Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 260 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері:
      1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің уақтылы және мақсатты пайдаланылуын;
      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары бюджеттерінің республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану мониторингін қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 260 қаулысымен   
бекітілген     

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 089 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі - нысаналы трансферттер) пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) білім беру процесі - білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйым іске асыратын білім беру бағдарламаларын іске асыру шеңберінде педагогикалық тұрғыда негізделген оқыту, тәрбиелеу және дамыту процесі;
      2) білім беру процесін қаржыландыру көлеміне кіретін ынталандыру бөлігі - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне сыйлықақылар төлеуге және олардың еңбекақысын қызмет нәтижелеріне қарай саралау мақсатында ынталандыру үстемеақыларын белгілеуге, сондай-ақ бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының білім беру процесіне байланысты басқа да қажеттіліктерді өтеуге көзделген республикалық бюджет қаражаты.
      3. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен, осы Қағидалардың ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      4. Нысаналы трансферттер:
      1) жұмыс берушінің жарналарын ескере отырып, жан басына шаққандағы қаржыландырылатын бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы төлеуге;
      2) бір білім алушыға шаққандағы ағымдағы қаржы жылына бір айлық есептік көрсеткіш есебінен оқу шығыстарын төлеуге;
      3) жалақы мен оқу шығыстарын төлеуге арналған шығыстардан он пайыз мөлшерінде білім беру процесін қаржыландыру көлеміне кіретін ынталандыру бөлігін төлеуге пайдаланылады.
      5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
      1) Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдер (бұдан әрі - келісім) жасасады;
      2) бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына және келісімдерге сәйкес республикалық бюджеттен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.
      6. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жергілікті атқарушы органдары жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес және жасалған келісімнің негізінде республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын нысаналы мақсаты бойынша пайдаланады.
      7. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
      8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне нысаналы трансферттерді пайдалану мониторингінің нәтижелері туралы есеп береді.

Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2014 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на апробирование подушевого финансирования начального, основного среднего и общего среднего образования

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2014 года № 260

      Примечание РЦПИ!
      Вводится в действие с 1 января 2014 года.

      В соответствии со статьей 14 Закона Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года «О республиканском бюджете на 2014-2016 годы» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2014 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на апробирование подушевого финансирования начального, основного среднего и общего среднего образования.
      2. Акимам Акмолинской, Актюбинской, Алматинской, Восточно-Казахстанской и Южно-Казахстанской областей обеспечить:
      1) своевременное и целевое использование выделенных целевых текущих трансфертов;
      2) представление в Министерство образования и науки Республики Казахстан отчетов об использовании выделенных целевых текущих трансфертов до 5-го числа месяца, следующего за отчетным.
      3. Министерству образования и науки Республики Казахстан обеспечить мониторинг использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета бюджетами Акмолинской, Актюбинской, Алматинской, Восточно-Казахстанской и Южно-Казахстанской областей.
      4. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2014 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                   С. Ахметов

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан 
от 26 марта 2014 года № 260

Правила
использования целевых текущих трансфертов из республиканского
бюджета на 2014 год областными бюджетами, бюджетами городов
Астаны и Алматы на апробирование подушевого финансирования
начального, основного среднего и общего среднего образования

      1. Настоящие Правила использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2014 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на апробирование подушевого финансирования начального, основного среднего и общего среднего образования (далее - Правила) определяют порядок использования целевых текущих трансфертов (далее - целевые трансферты), выделяемых областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы из республиканского бюджета по республиканской бюджетной программе 089 «Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на апробирование подушевого финансирования начального, основного среднего и общего среднего образования».
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) образовательный процесс - педагогически обоснованный процесс обучения, воспитания и развития в рамках реализации образовательных программ, реализуемый организацией, осуществляющей образовательную деятельность;
      2) стимулирующая составляющая в объеме финансирования образовательного процесса - средства республиканского бюджета, предусмотренные для выплаты премий и установления стимулирующих надбавок работникам организаций начального, основного среднего и общего среднего образования в целях дифференциации их заработной платы в зависимости от результатов деятельности, а также покрытия других нужд организаций начального, основного среднего и общего среднего образования, связанных с образовательным процессом.
      3. Использование целевых текущих трансфертов, выделенных областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на апробирование подушевого финансирования начального, основного среднего и общего среднего образования, осуществляется в порядке, установленном бюджетным законодательством Республики Казахстан, с учетом особенностей настоящих Правил.
      4. Целевые трансферты используются на:
      1) выплату заработной платы работникам организаций начального, основного среднего и общего среднего образования с подушевым финансированием с учетом взносов работодателя;
      2) оплату учебных расходов из расчета один месячный расчетный показатель на текущий финансовый год на одного обучающегося;
      3) выплату стимулирующей составляющей в объеме финансирования образовательного процесса в размере десяти процентов от расходов на выплату заработной платы и учебных расходов.
      5. Министерство образования и науки Республики Казахстан:
      1) заключает соглашения о результатах по целевым текущим трансфертам (далее - соглашение) с акимами Акмолинской, Актюбинской, Алматинской, Восточно-Казахстанской и Южно-Казахстанской областей;
      2) производит перечисление целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета бюджетам Акмолинской, Актюбинской, Алматинской, Восточно-Казахстанской и Южно-Казахстанской областей на основании индивидуальных планов финансирования по платежам и соглашений в порядке, установленном бюджетным законодательством.
      6. Местные исполнительные органы Акмолинской, Актюбинской, Алматинской, Восточно-Казахстанской и Южно-Казахстанской областей используют суммы целевых трансфертов из республиканского бюджета по целевому назначению в соответствии с индивидуальными планами финансирования и на основании заключенного соглашения.
      7. Местные исполнительные органы Акмолинской, Актюбинской, Алматинской, Восточно-Казахстанской и Южно-Казахстанской областей представляют в Министерство образования и науки Республики Казахстан отчет о прямых и конечных результатах, достигнутых за счет использования выделенных целевых трансфертов в соответствии с соглашениями.
      8. Министерство образования и науки Республики Казахстан представляет в Министерство финансов Республики Казахстан отчет о результатах мониторинга использования целевых трансфертов.