"Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 346 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 793 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2014 № 793 қаулысымен (12.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 44, 423-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережеде:
      3-тармақта:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «тауардағы жергілікті қамту үлесі - пайдаланылатын жергілікті материалдар құны мен тауарларды өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарды қайта өңдеуге жұмсаған шығындарының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық құрамы;»;
      жиырма үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «сериялы өндіріс тауары - шығарылуы ұзақ уақыт бойы жеке топтамалармен қайталанатын тауар;»;
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. Ішкі айналымға арналған Қазақстанда шығарылған тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері:
      1) осы Ереженің 7-тармағының 1) тармақшасында белгіленген өлшем;
      2) осы Ережеге 9-қосымшада көрсетілген үшінші елдің тауарын өндірісте пайдалану кезінде тауарға шығу тегі мәртебесін беру үшін қажетті шарттарды, өндірістік және технологиялық операцияларды орындау;
      3) тауардың бағасындағы жергілікті қамту үлесі «франко-зауыт» бағасы шарттарымен дайын тауар құнынан кемінде 30 пайызды құраған кезде тауар құнының өзгеруі болып табылады.»;
      37-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы Ереженің 36-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес келмеген жағдайда, осы Ереженің 36-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері қолданылады.»;
      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «41. Ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған елін айқындау ерекшеліктері осы Ереженің 12-тармағының талаптары ескеріліп көзделеді.
      Толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарлардың жергілікті қамту үлесі жүз пайызды құрайды. Осы тауардан бөлінбейтін буып-түюдің жергілікті қамту үлесін есептеу жүргізілмейді.»;
      44-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) өндіріс орналасқан жерге барып, тауарды сыртқы белгілері, таңбалануы бойынша сәйкестендіруді (атауы, үлгісі, қаптамасы, сыныбы, дайындаушы-кәсіпорын);»;
      45-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін айқындауға арналған құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері (тауар өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен құрауыштардың құны, шикізатты жеткізуге арналған шарттар және/немесе шот-фактуралар және/немесе жүкқұжаттар, тауар өндіруге негіз болған нормативтік техникалық құжаттардың тізбесі қоса берілетін технологиялық құжаттама, тауар өндірілетін технологиялық құжаттар, шетелде шығарылған шикізат немесе құрауыштардың құнын ескере отырып, тауардың өзіндік құнының есептемесі);»;
      45-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
      47-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «47-1. Сериялы өндіріс тауарының шығу тегіне сараптама жүргізген кезде сериялы өндіріс тауарының шығу тегі туралы сараптама актісінің қолданылу мерзімі бір жылды құрайды. Бұл ретте тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінде 10-бағанда сериялы өндіріс тауарының жылдық көлемі көрсетіледі.
      Тауардың сериялы өндірісін үш жылдан астам жүргізіп жатқан кәсіпорындар үшін және осы Ереженің 45-тармағында көрсетілген тауарды өндіру технологиясының, шикізатты (материалдарды) жеткізуші елдің, сондай-ақ кейінгі үш жылда шикізат пен құрауыштар құнының өзгермегенін дәлелдейтін құжаттарды ұсынған кезде сериялы өндіріс тауарының шығу тегі туралы сараптама актісінің қолданылу мерзімі үш жылды құрайды. Бұл ретте тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінде 10-бағанда сериялы өндіріс тауарының үш жылдық көлемі көрсетіледі.
      Тауарды өндіру технологиясы, шикізатты (материалдарды) жеткізуші ел, сондай-ақ шикізат пен құрауыштардың құны өзгерген жағдайда, тауардың шығу тегі туралы жаңа сараптама актісін және ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мақсатында Өтініш беруші бес жұмыс күні ішінде Сараптамалық ұйымға мұндай өзгерістер туралы хабарлайды.»;
      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «59. «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінің мерзіміне байланысты берілген күнінен бастап он екі немесе отыз алты айды құрайды.»;
      60-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) 5-баған - «Қызметтік белгілер үшін». Мемлекеттік бақылау органдарының қызметтік белгілері, сондай-ақ мынадай жазулар енгізіледі: «Телнұсқа», «Сертификат орнына берілді», «Сериялық өндіріске берілді. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап он екі айды құрайды.», «Сериялық өндіріске берілді. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап отыз үш айды құрайды». Тауарды алушы болған жағдайда тауарды алушы мен тауарды өндіруші арасындағы тауарды сатып алуға жасалған шарт көрсетіледі. Сертификат қайта ресімделген жағдайда, оны қайта ресімдеуге негіз болған сертификаттардың барлық нөмірлері көрсетіледі.»;
      60-тармақтың 9) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Д - түпкілікті өнімнің сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасындағы кодының (тауарлық позициясының) алғашқы төрт санын көрсете отырып, жеткілікті дәрежеде қайта өңдеуге түскен тауар. Бағанды толтырған кезде тауардағы жергілікті қамтудың пайызға шаққандағы үлесі көрсетіледі. Тауарды өндірудегі жергілікті қамтудың үлесін есептеу осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес формула бойынша жүргізіледі.»;
      көрсетілген Ережеге 9-қосымшада:
      мына:
«

1602

Еттен, қосымша ет өнімдерінен жасалған дайын немесе консервіленген өнімдер немесе басқа да қандар

Мүшелеу, бұзу, бөлшектеу, кесу, араластыру, оның ішінде үй құсының етін механикалық бұзу, етті хош иісті ащы дәмдермен (дәмдеуіштер) және/немесе өсімдік ақуыздарымен және/немесе тұзбен, тұздықпен піспектеу әдісі бойынша операцияларды сүйегінен ажыратылмаған етті бөлшектеп мүшелеу операцияларын, сондай-ақ үй құсының етін механикалық бұзу бойынша дайындау жөніндегі операцияларды қоспағанда технологиялық операцияларды орындау кезінде 02-топтың материалдарынан дайындау

                                                                 »
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«

1701

Қатты күйдегі құрақ қанты немесе қызылша қанты немесе химиялық таза сахароза

Клерлеу (құрақ қанты үшін), сатурация, сульфитация, сүзу жөніндегі және кейінгі (құрақ қанты және қызылша қанты үшін) технологиялық операцияларды орындау шарттарымен кез келген позициядағы материалдарды дайындау

                                                                  »;
      мына:
«

4015

Киім және түрлі мақсаттарға арналған қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған киімдерге (қолғаптарды, биялайларды және митенкілерді қоса алғанда) арналған керек-жарақтар

Кез келген позицияның материалдарынан дайындау. Алайда, 4015 позициясының пайдаланылатын материалдар құны мыналардан:
- тауардың осы түрін дайындаған күннен бастап бірінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан;
- екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 70 %-ынан;
- үшінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 60 %-ынан;
- тауардың осы түрін дайындаудың төртінші жылынан бастап түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс. Мынадай операцияларды орындау жағдайында:
- орамаларды дайындау;
- екі-екіден жекелеген орамаға қаптау;
- зарарсыздандыру;
- зарарсыздығын тексеру

                                                                 »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

4015

Киім және түрлі мақсаттарға арналған қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған киімдерге (қолғаптарды, биялайларды және митенкілерді қоса алғанда) арналған керек-жарақтар

Кез келген позицияның материалдарынан дайындау. Алайда, 4015 позициясының пайдаланылатын материалдар құны мыналардан:
- тауардың осы түрін дайындаған күннен бастап бірінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан;
- екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 70 %-ынан;
- үшінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 60 %-ынан;
- тауардың осы түрін дайындаудың төртінші жылынан бастап түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс.
Зарарсыздандырылған биялайлар үшін мынадай операцияларды орындау жағдайында:
- орамаларды дайындау;
- екі-екіден жекелеген орамаға қаптау;
- зарарсыздандыру;
- зарарсыздығын тексеру.
Зарарсыздандырылмаған биялайлар үшін мынадай операцияларды орындаған жағдайда:
- хлоринация немесе полимерлеу;
- орамаларды дайындау;
- 25-50 жұптан топты орамаға қаптау (полиэтиленді қосымша бет, картонды қорап/бокс)

                                                                 »;

      мына:
«

5603

5603 позициясының тоқылмаған материалдан жасалған медициналық бір реттік зарарсыздандырылған киімдердің жиынтықтары және бірлі-жарым бұйымдары

Кіріс бақылауы, төсем, пішу, тігу (қажетіне қарай), зарарсыздандыру, буып-түю, шығыс бақылауы

                                                               »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

5603-тен

5603 позициясының тоқылмаған материалдан жасалған медициналық бір реттік зарарсыздандырылған киімдердің жиынтықтары және бірлі-жарым бұйымдары

Кіріс бақылауы, төсем, пішу, тігу (қажетіне қарай), зарарсыздандыру, буып-түю, шығыс бақылауы

                                                              »;
      мына:
«

6401-6405

Су өткізбейтін ұлтаны бар және үсті резеңке немесе пластмасса болған, үсті ұлтанмен бекітілмеген, және онымен не жіппен, не сүмбімен, не шегелікпен, не бұрандамен, не тойтарма шегемен не басқа ұқсас әдіспен байланыспаған су өткізбейтін аяқ киім - өзге де аяқ киім

Мынадай: қонышының бөлшектері пішу, қонышы мен ұлтан бөлшектерін кескіндеу, қоныш дайындамасын жинақтау, аяқ киімді тігу технологиялық операцияларды орындау шарттары кезінде кез келген позицияның материалдарынан дайындау

                                                              »
      деген жол алынып тасталсын;
      мына:
«

7311 00990 0

Өзге де қара металдардан жасалған сыйымдылығы 1000 литр немесе одан астам сығылған немесе сұйытылған газға арналған сыйымдылықтар

Олардың жасалуы, барлық қолданылатын материалдар құнының соңғы өнімінің 80 %-нан аспауы қажет, онымен қоса технологиялық операцияларды орындау шарты бойынша: - алдын-ала дайындаулар; - бөлшектердің механикалық өңделуі; - жинақтық - балқытып біріктіру операциялары; - бар әдістемелік тапсырмаларға сынақ жүргізумен байланысты және құрылыстық құжаттамаларға салынған техникалық параметрлерді бақылауларды жалпы құрастыру

                                                                »
      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«

7312

Ширатылған сым, арқандар. Арқандар, өрілген баулар, ілмектер және электр оқшаулағышсыз қара металдардан жасалған ұқсас бұйымдар

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын барлық материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс. Алайда сол позицияда пайдаланылатын материалдардың құны, сол сияқты даяр өнімнің құны түпкілікті өнім бағасының 15 %-ынан аспауы тиіс

                                                                »;
      мына:
«

84-топ

Ядролық реакторлар, қазандықтар, жабдық пен механикалық құрылғылар, олардың бөлшектері мынадай позицияларға жататын, олар үшін қолданылатын ережелер төменде жазылған өнімдерден басқа: 8403, 8404, 8406, 8407; 8408 90 850 0-сынан басқа 8408, 8408 90 850 0, 8412, 8414, 8415, 8418, 8419 40 000, 8419 50 000, 8419 89, 8419 90, 8421, 8425-8430, 8432 30; 8433 51 000 9, 8433 59 850 9, 8433 59 110 9-сынан басқа 8433, 8444-8447, 8448, 8450, 8452, 8456-8466, 8469-8472, 8480, 8484, 8485

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын барлық материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген шекте өнімнің сондай позициясында жіктелетін материалдар тек қана түпкілікті өнім бағасының 5 %-ы шегіндегі сомаға дейін қолданыла алады

                                                                 »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

84-топ

Ядролық реакторлар, қазандықтар, жабдық пен механикалық құрылғылар, олардың бөлшектері мынадай позицияларға жататын, олар үшін қолданылатын ережелер төменде жазылған өнімдерден басқа: 8403, 8404, 8406, 8407, 8408 90 850 0 басқа 8408, 8408 90 8500, 8412, 8414, 8415, 8418, 8419 40 000, 8419 50 000, 8419 89, 8419 90, 8421, 8425-8430, 8432 30; 8433 51 000 9, 8433 59 850 9, 8433 59 110 9 басқа 8433, 8444-8447, 8448, 8450, 8452, 8456-8466, 8469-8472, 8471, 847432 000, 8480, 8484, 8485

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын барлық материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген шекте өнімнің сондай позициясында жіктелетін материалдар тек қана түпкілікті өнім бағасының 5 %-ы шегіндегі сомаға дейін қолданыла алады

                                                              »;
      мына:
«

8414

Ауа немесе вакуумдық сорғылар, ауа немесе газ компрессорлары және желдеткіштері;
желдеткішпен, сүзгілермен немесе сүзгілерсіз желдеткіш немесе рециркулярлық сорып шығару қақпақтары немесе шкафтары

Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ының аспауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген шекте өнім позициясында жіктелетін материалдар түпкілікті өнім бағасының 80 %-ы шегіндегі сомаға дейін қолданыла алады

                                                               »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

8414

Ауа немесе вакуумдық сорғылар, ауа немесе газ компрессорлары және желдеткіштері; желдеткішпен, сүзгілермен немесе сүзгілерсіз желдеткіш немесе рециркулярлық сорып шығару қақпақтары немесе шкафтары

Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген шекте өнімнің сондай позициясында жіктелетін материалдар 80 % шегіндегі сомаға дейін қолданыла алады

                                                               »;
      мына:
«

8471

Есептеу машиналары және олардың блоктары; магниттік немесе оптикалық санағыш құрылғылар, деректерді кодталған нысандағы ақпарат тасымалдағыштарына және осыған ұқсас ақпаратты өңдеуге арналған машиналарға тасымалдауға арналған басқа жерде аталмаған және енгізілмеген машиналар

Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдар құны мынадай технологиялық операцияларды орындау жағдайында түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс:
- есептеуіш техниканы конфигурациялау және реттеу; - корпуста мынадай функционалдық тораптарды: жүйелік платаны, қоректендіру блогын және есептеуіш техникасының конфигурациясына кіретін басқа құрамдауыштарды құрастыру;
- құрастырушы элементтердің кірісін бақылау;
- БҚ орнату және есептеуіш
техниканы тестілеу, оның ішінде алынған нәтижелерді сақтай отырып компьютердің жұмысқа қабілеттілігін тексерудің кешенді тестін орындау

                                                             »
      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«

8474 32 000 0

Минералды заттарды битуммен араластыруға арналған машина (асфальтбетон зауыттары)

Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдар құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-нан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операциялар, орындалған жағдайда:
дайындамаларды жасау (таспалы кескішті машиналарда кесу, газды плазмалы машинада пішу); бөлшектерді механикалық өңдеу;
корпусты бөлшектерді жасау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастырушы-дәнекерлегіш операциялар;
жеке тораптарды құрастыру және сынау;
қолда бар әдістемелік нұсқаулар бойынша күштік сынақтар өткізе отырып және конструкторлық құжаттамада салынған техникалық параметрлерді бақылай отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау және пайдалануға енгізу

                                                                  »;

      көрсетілген Ережеге 10-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 11 сәуірдегі
№ 346 қаулысына   
қосымша       

Тауар шығарылған елді анықтау,  
тауардың шығу тегі туралы сараптама
актісін жасау және беру әрі тауардың
шығу тегі туралы сертификатты   
ресімдеу, куәландыру және беру  
жөніндегі ережеге         
10-қосымша             

Тауар өндіру ісіндегі жергілікті қамту үлесін есептеу

Қ шетел мат
ЖҚҮ= 100% _____________ X 100%,
      Қ дайын өнім   

      мұндағы,
      ЖҚҮ - түпкі өнім бағасындағы жергілікті қамту үлесі, %;
      Қ шетел мат. - шетелде шығарылған шикізат пен материалдардың құны;
      Қ дайын өнім. - «франко-зауыт» бағасы бойынша дайын өнімнің құны.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 октября 2009 года № 1647 "Об утверждении Правил по определению страны происхождения товара, составлению и выдаче акта экспертизы о происхождении товара и оформлению, удостоверению и выдаче сертификата о происхождении товара"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года № 346. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 июля 2014 года № 793

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 16.07.2014 № 793 (вводится в действие с 12.07.2014).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 октября 2009 года № 1647 «Об утверждении Правил по определению страны происхождения товара, составлению и выдаче акта экспертизы о происхождении товара и оформлению, удостоверению и выдаче сертификата о происхождении товара» (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 44, ст. 423) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах по определению страны происхождения товара, составлению и выдаче акта экспертизы о происхождении товара и оформлению, удостоверению и выдаче сертификата о происхождении товара, утвержденных указанным постановлением:
      в пункте 3:
      абзац четвертый изложить в следующей редакции:
      «доля местного содержания в товаре — процентное содержание стоимости используемых местных материалов и затрат производителя товаров на переработку товара, осуществляемых на территории Республики Казахстан в конечной стоимости товара;»;
      абзац двадцать третий изложить в следующей редакции:
      «товар серийного производства - товар, выпуск которого повторяется отдельными партиями в течение продолжительного времени;»;
      пункт 36 изложить в следующей редакции:
      «36. Критериями достаточной переработки товара казахстанского происхождения для внутреннего обращения являются:
      1) критерий, установленный в подпункте 1) пункта 7 настоящих Правил;
      2) выполнение условий, производственных и технологических операций, необходимых для придания товару статуса происхождения при использовании в производстве товара третьих стран, указанных в приложении 9 к настоящим Правилам;
      3) изменение стоимости товара, когда доля местного содержания в цене товара составляет не менее 30 процентов от стоимости готового товара на условиях цены «франко-завод».»;
      пункт 37 дополнить частью следующего содержания:
      «В случае несоответствия критериям достаточной переработки товара, указанным в подпунктах 1), 2) пункта 36 настоящих Правил, применяется критерий достаточной переработки товара, указанный в подпункте 3) пункта 36 настоящих Правил.»;
      пункт 41 изложить в следующей редакции:
      «41. Особенности определения страны происхождения товара для внутреннего обращения предусматриваются с учетом требований пункта 12 настоящих Правил.
      На товар, полностью казахстанского происхождения, доля местного содержания составляет сто процентов. Расчет доли местного содержания упаковки, неотделимой от данного товара, не производится.»;
      подпункт 2) пункта 44 изложить в следующей редакции:
      «2) идентификацию товара по внешним признакам, маркировке (наименование, тип, упаковка, класс, предприятие-изготовитель) с выездом на место нахождения производства;»;
      подпункт 4) пункта 45 изложить в следующей редакции:
      «4) оригинал и копия документов для определения критерия достаточной переработки товара (стоимость сырья и компонентов, используемых в производстве товара, договоры на поставку сырья и/или счета-фактуры, и/или накладные, технологическая документация с приложением перечня нормативных технических документов в соответствии с которыми произведен товар, расчет себестоимости товара с учетом стоимости используемого сырья или компонента иностранного происхождения);»;
      подпункт 5) пункта 45 исключить;
      пункт 47-1 изложить в следующей редакции:
      «47-1. При проведении экспертизы происхождения товара серийного  производства, срок действия акта экспертизы о происхождении товара серийного производства составляет один год. При этом в акте экспертизы о происхождении товара в графе 10 указывается годовой объем товара серийного производства.
      Для предприятий, осуществляющих серийное производство товара более трех лет и при предоставлении документов, указанных в пункте 45 настоящих Правил, доказывающих неизменность технологии производства, страны-поставщика сырья (материалов), а также стоимости сырья и компонентов в последующие три года, срок действия акта экспертизы о происхождении товара серийного производства составляет три года. При этом в акте экспертизы о происхождении товара в графе 10 указывается трехлетний объем товара серийного производства.
      В случае изменения технологии производства товара,  страны-поставщика сырья (материалов), а также стоимости сырья и компонентов Заявитель в течение пяти рабочих дней информирует экспертную организацию о данных изменениях с целью получения нового акта экспертизы о происхождении товара и сертификата о происхождении товара для внутреннего обращения.»;
      пункт 59 изложить в следующей редакции:
      «59. Срок действия сертификата о происхождении товара формы «CT-KZ» составляет двенадцать или тридцать шесть месяцев со дня выдачи, в зависимости от срока действия акта экспертизы о происхождении товара.»;
      подпункт 5) пункта 60 изложить в следующей редакции:
      «5) графа 5 - «Для служебных отметок». Вносятся служебные отметки государственных контролирующих органов, а также следующие записи: «Дубликат», «Выдан взамен сертификата», «Выдан на серийное производство. Срок действия сертификата о происхождении товара составляет двенадцать месяцев со дня выдачи», «Выдан на серийное производство. Срок действия сертификата о происхождении товара составляет тридцать шесть месяцев со дня выдачи». В случае наличия получателя товара указывается договор на приобретение товара между получателем товара и производителем товара. В случае переоформления сертификата указываются все номера сертификатов, на основании которых он был переоформлен;
      абзац третий подпункта 9) пункта 60 изложить в следующей редакции:
      «Д - товар, подвергнутый достаточной переработке, с указанием первых четырех цифр кода (товарной позиции) товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности конечной продукции. При заполнении графы указывается в процентах доля местного содержания в товаре. Расчет доли местного содержания в производстве товара производится по формуле согласно приложению 10 к настоящим Правилам.»;
      в приложении 9 к указанным Правилам:
      после строки:
      «

1602

Готовые консервированные продукты из мяса мясных субпродуктов  или крови прочие

Изготовление из материалов группы 02 при условии выполнения технологических операций: за исключением операций по разделке, обвалке, жиловке, нарезке, смешиванию, в том числе мяса домашней птицы механической обвалки, со специями (пряностями) и/или растительными белками, и/или солью, посолу мяса методом шприцевания, операций по разделке необваленного мяса на части, а также операций по изготовлению мяса домашней птицы механической обвалки

                                                             »
      дополнить строкой следующего содержания:
      «

1701

Сахар тростниковый, или свекловичный или химически чистая сахароза в твердом состоянии

Изготовление из материалов любых позиций при условии выполнения технологических операций по клерированию (для сахара  тростникового), сатурации, сульфитации, фильтрации и последующих операций (для сахара тростникового и свекловичного)

                                                            »;
      строку:

4015

Одежда и принадлежности к одежде (включая перчатки, рукавицы и митенки) из вулканизованной резины, кроме твердой резины, для различных целей

Изготовление материалов любых позиций. Однако стоимость используемых материалов позиции 4015 не должна превышать:
80 % цены конечной продукции - в первый год с даты начала изготовления данного вида товара;
70 % цены конечной продукции
- во второй год;
60 % цены конечной продукции
- в третий год;
50 % цены конечной продукции с четвертого года изготовления данного вида товара. При условии выполнения следующих операций: изготовление упаковки;
расфасовка в индивидуальную упаковку попарно, стерилизация;
проверка на стерильность

                                                             »
      изложить в следующей редакции:
      «

4015

Одежда и принадлежности к  одежде (включая перчатки,  рукавицы и митенки) из  вулканизованной резины. кроме твердой резины, для различных целей

Изготовление из материалов любых позиций. Однако стоимость используемых материалов позиции 4015 не должна превышать:
80 % цены конечной продукции
- в первый год с даты начала изготовления данного вида товара;
70 % цены конечной продукции
- во второй год;
60 % цены конечной продукции
- в третий год;
50 % цены конечной продукции с четвертого года изготовления данного вида товара.
При условии выполнения следующих операций для стерильных перчаток:
изготовление упаковки;
расфасовка в индивидуальную упаковку попарно;
стерилизация;
проверка на стерильность.
При условии выполнения следующих операций для нестерильных перчаток:
хлоринация или полимеризация, изготовление упаковки;
расфасовка в групповую  упаковку по 25-50 пар (полиэтиленовый вкладыш, картонная коробка/бокс)

                                                           »;
      строку:
      «

5603

Комплекты и единичные изделия медицинского одноразового стерильного белья из нетканого материала позиции 5603

Входной контроль, настил, раскрой, пошив (при необходимости), стерилизация, упаковка, выходной контроль

                                                          »
      изложить в следующей редакции:
      «

из 5603

Комплекты и единичные изделия медицинского одноразового стерильного белья из нетканого материала позиции 5603

Входной контроль, настил, раскрой, пошив (при необходимости), стерилизация, упаковка, выходной контроль

                                                          »;
      строку:
      «

6401-6405

Водонепроницаемая обувь с подошвой и с верхом из резины или пластмассы, верх которой не крепится к подошве и не соединяется с ней ни ниточным, ни шпилечным, ни гвоздевым, ни винтовым, ни заклепочным, ни каким-либо другим аналогичным способом - обувь прочая

Изготовление из материалов любых позиций при условии выполнения технологических операций:
раскрой деталей верха, разруб деталей верха и низа, комплектация, сборка заготовок верха, пошив обуви

                                                         »
      исключить;
      после строки:
      «

73 11 00  990 0

Емкости для сжатого или сжиженного газа из черных металлов, прочие, вместимостью 1000 л или более

Изготовление, при котором стоимость всех используемых материалов не должна превышать 80 % цены конечной продукции, а также при условии выполнения технологических операций:
изготовление заготовок;
механическая обработка деталей;
сборочно-сварочные операции;
общий монтаж с проведением испытаний по имеющимся методическим указаниям и контролем технических параметров, заложенных в конструкторской документации

                                                           »
      дополнить строкой следующего содержания:
      «

7312

Скрученная проволока, тросы. Канаты, плетеные шнуры, стропы и аналогичные изделия, из черных металлов, без электрической изоляции

Изготовление, при котором стоимость всех используемых материалов не должна превышать 50 % цены конечной продукции. Однако стоимость используемых материалов той же позиции, что и готовый продукт, не должна превышать 15 % цены конечной продукции

                                                          »;
      строку:
      «

Группа 84

Реакторы ядерные, котлы, оборудование и механические устройства, их части, кроме продуктов, относящихся к следующим позициям, для которых применяемые правила излагаются далее: 8403, 8404, 8406, 8407, 8408 кроме 8408 90 850 0, 8408 90 850 0, 8412, 8414, 8415, 8418, 8419 40 000, 8419 50 000, 8419 89, 8419 90, 8421, 8425-8430, 8432 30, 8433 кроме 8433 51 000 9, 8433 59 110 9; 8433 59 850 9, 8444-8447, 8448, 8450, 8452, 8456-8466, 8469-8472, 8480, 8484, 8485

Изготовление, при котором стоимость всех используемых материалов не должна превышать 50 % цены конечной продукции. В вышеуказанном пределе материалы, классифицируемые в той же позиции, что и продукт, могут использоваться только до суммы в пределе 5 % цены конечной продукции

                                                            »;
      изложить в следующей редакции:
      «

Группа 84

Реакторы ядерные, котлы, оборудование и механические устройства, их части, кроме продуктов, относящихся к следующим позициям, для которых применяемые правила излагаются далее:
8403, 8404, 8406, 8407,
8408 кроме 8408 90 850 0, 8408 90 850 0, 8412, 8414,
8415, 8418, 8419 40 000,
8419 50 000, 8419 89, 8419 90, 8421, 8425-8430, 8432 30, 8433 кроме 8433 51 000 9, 8433 59 110 9;
8433 59 850 9, 8444-8447,
8448, 8450, 8452, 8456-8466, 8469-8472, 8471, 847421 000 0, 8480, 8484, 8485

Изготовление, при котором стоимость всех используемых материалов не должна превышать 50 % цены конечной продукции. В вышеуказанном пределе материалы, классифицируемые в той же позиции, что и продукт; могут использоваться только до суммы в пределе 5 % цены конечной продукции

                                                           »;
      строку:
      «

8414

Насосы воздушные или вакуумные, воздушные или газовые компрессоры и вентиляторы;
вентиляционные или рециркуляционные вытяжные колпаки или шкафы с вентилятором, с фильтрами или без фильтров

Изготовление, при котором стоимость всех используемых материалов не должна 50 % цены конечной продукции. В вышеуказанном пределе материалы, классифицируемые в той же позиции, что и продукт, могут использоваться до суммы в пределах 80 % цены конечной продукции

                                                           »
      изложить в следующей редакции:
      «

8414

Насосы воздушные или вакуумные, воздушные или газовые компрессоры и вентиляторы;
вентиляционные или рециркуляционные вытяжные колпаки или шкафы с вентилятором, с фильтрами или без фильтров

Изготовление, при котором стоимость всех используемых материалов не должна превышать 50 % цены конечной продукции. В вышеуказанном пределе материалы, классифицируемые в той же позиции, что и продукт, могут использоваться до суммы в пределах 80 %

                                                           »;
      после строки:

8471

Вычислительные машины и их блоки;
магнитные или оптические считывающие устройства,
машины для переноса данных на носители информации в кодированной форме и машины для  обработки подобной информации, в другом месте непоименованные или не  включенные

Изготовление, при котором стоимость всех используемых материалов не должна превышать 80 % цены конечной продукции при условии выполнения технологических операций:
конфигурирование и настройка вычислительной техники;
монтаж в корпусе следующих функциональных узлов:
системной платы, блока питания и другиx компонентов, входящих в конфигурацию вычислительной техники;
входной контроль сборочных элементов;
установка ПО и тестирование вычислительной техники, в том числе выполнение комплексного теста проверки работоспособности компьютера с сохранением полученных результатов

                                                             »
      дополнить строкой следующего содержания:
      «

8474 32 000

Машины для смешивания минеральных веществ с битумом (асфальтобетонные заводы)

Изготовление, при котором стоимость всех используемых материалов не должна превышать 80 % цены конечной продукции,
а также при условии выполнения технологических операций:
изготовление заготовок (резка на ленточнопильных машинах,
раскрой на газоплазменной машине);
механическая обработка деталей;
сборочно-сварочные операции по изготовлению корпусных деталей и их механическая обработка;
сборка и испытание отдельных узлов;
общий монтаж установок и ввод в эксплуатацию с проведением силовых испытаний по имеющимся методическим указаниям и контролем технических параметров,
заложенных в конструкторской документации

                                                             »;
      приложение 10 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение      
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 11 апреля 2014 года № 346

Приложение 10          
к Правилам по определению страны
происхождения товара, составлению и
выдаче акта экспертизы о происхождении
товара и оформлению, удостоверению и
выдаче сертификата о происхождении товара

Расчет
доли местного содержания в производстве товара

ДМС

=

100%

-

С ин.мат.
_________

х

100%

С гот.пр.

где,
ДМС - доля местного содержания в цене конечной продукции, %;
С ин. мат. - стоимость сырья и материалов иностранного происхождения;
С гот. пр. - стоимость готовой продукции по цене «франко-завод».