"Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы" 2012 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан Республикасының аумағында 1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияның (бұдан әрі – Конвенция) ережелерін орындау жөніндегі орталық орган болып белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.12.2024 № 1069 қаулысымен.2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:
1) Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрлігін Қазақстан Республикасының атынан Конвенция ережелерін орындауға уәкілетті орталық орган туралы хабардар етсін;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының атынан Уағдаласушы мемлекеттердің Конвенцияға қосылуын тану туралы мәлімдесін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |