1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенциядан туындайтын міндеттемелерді Қазақстан Республикасының орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 519 қаулысы.

      "Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы" 2012 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан Республикасының аумағында 1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияның (бұдан әрі – Конвенция) ережелерін орындау жөніндегі орталық орган болып белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.12.2024 № 1069 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:

      1) Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрлігін Қазақстан Республикасының атынан Конвенция ережелерін орындауға уәкілетті орталық орган туралы хабардар етсін;

      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының атынан Уағдаласушы мемлекеттердің Конвенцияға қосылуын тану туралы мәлімдесін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады