«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 142, 148-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті», «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті», «М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университет», «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті», «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті», «М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарына (бұдан әрі - кәсіпорындар) кәсіпорын органы - байқау кеңесі енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорындардың жарғыларына тиісті өзгерістер енгізуді;
2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов