"Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 276 Қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 67-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларында және олардың мөлшерлерінде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бірінші курсқа қабылданған студенттерге, магистранттарға (бірінші оқу жылы) мемлекеттік стипендия бірінші семестрде тағайындалады және бірінші семестр бойы ай сайын төленеді. Келесі семестрлерде студенттерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия өткен семестрдің емтихан сессиясының немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудың қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді.»;
      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Академиялық демалыс кезеңінде жүктілігіне және босануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама ұсынған жағдайда, академиялық демалыс үзіліп, жүктілігі және босануына байланысты демалыс ресімделеді.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері:
      1) жоғары білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 16759 (он алты мың жеті жүз елу тоғыз) теңге;
      2) интерндерге – 30356 (отыз мың үш жүз елу алты) теңге;
      3) магистранттарға – 42824 (қырық екі мың сегіз жүз жиырма төрт) теңге;
      4) «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарға – 100 000 (жүз мың) теңге;
      5) докторанттарға – 65599 (алпыс бес мың бес жүз тоқсан тоғыз) теңге;
      6) резидентура тыңдаушыларына және денсаулық сақтау магистранттарына – 49249 (қырық тоғыз мың екі жүз қырық тоғыз) теңге мөлшерінде белгіленеді.»;
      20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Көзі нашар көретін мүгедектер мен құлағы кеміс мүгедектердің, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) балалардың, сондай-ақ емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек «өте жақсы» деген бағалары бар студенттер мен магистранттардың («Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттардан басқа) ұлғайтылған мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар.»;
      2) көрсетілген Қағидалардың қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының он бірінші абзацын қоспағанда, 2014 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 276 қаулысына 
қосымша      

Білім беру ұйымдарында білім
алушыларға мемлекеттік 
стипендияларды тағайындау,
төлеу қағидаларына   
қосымша         

Мемлекеттік стипендияларды ұлғайту мөлшері

Р/с №

Стипендиаттар тізбесі

Пайызға шаққандағы ұлғайту мөлшері

1

Техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын көзі нашар көретін мүгедектер мен құлағы кеміс мүгедектерге;

75

2

«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс мүгедектеріне теңестірілген техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге, магистранттарға және интерндерге;

50

3

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) балалар қатарындағы техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге, магистранттарға және интерндерге;

30

4

Техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын, емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек «өте жақсы» деген бағалары бар студенттерге, магистранттарға (мемлекеттік атаулы стипендия мен Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын алатын студенттерден басқа).

15

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 "Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2014 года № 276

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 «Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования» (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 7, ст. 67) следующие изменения:
      1) в Правилах назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 5 изложить в следующей редакции:
      «5. Студентам, магистрантам, зачисленным на первый курс (первый год обучения) на основании государственного образовательного заказа в первом семестре назначается государственная стипендия и выплачивается ежемесячно в течение первого семестра. В следующих семестрах студентам, магистрантам государственная стипендия назначается и выплачивается по итогам экзаменационной сессии или промежуточной аттестации обучающихся за предыдущий семестр.»;
      часть вторую пункта 13 изложить в следующей редакции:
      «При представлении справки о временной нетрудоспособности в связи с беременностью и родами в период академического отпуска, академический отпуск прерывается и оформляется отпуск по беременности и родам.»;
      пункт 17 изложить в следующей редакции:
      «17. Обучающимся по государственному образовательному заказу размер ежемесячной государственной стипендии устанавливается:
      1) студентам, обучающимся в организациях образования, реализующих образовательные учебные программы высшего образования – 16759 (шестнадцать тысяч семьсот пятьдесят девять) тенге;
      2) интернам – 30356 (тридцать тысяч триста пятьдесят шесть) тенге;
      3) магистрантам – 42824 (сорок две тысячи восемьсот двадцать четыре) тенге;
      4) магистрантам, обучающимся в Автономной организации образования «Назарбаев Университет» – 100 000 (сто тысяч) тенге;
      5) докторантам – 65599 (шестьдесят пять тысяч пятьсот девяносто девять) тенге;
      6) слушателям резидентуры и магистрантам здравоохранения – 49249 (сорок девять тысяч двести сорок девять) тенге.»;
      часть первую пункта 20 изложить в следующей редакции:
      «20. Инвалиды по зрению и инвалиды по слуху, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей и находящиеся под опекой (попечительством), а также студенты и магистранты, имеющие по результатам экзаменационной сессии только оценки «отлично», имеют право на получение повышенной государственной стипендии», (за исключением магистрантов, обучающихся в Автономной организации образования «Назарбаев Университет»);
      2) приложение к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 апреля 2014 года, за исключением абзаца одинадцатого подпункта 1) пункта 1, который вводится в действие с 1 января 2014 года, и подлежит официальному опубликованию.

     Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Приложение     
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 31 марта 2014 года № 276

Приложение        
к Правилам назначения, выплаты и
размеров государственных 
стипендий обучающимся в  
организациях образования  

            Размеры повышения государственных стипендий

№ п/п

Перечень стипендиатов

Размеры
повышения
в процентах

1

Инвалидам по зрению и инвалидам по слуху, обучающимся
в организациях образования, реализующих образовательные
учебные программы технического и профессионального
(училищах, колледжах), послесреднего, высшего
и послевузовского образования;

75

2

Студентам, магистрантам и интернам, обучающимся
в организациях образования, реализующих
образовательные учебные программы технического
и профессионального (училищах, колледжах),
послесреднего, высшего и послевузовского образования,
приравненным в соответствии с Законом Республики Казахстан
«О льготах и социальной защите участников, инвалидов
Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним»
по льготам и гарантиям к инвалидам войны;

50

3

Студентам, магистрантам и интернам, обучающимся в
организациях образования, реализующих образовательные
учебные программы технического и профессионального
(училищах, колледжах), послесреднего, высшего и
послевузовского образования из числа детей-сирот и детей,
оставшихся без попечения родителей и находящихся
под опекой (попечительством) граждан;

30

4

Студентам, магистрантам, обучающимся в организациях
образования, реализующих образовательные учебные программы
технического и профессионального (училищах, колледжах),
послесреднего, высшего и послевузовского образования,
имеющим по результатам экзаменационной сессии
(кроме студентов, получающих государственные именные
стипендии и стипендии Президента Республики Казахстан)
только оценки «отлично»

15