"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 572 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы
барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісімді
бекіту туралы

      «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған 2012 жылғы 5 желтоқсанда Ашхабад қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Келісімді іске асыру үшін жауапты құзыретті мемлекеттік орган болып айқындалсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің     
2014 жылғы « »     
№ Жарлығымен     
БЕКІТІЛГЕН      

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы
барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер
      Тараптардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың халықаралық сипатын және қазіргі заманғы ауқымын есепке ала отырып,
      қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылда ынтымақтастықты дамытуға маңызды мән бере отырып және өзара іс-қимылдарды үйлестіруге ұмтылып,
      осындай ынтымақтастықтың дамуы олардың мүдделеріне жауап беретіндігін сезіне отырып,
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мақсаттары мен міндеттерін негізге ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісімнің мақсаты үшін қаржы барлау бөлімшесі деп кірістер  бойынша олардың кылмыстық жолмен пайда болуына және/немесе терроризмді ықтимал қаржыландыруға күдіктер бар кірістерге қатысты немесе қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес бойынша ұлттық заңнамаға сәйкес талап ететін ақпаратты қабылдау, талдау және құқық қорғау органдарына жіберуге жауапты Тараптың құзыретті органы ұғынылады.

2-бап

      Тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін (бұдан әрі – Кеңес) құрады.

3-бап

      Кеңес өз қызметін осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесі туралы ереже негізінде жүзеге асырады.

4-бап

      Әрбір Тарап осы Келісімнің іске асырылуына жауапты құзыретті органды айқындайды және осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындау туралы хабарламасымен бірге бір мезгілде осы туралы депозитарийді хабардар етеді.
      Осы Келісімді іске асыруға жауапты құзыретті орган өзгерген жағдайда, Тараптар осы туралы депозитарийді хабардар етеді.

5-бап

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын, тиісті хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

6-бап

      Осы Келісім оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы депозитарийге үшінші хабарлама берілген күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      Мемлекетішілік рәсімдерді кейін орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарий тиісті құжаттарды алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

7-бап

      Осы Келісім оның күшіне енгеннен кейін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы кез келген мемлекеттің қосылу туралы құжатты депозитарийге беру жолымен қосылуына ашық.
      Қосылатын мемлекет үшін Келісім қосылу туралы құжатты депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

8-бап

      Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады.
      Тараптардың әрбіреуі шыққанға дейін 6 ай бұрын депозитарийге өзінінің ниеті туралы жазбаша хабарлама жіберіп және Келісім қолданылған уақытта туындаған қаржылық және өзге де міндеттемелерді реттеп, осы Келісімнен шығуға құқығы бар.
      2012 жылғы 5 желтоқсанда Ашхабад қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Келісімнің түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      Әзербайжан Республикасы үшін        Ресей Федерациясы үшін

      Армения Республикасы үшін           Тәжікстан Республикасы үшін

      Беларусь Республикасы үшін          Түрікменстан үшін

      Қазақстан Республикасы үшін         Өзбекстан Республикасы үшін

      Қырғыз Республикасы үшін            Украина үшін

      Молдова Республикасы үшін

Тәуелсіз Мемлекеттер     
Достастығына қатысушы    
мемлекеттердің Қаржы барлау
бөлімшелері басшыларының  
кеңесін құру туралы келісімге
ҚОСЫМША             

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы
барлау бөлімшелері басшыларының кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының салалық ынтымақтастық органы болып табылады және қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз етуге арналған.
      2. Кеңес өз қызметінде ТМД жарғысын, ТМД шеңберінде қабылданған келісімдер мен шешімдерді және осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Кеңес өз қызметін ТМД Атқарушы комитетімен, ТМД қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясымен, ТМД басқа органдарымен, қажет болған жағдайда – халықаралық ұйымдардың жұмыс (атқарушы) органдарымен, ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлейтін топтармен (бұдан әрі – ФАТФ) және ФАТФ үлгісіндегі өңірлік топтармен, сондай-ақ, ТМД қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен өзара ықпалдастықта жүзеге асырады.
      4. Кеңес өз қызметінде ТМД Мемлекеттер басшыларының кеңесіне есеп береді.
      5. Кеңес өз жұмысын ТМД Мемлекеттер басшыларының кеңесі әзірлеген және бекіткен жоспарлар негізінде ұйымдастырады.
      Кеңес ТМД Атқарушы комитетіне өз қызметі туралы ақпаратты жыл сайын ұсынады.

2. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары мен функциялары

      1. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары:
      1) ТМД қатысушы мемлекеттердің қаржы барлау бөлімшелерінің және өзге де мүдделі органдарының, сондай-ақ қызмет аясына қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл кіретін ТМД органдарының өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастыру;
      2) ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау және бірлескен тиімді шараларды қабылдау;
      3) ТМД қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасын жақындастыру және үндестіру мақсатында бірыңғай тәсілдерді әзірлеуге жәрдемдесу;
      4) ТМД қатысушы мемлекеттер ынтымақтастығының құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      5) ТМД шеңберінде қабылданған құжаттардың іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.
      2. Кеңестің негізгі функциялары:
      1) нысаналы бағдарламаларды әзірлеу туралы ұсыныстарды, сондай-ақ кылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ТМД қатысушы мемлекеттер ынтымақтастығының басым бағыттары бойынша ұсыныстар дайындау;
      2) ФАТФ ұсынымдарын ТМД қатысушы мемлекеттердің енгізуіне жәрдемдесу;
      3) қаржы барлау бөлімшелері арасында ақпарат алмасуға жәрдемдесу;
      4) қаржы барлау бөлімшелері арасында ақпарат алмасудың бірыңғай стандарттарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындау;
      5) ТМД қатысушы мемлекеттердің мүдделі органдарымен бірлесіп, кылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланылатын нысандар мен әдістерді анықтау және жолын кесу бойынша ұсынымдарды әзірлеу;
      6) кылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күреске бағытталған бірлескен іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
      7) өз құзыреті шеңберінде ТМД мүдделі органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жұмыс (атқарушы) органдарымен, ФАТФ және ФАТФ үлгісіндегі өңірлік топтармен өзара іс-қимыл жасау;
      8) Кеңес құзыреті мен өз шешімдері бойынша ТМД шеңберінде қабылданған құжаттардың орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру;
      9) кылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру саласындағы беталыстарды (типологияларды) талдау;
      10) ТМД қатысушы мемлекеттердің қаржы барлау бөлімшелері арасында тәжірибе алмасуға жәрдемдесу, оның ішінде әдістемелік көмек көрсету;
      11) ТМД қатысушы мемлекеттердің қаржы барлау бөлімшелерінің кадрларын даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және ТМД қатысушы мемлекеттердің кадрларын даярлау және қайта даярлау бойынша базалық ұйымдарды құру мәселелерін қарастыру;
      12) өзара мүдделілік танытатын проблемалар бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу мәселелерін қарастыру;
      13) Кеңес құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

3. Кеңес құқықтары

      Кеңес:
      1) өз құзыреті шеңберінде қаржы барлау бөлімшелерінің ынтымақтастығын дамыту және өзара іс-қимыл жасауға бағытталған шешімдер мен ұсынымдарды қабылдауға;
      2) белгіленген тәртіппен Мемлекеттер басшылары кеңесінің, Үкіметтер басшылары кеңесінің, ТМД экономикалық кеңесінің қарауына Кеңес дайындаған құжаттар жобаларын, сондай-ақ Мемлекеттер басшылары кеңесінің, Үкіметтер басшылары кеңесінің және ТМД экономикалық кеңесінің Кеңестің қызметіне қатысты шешімдерін орындау туралы ақпарат енгізуге;
      3) ТМД салалық ынтымақтастығының басқа мүдделі органдарымен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыруға;
      4) Кеңес алдында тұрған міндеттерді орындау үшін, қажет болған кезде, қызмет бағыттары бойынша жұмыс топтарын құруға және олар туралы ережелер бекітуге;
      5) Кеңес құзыретіне кіретін мәселелер туралы талдамалық және өзге де ақпаратты ТМД органдарының қарауына енгізуге;
      6) өз құзыреті шеңберінде өзге де мәселелерді шешуге құқығы бар.

4. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

      1. Кеңестің құрамына осы Келісімге қатысушы мелекеттердің қаржы барлау бөлімшелерінің басшылары (бұдан әрі – Кеңес мүшелері) кіреді.
      Әр мемлекеттің Кеңесте бір дауысы бар.
      Отырысқа келуге мүмкіндігі жоқ Кеңес мүшесі Кеңес отырысында шешім қабылдай алатын өкілеттілігі бар өз өкілін жіберуге құқылы.
      Кеңес құрамына кеңесші дауыс құқығымен Кеңес Хатшылығының басшысы, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілі кіреді.
      Кеңес отырыстарына байқаушылар ретінде оның барлық мүшелерінің алдын ала келісуімен басқа мемлекеттердің қаржы барлау бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері шакырылуы мүмкін.
      2. Егер Кеңес шешімімен өзгеше белгіленбесе, Кеңесте төрағалықты, әдетте, осы Келісімге қатысушы әрбір мемлекеттің атынан кезекпен бір жыл бойы осы Келісімге қатысушы мемлекеттер атауларының орыс әліпбиі тәртібінде ауысу негізінде өз өкілі жүзеге асырады. Кеңестің алдыңғы және келешек төрағалары оның тең төрағалары болып табылады.
      Кеңес төрағасы уақытша болмаған жағдайда, оның міндеттері тең төрағалардың біреуіне жүктеледі.
      3. Кеңес отырыстары, әдетте кезек-кезекпен осы Келісімге қатысушы мемлекеттерде, қажет болуына қарай, алайда жылына кемінде бір рет өткізіледі.
      4. Кеңестің отырыстарын жинау тәртібі, оларды өткізу, кворум, шешімдер қабылдау рәсімі, сондай-ақ қызметінің басқа да мәселелері Кеңес бекітетін регламентпен айқындалады.
      5. Кеңес төрағасы:
      1) Кеңес қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      2) Кеңес отырыстарын өткізеді;
      3) құжаттарға қол қояды және Кеңес атынан жібереді;
      4) Кеңесті ТМД органдарында белгіленген тәртіппен білдіреді;
      5) Кеңестің тапсырмасы бойынша өз құзыреті шеңберінде ТМД органдарына, басқа халықаралық ұйымдардың жұмыс (атқарушы) органдарына, ФАТФ және ФАТФ үлгісіндегі өңірлік топтарға қолдау көрсетеді және оларды дамытады;
      6) қаржы барлау бөлімшелері арасында өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
      7) Кеңес қызметін қамтамасыз етуге байланысты өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырады.

5. Кеңес Хатшылығы

      1. Кеңестің қызметін ұйымдық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуді Хатшылық жүзеге асырады.
      Хатшылықтың функцияларын басшысы Кеңесте төрағалық ететін қаржы барлау бөлімшесі ТМД Атқарушы комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесімен бірге орындайды.
      Басшысы Кеңесте төрағалық ететін қаржы барлау бөлімшесінің өкілі Хатшылықтық басшысы, ал ТМД Атқарушы комитетінің өкілі Хатшылық басшысының орынбасары болып табылады.
      2. Кеңес Хатшылығы:
      1) осы Ереже мен регламентте көзделген тәртіппен Кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Көшпелі отырыстарды өткізу қабылдаушы Тараптың қаржы барлау бөлімшесімен бірлесіп жүзеге асырылады;
      2) Кеңес отырыстарына қарауға түскен материалдарды дайындайды;
      3) алдын ала күн тәртібі мен Кеңес отырысының қаралуына енгізілетін құжаттардың жобаларын белгіленген тәртіппен жібереді;
      4) Кеңес қабылдаған құжаттарды уақтылы жіберуді қамтамасыз етеді;
      5) Кеңес отырыстарына құжаттар жобаларын дайындау мәселелері бойынша сарапшылардың отырыстарын ұйымдастырады;
      6) сарапшылар отырыстарының хаттамаларын жүргізеді;
      7) Кеңестің кезекті отырысының қарауына енгізілетін мәселелерді талқылау бойынша Кеңес отырысының және оның алдындағы сарапшылар отырысының қатысушыларын уақытылы айқындау бөлігінде осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің қаржы барлау бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды;
      8) Кеңес қабылдаған шешімдердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады, нәтижелері туралы Кеңес төрағасы мен мүшелеріне хабардар етеді;
      9) өз құзыреті шеңберінде ТМД басқа органдарымен, сондай-ақ құжат жобаларын келісу және дайындау бөлігінде ТМД Атқарушы комитетінің тиісті бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасайды.
      3. Хатшылықтың басшысын Кеңес төрағасы тағайындайды.
      Хатшылықтың басшысы:
      1) Кеңес Хатшылығына басшылық етеді;
      2) ТМД Атқарушы комитетінің құрылымдық бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасай отырып, Кеңес қызметін ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      4. Кеңес құжаттарын есепке алуды және сақтауды өкілі Хатшылық құрамына енетін ТМД Атқарушы комитетінің құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.

6. Қаржыландыру

      Кеңестің отырыстарын өткізуді қаржыландыруға байланысты шығыстар осы Келісімге қатысушы қабылдаушы мемлекеттің тиісті мемлекеттік билік органы есебінен жүзеге асырылады.
      Кенестің отырыстарына мүшелері мен қатысушылардың іссапар шығыстарын жіберуші мемлекеттік билік органдар мен осы Келісімге қатысушы мемлекеттің ұйымдары жүзеге асырады.

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "Об утверждении Соглашения об образовании Совета руководителей подразделений финансовой разведки государств-участников Содружества Независимых Государств"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 мая 2014 года № 572

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан «Об утверждении Соглашения об образовании Совета руководителей подразделений финансовой разведки государств-участников Содружества Независимых Государств».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Об утверждении Соглашения об образовании Совета руководителей
подразделений финансовой разведки государств — участников
Содружества Независимых Государств

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 15 Закона Республики Казахстан от 30 мая 2005 года «О международных договорах Республики Казахстан» ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Утвердить прилагаемое Соглашение об образовании Совета руководителей подразделений финансовой разведки государств-участников Содружества Независимых Государств (далее-Соглашение), совершенное в городе Ашхабаде 5 декабря 2012 года.
      2. Определить компетентным органом, ответственным за реализацию Соглашения, Министерство финансов Республики Казахстан.
      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н.Назарбаев

Утверждено     
Указом Президента  
Республики Казахстан 
от 29 мая 2014 года № 572

СОГЛАШЕНИЕ
об образовании Совета руководителей подразделений финансовой
разведки государств-участников Содружества
Независимых Государств

      Государства-участники Содружества Независимых Государств, именуемые в дальнейшем Сторонами,
      учитывая международный характер и современные масштабы легализации (отмывания) преступных доходов и финансирования терроризма, представляющие угрозу безопасности Сторон,
      придавая важное значение развитию сотрудничества и стремясь к координации взаимодействия в противодействии легализации (отмыванию) преступных доходов и финансированию терроризма,
      осознавая, что развитие такого сотрудничества отвечает их интересам,
      исходя из целей и задач Содружества Независимых Государств,
      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Для целей настоящего Соглашения под подразделением финансовой разведки понимается компетентный орган Стороны, ответственный за получение, анализ и передачу правоохранительным органам информации, касающейся доходов, в отношении которых имеются подозрения в их криминальном происхождении и/или потенциальном финансировании терроризма, или требуемой в соответствии с национальным законодательством о борьбе с легализацией (отмыванием) преступных доходов и финансированием терроризма.

Статья 2

      Стороны образовывают Совет руководителей подразделений финансовой разведки государств-участников Содружества Независимых Государств (далее - Совет).

Статья 3

      Совет осуществляет свою деятельность на основании Положения о Совете руководителей подразделений финансовой разведки государств— участников Содружества Независимых Государств, которое является неотъемлемой частью настоящего Соглашения.

Статья 4

      Каждая из Сторон определяет компетентный орган, ответственный за реализацию настоящего Соглашения, и информирует об этом депозитарий одновременно с уведомлением о выполнении внутригосударственных процедур, необходимых для вступления настоящего Соглашения в силу.
      И случае изменения компетентного органа, ответственного за реализацию настоящего Соглашения, Стороны информируют об этом депозитарий.

Статья 5

      Но взаимному согласию Сторон в настоящее Соглашение могут быть внесены изменения и дополнения, являющиеся его неотъемлемой частью, которые оформляются соответствующим протоколом.

Статья 6

      Настоящее Соглашение вступает в силу по истечении 30 дней с даты получения депозитарием третьего уведомления о выполнении подписавшими его Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.
      Для Сторон, выполнивших внутригосударственные процедуры позднее, настоящее Соглашение вступает в силу по истечении 30 дней с даты получения депозитарием соответствующих документов.

Статья 7

      Настоящее Соглашение после его вступления в силу открыто для присоединения любого государства-участника Содружества Независимых Государств путем передачи депозитарию документа о присоединении.
      Для присоединяющегося государства Соглашение вступает в силу по истечении 30 дней с даты получения депозитарием документа о присоединении.

Статья 8

      Настоящее Соглашение заключается на неопределенный срок.
      Каждая из Сторон вправе выйти из настоящего Соглашения, направив депозитарию письменное уведомление о своем намерении не позднее чем за 6 месяцев до даты выхода и урегулировав финансовые и иные обязательства, возникшие за время действия Соглашения.

      Совершено в городе Ашхабаде 5 декабря 2012 года в одном подлинном экземпляре на русском языке. Подлинный экземпляр хранится в Исполнительном комитете Содружества Независимых Государств, который направит каждому государству, подписавшему настоящее Соглашение, его заверенную копию.

За Азербайджанскую Республику

За Российскую Федерацию

За Республику Армения

За Республику Таджикистан

За Республику Беларусь

За Туркменистан

За Республику Казахстан

За Республику Узбекистан

За Кыргызскую Республику

За Украину

Приложение        
к Соглашению об     
образовании Совета   
руководителей подразделений
финансовой разведки   
государств-участников  
Содружества Независимых 
Государств        

ПОЛОЖЕНИЕ
о Совете руководителей подразделений финансовой разведки
государств-участников Содружества Независимых Государств

1. Общие положения

      1. Совет руководителей подразделений финансовой разведки государств - участников Содружества Независимых Государств (далее - Совет) является органом отраслевого сотрудничества Содружества Независимых Государств (далее - СНГ) и предназначен для обеспечения организации и координации противодействия легализации (отмыванию) преступных доходов и финансированию терроризма.
      2. Совет руководствуется в своей деятельности уставом СНГ, договорами и решениями, принятыми в рамках СНГ, и настоящим Положением.
      3. Совет осуществляет свою деятельность во взаимодействии с  Исполнительным комитетом СНГ, Межпарламентской Ассамблеей государств - участников СНГ, другими органами СНГ, а при необходимости - рабочими (исполнительными) органами международных организаций, группами разработки финансовых мер борьбы с отмыванием денег (далее - ФАТФ) и региональными группами по типу ФАТФ, а также органами государственной власти государств-участников СНГ.
      4. Совет подотчетен в своей деятельности Совету глав государств СНГ.
      5. Совет организует свою работу на основе разработанных и утвержденных планов Совета глав государств СНГ.
      Совет ежегодно предоставляет в Исполнительный комитет СНГ информацию о своей деятельности.

2. Основные направления деятельности и функции Совета

      1. Основными направлениями деятельности Совета являются:
      1) организация взаимодействия подразделений финансовой разведки и иных заинтересованных органов государств-участников СНГ, а также органов СНГ, в сферу деятельности которых входит противодействие легализации (отмыванию) преступных доходов и финансированию терроризма;
      2) определение приоритетных направлений сотрудничества и принятие совместных эффективных мер;
      3) содействие выработке единых подходов в целях сближения и гармонизации национального законодательства государств-участников СНГ;
      4) разработка предложений о совершенствовании правовой базы сотрудничества государств-участников СНГ;
      5) обеспечение реализации принятых в рамках СНГ документов.
      2. Основными функциями Совета являются:
      1) подготовка предложений о разработке целевых программ, а также предложений по приоритетным направлениям сотрудничества государств - участников СНГ в сфере противодействия легализации (отмыванию) преступных доходов и финансированию терроризма;
      2) содействие во внедрении государствами-участниками СНГ рекомендаций ФАТФ;
      3) содействие обмену информацией между подразделениями финансовой разведки;
      4) подготовка предложений по формированию единых стандартов информационного обмена между подразделениями финансовой разведки;
      5) разработка совместно с заинтересованными органами государств — участников СНГ рекомендаций по выявлению и пресечению форм и методов, используемых в целях легализации (отмывания) преступных доходов и финансирования терроризма;
      6) разработка и реализация совместных мер, направленных на борьбу с легализацией (отмыванием) преступных доходов и финансированием терроризма;
      7) взаимодействие с заинтересованными органами СНГ, а также рабочими (исполнительными) органами международных организаций, ФАТФ и региональных групп по типу ФАТФ в вопросах своей компетенции;
      8) организация и координация исполнения принятых документов в рамках СНГ по компетенции Совета и собственных решений;
      9) анализ тенденций (типологий) в сфере легализации (отмывания) преступных доходов и финансирования терроризма;
      10) содействие обмену опытом между подразделениями финансовой разведки государств-участников СНГ, в том числе оказание методической помощи;
      11) рассмотрение вопросов организации подготовки и повышения квалификации кадров для подразделений финансовой разведки государств- участников СНГ и создания базовых организаций государств-участников СНГ по подготовке и переподготовке кадров;
      12) рассмотрение вопросов проведения совместных научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ по проблемам, представляющим взаимный интерес;
      13) осуществление иных функций, входящих в компетенцию Совета.

3. Права Совета

      Совет имеет право:
      1) принимать в рамках своей компетенции решения и рекомендации, направленные на развитие сотрудничества и взаимодействия подразделений финансовой разведки;
      2) вносить в установленном порядке на рассмотрение Совета глав государств, Совета глав правительств, Экономического совета СНГ подготовленные Советом проекты документов, а также информацию о выполнении решений Совета глав государств, Совета глав правительств и Экономического совета СНГ, касающихся деятельности Совета;
      3) осуществлять взаимодействие с другими заинтересованными органами отраслевого сотрудничества СНГ;
      4) создавать, при необходимости, для выполнения стоящих перед Советом задач рабочие группы по направлениям деятельности и утверждать положения о них;
      5) вносить на рассмотрение органов СНГ аналитическую и иную информацию о вопросах, входящих в компетенцию Совета;
      6) решать иные вопросы в пределах своей компетенции.

4. Организация деятельности Совета

      1. В состав Совета входят руководители подразделений финансовой разведки государств-участников настоящего Соглашения (далее - члены Совета).
      Каждое государство имеет в Совете один голос.
      Член Совета, не имеющий возможности прибыть на заседание, вправе делегировать своего представителя, наделенного полномочиями принимать решения на заседании Совета.
      В состав Совета с правом совещательного голоса входят руководитель Секретариата Совета, а также представитель Исполнительного комитета СНГ.
      На заседания Совета в качестве наблюдателей с предварительного согласия всех его членов могут приглашаться представители подразделений финансовой разведки других государств, а также представители международных организаций.
      2. Председательство в Совете осуществляется, как правило, в течение одного года поочередно каждым государством—участником настоящего Соглашения в лице его представителя в порядке русского алфавита названий государств-участников настоящего Соглашения, если иное не будет установлено решением Совета. Предшествующий и последующий председатели Совета являются его сопредседателями.
      В случае временного отсутствия председателя Совета, его обязанности возлагаются на одного из сопредседателей.
      3. Заседания Совета проводятся, как правило, в государствах—участниках настоящего Соглашения поочередно, по мере необходимости, но не реже одного раза в год.
      4. Порядок созыва заседаний Совета, их проведения, кворум, процедура принятия решений, а также другие вопросы деятельности определяются регламентом, утвержденным Советом.
      5. Председатель Совета:
      1) осуществляет общее руководство деятельностью Совета;
      2) проводит заседания Совета;
      3) подписывает и направляет от имени Совета документы;
      4) представляет в установленном порядке Совет в органах СНГ;
      5) поддерживает и развивает по поручению Совета контакты с органами СНГ, рабочими (исполнительными) органами других международных организаций, ФАТФ и региональных групп по типу ФАТФ в пределах своей компетенции;
      6) содействует обеспечению взаимодействия между подразделениями финансовой разведки;
      7) осуществляет иные действия, связанные с обеспечением деятельности Совета.

5. Секретариат Совета

      1. Организационно-техническое и информационное обеспечение деятельности Совета осуществляется Секретариатом.
      Функции Секретариата выполняет подразделение финансовой разведки, руководитель которого председательствует в Совете, совместно с соответствующим структурным подразделением Исполнительного комитета СНГ.
      Руководителем Секретариата является представитель подразделения финансовой разведки, руководитель которого председательствует в Совете, а заместителем руководителя Секретариата - представитель Исполнительного комитета СНГ.
      2. Секретариат Совета:
      1) организует и обеспечивает проведение заседаний Совета в порядке, предусмотренном настоящим Положением и регламентом. Проведение выездных заседаний осуществляется совместно с подразделением финансовой разведки принимающей Стороны;
      2) готовит поступившие материалы к рассмотрению на заседаниях Совета;
      3) рассылает в установленном порядке предварительную повестку дня и проекты документов, вносимые на рассмотрение заседаний Совета;
      4) обеспечивает своевременное направление документов, принятых Советом;
      5) организует заседание экспертов по рассмотрению вопросов подготовки проектов документов к заседаниям Совета;
      6) ведет протоколы заседаний экспертов;
      7) взаимодействует с подразделениями финансовой разведки государств - участников настоящего Соглашения в части своевременного определения участников заседания Совета и предшествующего ему заседания экспертов по обсуждению вопросов, вносимых на рассмотрение очередного заседания Совета;
      8) осуществляет контроль за исполнением принятых Советом решений, о результатах информирует председателя и членов Совета;
      9) взаимодействует в пределах своей компетенции с другими органами СНГ, а также с соответствующим подразделением Исполнительного комитета СНГ в части согласования и подготовки проектов документов.
      3. Руководитель Секретариата назначается председателем Совета.
      Руководитель Секретариата:
      1) руководит деятельностью Секретариата Совета;
      2) осуществляет организационное и информационное обеспечение деятельности Совета во взаимодействии со структурным подразделением Исполнительного комитета СНГ.
      4. Учет и хранение документов Совета осуществляет структурное подразделение Исполнительного комитета СНГ, представитель которого входит в состав Секретариата.

6. Финансирование

      Расходы, связанные с финансированием проведения заседания Совета, осуществляются за счет соответствующих органов государственной власти принимающего государства-участника настоящего Соглашения.
      Расходы на командирование членов и участников заседания Совета осуществляются направляющими органами государственной власти и организациями государства—участника настоящего Соглашения.