«Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының негізінде шаруашылық қоғам құрудағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азиялық Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне газды қайтару мақсатында 2014 жылы газды экспортқа өткізу кезінде «ҚазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Газпром» ашық акционерлік қоғамының уәкілетті ұйымы – «GAZPROM Schweiz AG» арасында жасалатын мәміле бойынша газдың бағасы:
1) 2011 жылғы 7 қаңтардағы Табиғи газды қарызға алу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен жабдықтау үшін 2013 жылы пайдаланылған және «АлматыГазТрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген газды қайтару мақсатында 439 954 354 текше метрге дейінгі көлемдегі ортаазиялық газының тең көлемін «Түрікменстан – Қытай» магистральдық газ құбыры арқылы Түрікменстан Республикасы / Өзбекстан Республикасы шекарасында түрікмен газын және/немесе Өзбекстан Республикасы / Қазақстан Республикасы шекарасында өзбек газын Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну үшін әкелместен, Қарашығанақ кен орнының өңделген газына қарсы жеткізу жолымен – 1000 текше метрі үшін 85 АҚШ доллары;
2) 2011 жылғы 7 қаңтардағы Табиғи газды қарызға алу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен жабдықтау үшін 2014 жылғы қаңтар-сәуірде жеткізілетін және «АлматыГазТрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілетін газды қайтару мақсатында 770 000 000 текше метрге дейінгі көлемдегі ортаазиялық газының тең көлемін «Түрікменстан – Қытай» магистральдық газ құбыры арқылы Түрікменстан Республикасы / Өзбекстан Республикасы шекарасында түрікмен газын және/немесе Өзбекстан Республикасы / Қазақстан Республикасы шекарасында өзбек газын Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну үшін әкелместен, Қарашығанақ кен орнының өңделген газына қарсы жеткізу жолымен – 1000 текше метрі үшін 85 АҚШ доллары болып белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов