбитражных и спекулятивных операций;
      3) продолжать политику обменного курса, направленную на обеспечение баланса между внутренней и внешней конкурентоспособностью казахстанской экономики.
      При проведении денежно-кредитной политики будет осуществляться регулирование только краткосрочной тенговой ликвидности на денежном рынке. Основные усилия будут направлены на повышение эффективности применяемых инструментов. В рамках данной работы будут предприниматься меры по совершенствованию процентного канала и постепенному снижению роли валютного канала.
      Национальный Банк приступит к следующему этапу реализации нового трансмиссионного механизма денежно-кредитной политики. Это предполагает принятие мер по определению коридора процентных ставок Национального Банка, внедрению новых инструментов по предоставлению ликвидности (постоянные механизмы), дальнейшему совершенствованию механизма минимальных резервных требований и курсовой политики.
      В целях дальнейшего развития финансового рынка до 1 июня 2014 года будет разработана комплексная Концепция развития финансового сектора Республики Казахстан до 2030 года.
      В рамках содействия обеспечению стабильности финансового сектора продолжится работа по стимулированию процесса оздоровления проблемных активов банков второго уровня через повышение эффективности и упрощение действующих механизмов управления проблемными активами банков.
      Будет реализован комплекс законодательных поправок в части налогообложения, санации должников, оптимизации сферы деятельности организаций по управлению проблемными активами. В целях раннего реагирования и принятия своевременных мер по «очистке» безнадежной задолженности с 1 января 2014 года ужесточается пороговое значение по доле неработающих займов в ссудном портфеле банков – не более 15 %.
      В рамках принятых мер по ограничению высоких темпов роста необеспеченного потребительского кредитования будут установлены ограничения на прирост необеспеченных потребительских займов банков, а также повышены требования по формированию капитала при осуществлении потребительского кредитования. Дополнительно будет установлен предельный порог совокупной долговой нагрузки заемщика-физического лица на уровне 50 %, при превышении которого банк не осуществляет выдачу необеспеченного займа.
      Также будет завершена необходимая подготовительная работа по поэтапному внедрению стандартов капитала Базель III в казахстанскую практику регулирования. Планируются мероприятия по адаптации к новым требованиям по достаточности капитала банков второго уровня и по разработке нормативной правовой базы перехода на новые стандарты регулирования.
      Экономическая политика, проводимая Правительством и Национальным Банком в 2014 году, позволит обеспечить сохранение устойчивого экономического роста на уровне 6-7 % и уровня инфляции в коридоре 6-8 %.
      Кроме того, в целях эффективного решения задач, стоящих перед Правительством и Национальным Банком, до 1 мая 2014 года будет разработан комплекс мер, направленных на снижение инфляции до 3-4 % в среднесрочной перспективе. Данные меры будут носить сбалансированный характер, чтобы сохранить достигнутые позитивные результаты макроэкономического развития страны и обеспечить дальнейший стабильный и поступательный рост экономики.