"Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 503 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 861 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.11.2019 № 861 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:

      18-тармақ мынадай мазмұндағы 58-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "58-3) Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің объектілерін салу жөніндегі құрылыс-монтаж жұмыстарын сатып алу;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2009 года № 787 "Об утверждении Типовых правил закупок товаров, работ и услуг, осуществляемых национальным управляющим холдингом, национальными холдингами, национальными компаниями и организациями, пятьдесят и более процентов акций (долей участия) которых прямо или косвенно принадлежат национальному управляющему холдингу, национальному холдингу, национальной компании"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 мая 2014 года № 503. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 ноября 2019 года № 861

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 20.11.2019 № 861 (вводится в действие с 01.01.2020).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2009 года № 787 "Об утверждении Типовых правил закупок товаров, работ и услуг, осуществляемых национальным управляющим холдингом, национальными холдингами, национальными компаниями и организациями, пятьдесят и более процентов акций (долей участия) которых прямо или косвенно принадлежат национальному управляющему холдингу, национальному холдингу, национальной компании" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 27-28, ст. 245) следующее дополнение:

      в Типовых правилах закупок товаров, работ и услуг, осуществляемых национальным управляющим холдингом, национальными холдингами, национальными компаниями и организациями, пятьдесят и более процентов акций (долей участия) которых прямо или косвенно принадлежат национальному управляющему холдингу, национальному холдингу, национальной компании, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 18 дополнить подпунктом 58-3) следующего содержания:

      "58-3) приобретения строительно-монтажных работ по строительству объектов международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 в городе Астана;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов