Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылардың және (немесе) қатысушылар қызметкерлерінің келу және оларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 518 қаулысы

      «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылардың және (немесе) қатысушылар қызметкерлерінің келу және оларды тіркеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 2 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 21 мамырдағы
№ 518 қаулысымен 
бекітілген   

Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылардың және (немесе) қатысушылар қызметкерлерінің келу және оларды тіркеу қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылардың және (немесе) қатысушылар қызметкерлерінің келу және оларды тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрмеге (бұдан әрі – халықаралық мамандандырылған көрме) қатысушылардың және (немесе) қатысушылар қызметкерлерінің Қазақстан Республикасына келу және оларды тіркеу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушы – заттарды (экспонаттарды) халықаралық мамандандырылған көрмеге қоятын және халықаралық мамандандырылған көрмеде ұлттық секцияларда тиісті елді білдіретін жеке тұлға немесе заңды тұлға, соның ішінде халықаралық шарттың талаптарына сәйкес қабылданатын халықаралық мамандандырылған көрмені өткізудің ішкі қағидаларында айқындалған халықаралық ұйым немесе жеке тұлға не заңды тұлға;
      2) халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушының қызметкері – халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатын елдің немесе халықаралық ұйымның стендін, павильонын безендіру бойынша құрылыс-монтаж, инженерлік-техникалық, сәулеттік, дизайнерлік жұмыстарды орындайтын жеке тұлға немесе заңды тұлғаның қызметкері;
      3) аккредиттеу картасы – Қазақстан Республикасының визасын алмастыратын және халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысуға немесе халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге байланысты өзге де қызметтерді жүзеге асыруға құқық беретін құжат;
      4) ішкі істер органдары – Астана қаласының Ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармасы;
      5) халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастырушы – «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      6) сәйкестендіру картасы – халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушыларға және (немесе) қатысушылардың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасына келуге және одан кетуге сауалнама ретінде қолданылатын құжат;
      7) халықаралық мамандандырылған көрменің бірыңғай басқару орталығы (бұдан әрі – Бірыңғай басқару орталығы) – халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу мәселелері, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылардың және (немесе) қатысушылар қызметкерлерінің келуі, кетуі және оларды тіркеу мәселелері бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін құрылатын халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесі;
      8) ақпараттық дерекқор – халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылардың және (немесе) қатысушылардың қызметкерлерінің оларға аккредиттеу карталарын беру үшін берілген сәйкестендіру карталарында көрсетілген деректер негізінде Бірыңғай басқару орталығы қалыптастыратын халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылар және (немесе) қатысушылардың қызметкерлері туралы мәліметтер;
      9) құжат – Қазақстан Республикасына келуге немесе Қазақстан Республикасынан кетуге құқық беретін паспорт немесе оны алмастыратын құжат.
      3. Сәйкестендіру карталарын беруді ұйымдастыруды халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастырушы сәйкестендіру картасының нысанын халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсына орналастыру арқылы жүзеге асырады.
      4. Халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылар және (немесе) қатысушылардың қызметкерлері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестендіру карталарын толтырады және өздерінің Қазақстан Республикасына келуіне дейін кемінде екі ай қалғанда олардың сканерленген көшірмелерін Бірыңғай басқару орталығының ресми электрондық мекенжайына жібереді.
      5. Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері бар елдердің азаматтары болып табылатын халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылар және (немесе) қатысушылардың қызметкерлері визалар мен құжаттар болған, сондай-ақ осы адамдарға қатысты Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген шектеулер болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына кіреді.
      Қазақстан Республикасына виза негізінде кіретін, аккредиттеу карталары жоқ халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылар және (немесе) қатысушылардың қызметкерлері визаның әрекет ету мерзімі ішінде Бірыңғай басқару орталығынан аккредиттеу карталарын ала алады.
      6. Қазақстан Республикасымен келудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушыларға және (немесе) қатысушылардың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасына келу үшін аккредиттеу карталарының болуы талап етілмейді. Мұндай жағдайда, халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылар және (немесе) қатысушылардың қызметкерлері визасыз болу мерзімінде Бірыңғай басқару орталығынан аккредиттеу картасын ала алады.
      7. Осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген жағдайларда халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылар және (немесе) қатысушылардың қызметкерлері аккредиттеу карталары мен құжаттар болған, сондай-ақ осы адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер болмаған кезде, визасыз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына келеді.
      8. Аккредиттеу картасы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылардың және (немесе) қатысушылардың қызметкерлерінің халықаралық мамандандырылған көрменің объектілеріне еркін кіруін қамтамасыз етеді.
      9. Аккредиттеу картасын Бірыңғай басқару орталығының уәкілетті қызметкері халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушы және (немесе) қатысушының қызметкері сәйкестендіру картасында көрсеткен деректер негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырады және қолымен және Бірыңғай басқару орталығының мөрімен куәландырады.
      Бірыңғай басқару орталығының мөрінің бедері мен аккредиттеу картасын толтыруға уәкілетті лауазымды адамдардың қолтаңбаларының үлгілерін, сәйкестендіру карталары мен аккредиттеу карталарының үлгілерін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі бөліміне және ішкі істер органдарына ұсынады.
      10. Аккредиттеу карталары Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері жоқ елдердің ғана азаматтары болып табылатын халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушыларға және (немесе) қатысушылардың қызметкерлеріне олардың Қазақстан Республикасына келуіне дейін кемінде бір ай қалғанда таратылады.
      Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері бар елдердің азаматтары болып табылатын делегациялардың басшыларына және олармен бірге жүретін адамдарға аккредиттеу карталары халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастырушының шешімі бойынша дипломатиялық арналар арқылы олардың Қазақстан Республикасына келуіне дейін кемінде бір ай қалғанда таратылады.
      11. Аккредиттеу халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылар және (немесе) қатысушылар қызметкерлері туралы ақпаратты ақпараттық дерекқорға енгізу және аккредиттеу карталарын беру жолымен жүзеге асырылады. Халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушыларға және (немесе) қатысушылардың қызметкерлеріне аккредиттеу карталарын Бірыңғай басқару орталығында берген сәттен бастап олар аккредиттелген болып есептеледі.
      12. Аккредиттеу картасы 12 айға дейінгі мерзімге беріледі. Бірыңғай басқару орталығы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушының және (немесе) қатысушының қызметкерінің аккредиттеу картасын ұзарту туралы өтініші негізінде күнтізбелік он күн ішінде ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім бойынша аккредиттеу картасын бір рет ұзартуды жүзеге асырады. Аккредиттеу картасының әрекет ету мерзімі халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушының және (немесе) қатысушының қызметкерінің құжатының әрекет ету мерзімінің аяқталуына дейін кемінде 3 ай қалғанда анықталады.
      13. Халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастырушы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылар және (немесе) қатысушылардың қызметкерлері Қазақстан Республикасына келгенге дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылардың және (немесе) қатысушылардың қызметкерлерінің тізімін қалыптастырады және ұлттық қауіпсіздік органдарына ұсынады.
      Халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылардың және (немесе) қатысушылардың қызметкерлерінің тізіміне енгізілген адамға қатысты заңды шектеулер табылған жағдайда, осы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушыға және (немесе) қатысушының қызметкеріне Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салынады.
      14. Бірыңғай басқару орталығы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылар және (немесе) қатысушылардың қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде оларды тіркеу туралы өтінішпен ішкі істер органдарына жүгінеді. Өтінішке халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылардың және (немесе) қатысушылардың қызметкерлерінің құжаттары, шекараны кесіп өткендігі туралы белгісі бар көші-қон карталары және аккредиттеу карталары қоса беріледі.
      Тіркеуді ішкі істер органдары бір жұмыс күні ішінде халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылардың және (немесе) қатысушылардың қызметкерлерінің аккредиттеу карталарының әрекет ету мерзімінен аспайтын кезеңде өткізеді.
      15. Визасыз келу және болу тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар мемлекеттердің азаматтарын тіркеу визасыз болу рұқсат етілген мерзімге жүргізіледі.
      16. Аккредиттеу картасының күшін жоюды халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастырушы мен халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушы немесе қатысушының қызметкері арасында халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушы немесе қатысушының қызметкерінің Қазақстан Республикасында бұдан әрі болуына негіз жоқ екендігі туралы актіге қол қойған күні жүргізіледі. Осы актінің негізінде халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылар және (немесе) қатысушылардың қызметкерлері аккредиттеу карталарын Бірыңғай басқару орталығына қайтарады.
      Мұндай жағдайда халықаралық мамандандырылған көрменің қатысушысының және (немесе) қатысушының қызметкерінің аккредиттеу картасының күші жойылған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде Бірыңғай басқару орталығы оларға «Р5» санатындағы шығу визасын белгіленген тәртіппен ресімдеу үшін ішкі істер органдарына жүгінеді.
      17. Халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушы және (немесе) қатысушының қызметкері аккредиттеу картасын жоғалтқан немесе жаңа құжат алған жағдайда, Бірыңғай басқару орталығы ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісе отырып, халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушы және (немесе) қатысушының қызметкері Бірыңғай басқару орталығына өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жаңа аккредиттеу картасын береді.
      18. Аккредиттеу картасының жоғалғаны, күшінің жойылғаны, ұзартылғаны туралы, сондай-ақ жаңа аккредиттеу картасының берілгені туралы Бірыңғай басқару орталығы күнтізбелік бес күн ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарын, ішкі істер органдарын хабардар етеді.
      19. Халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылардың қызметкерлеріне сәйкестендіру және аккредиттеу карталарын беру 2014 жылғы 1 сәуірден 2017 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі кезеңде, халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушыларға 2017 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанға дейінгі кезеңде жүзеге асырылады.
      20. Аккредиттеу картасы және виза бір мезгілде әрекет еткен жағдайда, Қазақстан Республикасына кіру аккредиттеу картасының әрекет ету мерзімі визаның әрекет ету мерзімінен ұзақ болса, онда аккредиттеу картасы арқылы, егер визаның әрекет ету мерзімі аккредиттеу картасының әрекет ету мерзімінен ұзақ болса, онда виза арқылы жүзеге асырылады.
      21. Халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылар және (немесе) қатысушылардың қызметкерлері олардың сапарларының мақсаты аяқталған және (немесе) аккредиттеу карталарының әрекет ету мерзімі өткен кезде, осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, аккредиттеу карталарын Қазақстан Республикасынан шыққан кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі бөлімшесіне тапсырады.
      22. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі бөлімшесі халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылардың және (немесе) қатысушылардың қызметкерлерінің аккредиттеу карталарын олар Қазақстан Республикасынан шыққаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде Бірыңғай басқару орталығына береді.

Қазақстан Республикасының аумағындағы
халықаралық мамандандырылған көрмеге
қатысушылардың және (немесе)   
қатысушылар қызметкерлерінің келу және
оларды тіркеу қағидаларына    
1-қосымша          

Сәйкестендіру картасының нысаны

Халықаралық мамандандырылған көрме логотипі
Карта иесінің тегі мен аты                         Жынысы
Карта иесінің фотосуреті (3,5см.*4,5см.)
Туған жері: елі/өңірі
Азаматтығы (карта иесінің паспортында көрсетілгендей)
Паспорт нөмірі                          Паспорттың қолданылу мерзімі
Тұратын жері
Аккредиттеу санатының коды мен түсі
Жауапты ұйым
Қазақстан Республикасына келу күні
Қазақстан Республикасында алғашқы келген пункті
Иесінің қолы
Жауапты ұйымның уәкілетті адамының қолы мен мөрі

Ескертпе:
сәйкестендіру картасының көлемі – 15 см (ені) * 10 см (биіктігі);
деректер ағылшын тілінде енгізіледі.

Қазақстан Республикасының аумағындағы
халықаралық мамандандырылған көрмеге
қатысушылардың және (немесе)   
қатысушылар қызметкерлерінің келу және
оларды тіркеу қағидаларына    
2-қосымша          

Аккредиттеу картасының нысаны

Фотосурет (3,5см.*4,5см.) Халықаралық мамандандырылған көрме логотипі
Аккредиттеу санатының коды мен түсі
Штрих коды
Аккредиттеу нөмірі
Карта иесінің тегі мен аты      Функциясы      Функция коды
Объектілерге рұқсат
Орналасу орындары
Көлік түрі
Паспорт нөмірі
Паспорттың қолданылу мерзімі
Аккредиттеу картасының қолданылу мерзімі
Аккредиттеу картасының ұзартылған күні және саны
Аккредиттеу картасының қолданылу мерзімін қысқарту туралы белгі

Халықаралық мамандандырылған көрменің Бірыңғай басқару орталығының
уәкілетті қызметкерінің Т.А.Ә. және қолы

Мөр орны

Осы картаның иесіне Қазақстан Республикасының кіру-шығу визасы талап етілмейді

Ескертпе:
аккредиттеу картасының көлемі – 10 см (ені) * 15 см (биіктігі);
деректер ағылшын тілінде енгізіледі.

Об утверждении Правил въезда и регистрации участников и (или) работников участников международной специализированной выставки на территории Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2014 года № 518

      В соответствии с подпунктом 7-1) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 22 июля 2011 года «О миграции населения» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила въезда и регистрации участников и (или) работников участников международной специализированной выставки на территории Республики Казахстан.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования и действует до 2 декабря 2017 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 21 мая 2014 года № 518 

Правила
въезда и регистрации участников и (или) работников участников
международной специализированной выставки
на территории Республики Казахстан

      1. Настоящие Правила въезда и регистрации участников и (или) работников участников международной специализированной выставки на территории Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 22 июля 2011 года «О миграции населения», Законом Республики Казахстан от 19 июня 1995 года «О правовом положении иностранцев», Законом Республики Казахстан «О Государственной границе Республики Казахстан» от 16 января 2013 года и определяют порядок въезда в Республику Казахстан, регистрации участников и (или) работников участников международной специализированной выставки на территории Республики Казахстан (далее – международная специализированная выставка).
      2. В настоящих Правилах применяются следующие термины и определения:
      1) участник международной специализированной выставки – физическое или юридическое лицо, выставляющее предметы (экспонаты) на международной специализированной выставке и представляющее соответствующую страну в национальных секциях на международной специализированной выставке, а также международная организация либо физическое или юридическое лицо, определенные внутренними правилами проведения международной специализированной выставки, принимаемыми в соответствии с условиями международного договора;
      2) работник участника международной специализированной выставки – физическое лицо или сотрудник юридического лица, выполняющее строительно-монтажные, инженерно-технические, архитектурные, дизайнерские работы по оформлению стенда, павильона страны или международной организации, участвующей в международной специализированной выставке;
      3) аккредитационная карта – документ, заменяющий визу Республики Казахстан и дающий право на участие в международной специализированной выставке или осуществление иной деятельности, связанной с организацией и проведением международной специализированной выставки;
      4) органы внутренних дел – управление миграционной полиции Департамента внутренних дел города Астаны;
      5) организатор международной специализированной выставки – акционерное общество «Национальная компания «Астана ЭКСПО – 2017»;
      6) идентификационная карта – документ, применяемый в качестве анкеты участников и (или) работников участников международной специализированной выставки на въезд и выезд из Республики Казахстан;
      7) единый центр управления международной специализированной выставки (далее – Единый центр управления) – структурное подразделение организатора международной специализированной выставки, созданное для осуществления операций по вопросам организации и проведения международной специализированной выставки, в том числе по вопросам въезда, выезда и регистрации участников и (или) работников участников международной специализированной выставки на территории Республики Казахстан;
      8) информационная база данных – сведения об участниках и (или) работниках участников международной специализированной выставки, формируемые Единым центром управления на основании данных, указанных в идентификационных картах участников и (или) работников участников международной специализированной выставки для выдачи им аккредитационных карт;
      9) документ – паспорт или заменяющий его документ, дающий право въезда в Республику Казахстан или выезда из Республики Казахстан.
      3. Организация выдачи идентификационных карт осуществляется организатором международной специализированной выставки посредством размещения формы идентификационной карты на официальном
интернет-ресурсе организатора международной специализированной выставки.
      4. Участники и (или) работники участников международной специализированной выставки заполняют идентификационные карты по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам и направляют их сканированные копии на официальный электронный адрес Единого центра управления не менее чем за два месяца до их прибытия в Республику Казахстан.
      5. Участники и (или) работники участников международной специализированной выставки, являющиеся гражданами стран, в которых имеются загранучреждения Республики Казахстан, въезжают в Республику Казахстан через пункты пропуска на Государственной границе Республики Казахстан, при наличии виз и документов, а также отсутствии ограничений в отношении данных лиц, установленных законами Республики Казахстан.
      Участники и (или) работники участников международной специализированной выставки, въезжающие в Республику Казахстан на основании визы, не имеющие аккредитационных карт, могут получить аккредитационную карту в течение срока действия визы в Едином центре управления.
      6. Участникам и (или) работникам участников международной специализированной выставки, прибывшим из государств, заключивших с Республикой Казахстан соглашения о безвизовом порядке въезда и пребывания, для въезда в Республику Казахстан наличие аккредитационных карт не требуется. В таком случае, участники и (или) работники участников международной специализированной выставки могут получить аккредитационную карту в Едином центре управления в течение срока безвизового пребывания.
      7. В случаях, предусмотренных в пункте 10 настоящих Правил, участники и (или) работники участников международной специализированной выставки, въезжают в Республику Казахстан через пункты пропуска на Государственной границе Республики Казахстан без виз при наличии аккредитационных карт и документов, а также отсутствии ограничений в отношении данных лиц, установленных законами Республики Казахстан.
      8. Аккредитационная карта обеспечивает участникам и (или) работникам участников международной специализированной выставки свободный доступ к объектам международной специализированной выставки.
      9. Аккредитационная карта заполняется уполномоченным сотрудником Единого центра управления на основании данных, указанных участником и (или) работником участника международной специализированной выставки в идентификационной карте, по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам и заверяется подписью и печатью Единого центра управления.
      Оттиск печати Единого центра управления и образцы подписей должностных лиц, уполномоченных на заполнение аккредитационной карты, образцы идентификационной и аккредитационной карт предоставляются организатором международной специализированной выставки в подразделения Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан и органы внутренних дел.
      10. Аккредитационные карты рассылаются участникам и (или) работникам участников международной специализированной выставки, являющимся гражданами только тех стран, в которых отсутствуют загранучреждения Республики Казахстан, не менее чем за месяц до их прибытия в Республику Казахстан.
      Руководителям делегаций и сопровождающим их лицам, являющимся гражданами стран, в которых имеются загранучреждения Республики Казахстан, аккредитационные карты рассылаются по решению организатора международной специализированной выставки по дипломатическим каналам не менее чем за месяц до их прибытия в Республику Казахстан.
      11. Аккредитация осуществляется путем введения в информационную базу данных информации об участниках и (или) работниках участников международной специализированной выставки и выдачи аккредитационных карт. Участники и (или) работники участников международной специализированной выставки признаются аккредитованными с момента получения ими аккредитационных карт Единым центром управления.
      12. Аккредитационная карта выдается на срок до 12 месяцев. Продление аккредитационной карты осуществляется один раз в течение десяти календарных дней Единым центром управления по согласованию с органами внутренних дел и национальной безопасности на основании заявления участника и (или) работника участника международной специализированной выставки о продлении аккредитационной карты. Срок истечения действия аккредитационной карты определяется не менее чем за три месяца до окончания срока действия документа участника и (или) работника участника международной специализированной выставки.
      13. Организатор международной специализированной выставки не менее чем за пять календарных дней до въезда в Республику Казахстан участников и (или) работников участников международной специализированной выставки формирует и представляет список участников и (или) работников участников международной специализированной выставки в органы национальной безопасности.
      В случае обнаружения законных ограничений в отношении лица, внесенного в списки участников и (или) работников участников международной специализированной выставки, данному участнику и (или) работнику участника международной специализированной выставки отказывается во въезде на территорию Республики Казахстан.
      14. Единый центр управления в течение пяти календарных дней после пересечения участниками и (или) работниками участников международной специализированной выставки Государственной границы Республики Казахстан обращается в органы внутренних дел с заявлением об их регистрации. К заявлению прилагаются документы, миграционные карточки с отметкой о пересечении границы и аккредитационные карты участников и (или) работников участников международной специализированной выставки.
      Регистрация производится органами внутренних дел в течение одного рабочего дня на период, не превышающий срок действия аккредитационных карт участников и (или) работников участников международной специализированной выставки.
      15. Регистрация граждан государств, с которыми имеются ратифицированные международные договоры о безвизовом порядке въезда и пребывания, производится на срок, в течение которого разрешено безвизовое пребывание.
      16. Аннулирование аккредитационной карты производится в день подписания акта об отсутствии оснований для дальнейшего пребывания в Республике Казахстан участника и (или) работника участника международной специализированной выставки между организатором международной специализированной выставки и участником и (или) работником участника международной специализированной выставки. На основании данного акта участники и (или) работники участников международной специализированной выставки возвращают аккредитационные карты в Единый центр управления.
      В таком случае в течение одного рабочего дня с момента аннулирования участникам и (или) работникам участников международной специализированной выставки аккредитационной карты Единый центр управления обращается в органы внутренних дел для оформления им в установленном порядке выездной визы категории «Р5».
      17. В случае утраты аккредитационной карты или получения участником и (или) работником участника международной специализированной выставки нового документа, Единым центром управления по согласованию с органами национальной безопасности выдается новая аккредитационная карта в течение трех рабочих дней со дня подачи участником и (или) работником участника международной специализированной выставки в Единый центр управления заявления.
      18. Об утрате, аннулировании, продлении аккредитационной карты, а также о выдаче новой аккредитационной карты Единый центр управления информирует в течение пяти календарных дней органы национальной безопасности, органы внутренних дел.
      19. Выдача идентификационных и аккредитационных карт для работников участников международной специализированной выставки осуществляется в период с 1 апреля 2014 года по 1 декабря 2017 года, для участников международной специализированной выставки – с 1 января по 1 ноября 2017 года.
      20. При одновременном действии аккредитационной карты и визы, въезд в Республику Казахстан осуществляется по аккредитационной карте, если срок действия аккредитационной карты превышает срок действия визы, или по визе, если срок действия визы превышает срок действия аккредитационной карты.
      21. Участники и (или) работники участников международной специализированной выставки по завершении целей их визита и (или) истечении срока действия аккредитационных карт при выезде из Республики Казахстан сдают аккредитационные карты подразделению Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, за исключением случая, предусмотренного в статье 16 настоящих Правил.
      22. Подразделение Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан передает аккредитационные карты участников и (или) работников участников международной специализированной выставки в Единый центр управления в течение пяти календарных дней после их выезда из Республики Казахстан.

Приложение 1      
к Правилам въезда и регистрации
участников и (или) работников
участников международной  
специализированной выставки на
территории Республики Казахстан

Форма идентификационной карты

      Логотип международной специализированной выставки

      Фамилия и имя обладателя карты                         Пол

      Фотография обладателя карты (3,5 см.*4,5 см.)

      Место рождения: страна/регион

      Гражданство (как указано в паспорте обладателя карты)

      Номер паспорта                  Срок действия паспорта

      Место проживания

      Код и цвет аккредитационной категории

      Ответственная организация

      Дата прибытия в Республику Казахстан

      Первый пункт прибытия в Республике Казахстан

      Подпись обладателя

      Подпись и печать уполномоченного лица ответственной организации

      Примечание:
      размер идентификационной карты - 15 см (ширина) * 10 см (высота);
      данные вводятся на английском языке.

Приложение 2       
к Правилам въезда и регистрации
участников и (или) работников
участников международной  
специализированной выставки на
территории Республики Казахстан

Форма аккредитационной карты

Фотография (3,5 см.*4,5 см.) Логотип международной специализированной выставки

Код и цвет аккредитационной категории

Штрих код

Аккредитационный номер

Фамилия и имя обладателя карты       Функция       Код функции

Доступ к объектам
Место рассадки
Тип транспорта

Номер паспорта
Срок действия паспорта

Срок действия аккредитационной карты
Дата и количество продлений аккредитационной карты
Отметка о сокращении срока действия аккредитационной карты

Ф.И.О. и подпись уполномоченного сотрудника Единого центра управления международной специализированной выставки

Место печати

Владельцу этой карты не требуется въездная-выездная виза Республики Казахстан

Примечание:
размер аккредитационной карты - 10 см (ширина) * 15 см (высота);
данные вводятся на английском языке.