Газды қайтару жөніндегі мәміленің бағасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 672 қаулысы

      «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының негізінде шаруашылық қоғам құрудағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азиялық Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне газды қайтару мақсатында 2014 жылы газды экспортқа өткізу кезінде «ҚазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Газпром» ашық акционерлік қоғамының уәкілетті ұйымы – «GAZPROM Schweiz AG» арасында жасалатын мәміле бойынша газдың бағасы:
      1) 2011 жылғы 7 қаңтардағы Табиғи газды қарызға алу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен жабдықтау үшін 2013 жылы пайдаланылған және «АлматыГазТрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген газды қайтару мақсатында 439 954 354 текше метрге дейінгі көлемдегі ортаазиялық газының тең көлемін «Түрікменстан – Қытай» магистральдық газ құбыры арқылы Түрікменстан Республикасы / Өзбекстан Республикасы шекарасында түрікмен газын және/немесе Өзбекстан Республикасы / Қазақстан Республикасы шекарасында өзбек газын Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну үшін әкелместен, Қарашығанақ кен орнының өңделген газына қарсы жеткізу жолымен – 1000 текше метрі үшін 85 АҚШ доллары;
      2) 2011 жылғы 7 қаңтардағы Табиғи газды қарызға алу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен жабдықтау үшін 2014 жылғы қаңтар-сәуірде жеткізілетін және «АлматыГазТрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілетін газды қайтару мақсатында 770 000 000 текше метрге дейінгі көлемдегі ортаазиялық газының тең көлемін «Түрікменстан – Қытай» магистральдық газ құбыры арқылы Түрікменстан Республикасы / Өзбекстан Республикасы шекарасында түрікмен газын және/немесе Өзбекстан Республикасы / Қазақстан Республикасы шекарасында өзбек газын Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну үшін әкелместен, Қарашығанақ кен орнының өңделген газына қарсы жеткізу жолымен – 1000 текше метрі үшін 85 АҚШ доллары болып белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Об установлении цены сделки по возврату газа

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 июня 2014 года № 672

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 10 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 5 июля 2008 года «О трансфертном ценообразовании», а также Соглашением между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве в газовой отрасли от 28 ноября 2001 года, Соглашением между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве в создании хозяйственного общества на базе Оренбургского газоперерабатывающего завода от 3 октября 2006 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить цены на газ по сделке, заключаемой между товариществом с ограниченной ответственностью «КазРосГаз» и уполномоченной организацией открытого акционерного общества «Газпром» – «GAZPROM Schweiz AG», при реализации газа на экспорт в 2014 году в целях возврата газа товариществу с ограниченной ответственностью «Азиатский Газопровод»:
      1) использованного в 2013 году и переданного товариществу с ограниченной ответственностью «АлматыГазТрейд» в соответствии с Соглашением о займе природного газа от 7 января 2011 года для газоснабжения внутреннего рынка Республики Казахстан, путем встречных поставок равного количества среднеазиатского газа в объеме 439 954 354 метра кубических туркменского газа на границе Республика Туркменистан / Республика Узбекистан и/или узбекского газа на границе Республика Узбекистан / Республика Казахстан по магистральному газопроводу «Туркменистан-Китай» без ввоза для потребления на территории Республики Казахстан на переработанный газ Карачаганакского месторождения – 85 долларов США за 1000 метров кубических;
      2) поставляемого с января по апрель 2014 года и передаваемого товариществу с ограниченной ответственностью «АлматыГазТрейд» в соответствии с Соглашением о займе природного газа от 7 января 2011 года для газоснабжения внутреннего рынка Республики Казахстан, путем встречных поставок равного количества среднеазиатского газа в объеме до 770 000 000 метров кубических туркменского газа на границе Республика Туркменистан / Республика Узбекистан и/или узбекского газа на границе Республика Узбекистан / Республика Казахстан по магистральному газопроводу «Туркменистан – Китай» без ввоза для потребления на территории Республики Казахстан на переработанный газ Карачаганакского месторождения – 85 долларов США за 1000 метров кубических.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство нефти и газа Республики Казахстан.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов